Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет17/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   249
Кәсіби қазақ тілі
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
(Прямое и переносное значения слов)
Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі құ-
былыс. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады. Сөздің затты 
немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағынасы деп 
аталады. Тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы бо-
лып  табылады.  Мысалы,  аспан,  жер,  жел,  орман,  бұлт  дегендер 
заттарды атаса, биік, жылы, жақсы дегендер сапаны, ал бару, салу, 
оқу дегендер қимылды атайды.
Сөздің  ауыспалы  мағынасы  бір  заттың  негізгі  атауыш  мағы-
насын  екінші  бір  затқа  атау  етіп  ауыстырып,  қолданудан  барып
туады. Мысалы, Сен менің оң қолымсың (ты моя правая рука) – мой 
помощник, қолы жеңіл (легкая рука) – удачное начало. 
3-тапсырма. Берілген тіркестерді тура және ауыспалы мағы-
насына қарай бөліп жазыңыз.
Алтын сағат, алтын ғасыр, алтын астық.
Терең көл, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім.
Тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті алма.
Ашық аспан, ашық әңгіме, ашық мінез.
Иненің көзі, байлықтың көзі, адамның көзі.
Өткір ой, өткір мінез, өткір көз, өткір пышақ.
Алыс арман, алыс туыс, алыс жер.
Ауыр мінез, ауыр тас, ауыр сөз.
4-тапсырма.  Мақал-мәтелдерді  аяқтаңыз,  орыс  тіліне  ауда-
рыңыз және қандай мағынада қолданылғанын табыңыз.
1. Отан оттан да ..... 
2. Піл көтермегенді, ..... көтереді. 
3. Көп сөз – ... , аз сөз –..... . 
4. Тіл пышақтан да ..... . 
5. От шаласынан, сөз шаласы....... 
6. ...... тасты да уатады.
Керекті сөздер: 
жаман, ыстық, алтын, уақыт, тіл, көмір, өткір.


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет