Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет156/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Кәсіби қазақ тілі
3.  Телевизия  саласының  мамандарын  даярлайтын  оқу  орнын 
атаңыз? 
4. Тележурналистердің жұмысы кімдердің көз алдында өтеді?
5. Телевизия қандай құрал?
2-тапсырма. Мазмұндаңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Бір үйдің теледидары сынып қалыпты. Жөндейтін адамды шақы-
ртып, теледидардың қорабын ашып қараса, іші нан ұнтағына толып 
қалыпты. Мұны жасаған үйдегі 4 жасар кішкентай қыз екені бел-
гілі болды. Анасы қызымен сөйлесіп, неге солай істегенің сұрайды. 
Сонда  кішкентай  қыз:  «Теледидар  экранынан  Африканың  аш  ба-
лаларын  көрген  кезде,  оларға  жаным  ашып,  ас  үйден  нан  әкеліп,
теледидардың  үстіндегі  тор-тор  жеріне  нанды  уатып  салып  тұр-
дым», – деп жауап берген екен...
3-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  қазақ  тіліне  ауда-
рыңыз.
Репортаж  –  журналистік  іс-әрекеттің 
бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теле-
дидар арқылы берілетін, ішкі және халық-
аралық  өмір  оқиғалары  туралы  ақпарат, 
әңгіме. Репортаж оқиға болған жердің то-
пырағында туады. Сондықтан да репортаж 
дегеніміз  –  оқиғаның  өзі.  Репортаждың 
басқа  жанрлардан  ерекшелігі  –  өткен 
оқиғаны  емес,  болып  жатқан  оқиғаны  дәл  сол  сәтте  баяндайды, 
соны суреттейді. Ол жаңадан ғана қонған ғарышкерлер туралы да, 
іске қосылып жатқан құрылыс, жаңа ашылған стадион немесе мәде-
ниет сарайы жайында да, қалай болғанда да болып жатқан оқиға 
ғана баяндалады. Репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып бола-
ды деу дұрыс бола бермейді. Репортаждың мақсаты – болған оқиға-
ны  бұлжытпастан  суретке  түсіру  емес.  Сол  оқиғаның  әлеуметтік 
мәні мен маңызын аша отырып, оқырманның талғамын таба білу. 
Репортаж жазу ісі нақтылықты талап етеді. Репортаж – шын фак-
тілер мен оқиғаларды дәл, іле-шала көрсете алатын жанрдың бірі. 
Сондықтан  репортаж  неғұрлым  шұғыл  (оперативті)  болып,  оқи-


166


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет