Астрономия



бет2/2
Дата15.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#115457
1   2

Астрономияны, космология мен физиканы түбегейлі өзгерткен бірінші жаратылыстық-ғылыми төнкерістің басты қорытындысы - б.з.д. Анаксимандр мен Аристотель бастаған әлемнің геоцентрлік жүйесі туралы дәйекті ілімнің жасалуы болды. Бұл ғылыми төңкерісті Аристотельдікі деп атау өте орынды. Геоцентризмге өту Жер мен ғарыштың ақиқат құрылысын түсіну жолындағы алғашқы және өте қиын қадам болды. Аспанның жергілікті көкжиекпен шектелген көрініп тұрған жартылай сферасы көрінбейтін ұқсас жарты сферамен бүтін аспан сферасына дейін толықтырылды. Барлық аспаңдық сфералық әлемге қарсы қойылған, онда орталық қалыпта орын алъш тұрған қозғалмайтын Жердің өзі де сфералық (шар тәрізді) деп санала бастады.

  • Астрономияны, космология мен физиканы түбегейлі өзгерткен бірінші жаратылыстық-ғылыми төнкерістің басты қорытындысы - б.з.д. Анаксимандр мен Аристотель бастаған әлемнің геоцентрлік жүйесі туралы дәйекті ілімнің жасалуы болды. Бұл ғылыми төңкерісті Аристотельдікі деп атау өте орынды. Геоцентризмге өту Жер мен ғарыштың ақиқат құрылысын түсіну жолындағы алғашқы және өте қиын қадам болды. Аспанның жергілікті көкжиекпен шектелген көрініп тұрған жартылай сферасы көрінбейтін ұқсас жарты сферамен бүтін аспан сферасына дейін толықтырылды. Барлық аспаңдық сфералық әлемге қарсы қойылған, онда орталық қалыпта орын алъш тұрған қозғалмайтын Жердің өзі де сфералық (шар тәрізді) деп санала бастады.

.Жойқын Жарылыс теориясы осы ғаламның қалай пайда болғаны туралы аса маңызды сұраққа аса материалды, ғылыми және нанымды жауап беретін теория. 1929 жылы АҚШ ғалымы Эдвин Хаббл астрономиялық күзетулер мен есептеулер арқылы жер шарынан алыс жұлдыздар мен галактикалар үздіксіз алыстап, қызарып жатқанын байқады және осы негізде Кеңейген әлем түсінігін туғызды. Бұл теория ғалымдар, әсіресе, физиктер арасында кеңінен таралып[10], қазіргі әлемнің басталу тарихы бар деп қабылданды.
Хабблдың есептеулері арқылы, ең алыс галактикалар мен үйіржұлдыздар біздің бақылауымыз тұрғысынан бізден алыстап бара жатыр, олардың бергісіне қарағанда арғысының алыстау жылдамдығы тіпті де зор екен. Демек бұл барша нәрсе бір-бірінен өзара алыстап, әлем кеңейіп бара жатқанын көрсетеді. Егер ғарыштағы жұлдыздар мен галактикалар бір-бірінен алыстап, әлем ұлғайып бара жатқан болса, онда олар кезінде бір-біріне өте жақын болғанын көрсетеді.[11] Физиктер бұдан ары ғылыми қорытынды жасап, онда әлем ең арғы алқашқы сәтте өте тығыз және өте шағын болған деген қорытынды шығаруға болады. Дегенмен, қазіргі технологияның шектемесінен, әсіресе Ірі үдеткіштердің мүмкіндігі әлі де шекті болғандықтан, әлем кеңеюінің алғашқы сәтін тіке/жанама тәсілмен айқын түсіндіру әлі де қиын болып тұр.
Жойқын Жарылыс Теориясына сәйкес, оқиға шамамен 14 млрд жыл бұрын болды. Барлығы космологиялық сингулярлықтан басталады. Ғалам атомдар сияқты өте ұсақ бөлшектерден тұратын, диаметрі бірнеше миллиметр ғана болатын өте ұсақ материялдық объект ретінде ғана бар болатын. Ондағы температура бірнеше мыңдаған градустарға дейін жоғары, өте тығыз болатын. Шексіз ауыр массасы, сәйкесінше, шексіз гравитациялық күшке де ие болды. Міне, осы – сингуляр нүкте болатын. Уақыт та, кеңістік те жоқ болды. Тек сингуляр нүкте болды.
Ғалымдардың айтуынша, объекттің ыстық болғаны соншалықты, белгілі бір уақытта өте үлкен жарылыс орын алды. Бұл үлкен ғана емес, жойқын жарылыс болатын.Жарылыстың бірінші секунды өтпей-ақ, космос 1050 есе кеңейіп үлгерді. Сосын, кеңею жылдамдығы азая бастады, бірақ, әлі алғашқы секунд басталған жоқ. Жарылыс болған алғашқы сәттерде Ғалам үлкен температурада «қайнады». Сосын, бірден суи бастады, бірінші секунд әлі де басталған жоқ болатын.
Кейбір ғалымдар, бұл процесті сингуляр нүктенің кеңеюі деп те түсінідіреді. Неде болса, бір нәрсе анық – ғалам әлі күнге дейін кеңейіп келеді. Шексіздікке қарай. Біз ғалам хронологиясының кезекті нүктесінде тұрмыз.
Шамамен, Жарылыстан соң 3 минут өткенде, өте ыстық тұмандықтар пайда болды. Тек, 300 мың жылдан соң ғана космостағы температура 1000°С-қа дейін төмендеді.
Жарылыстан соң, араға 1 млрд жыл салып температура -200°С-қа төмендеді. Және алып тұмандықтар пайда бола бастады. Кейін олардың бойынан жаңа галактикалар қалыптасты, әр галактикада жаңа жұлдыздар пайда бола бастады. Бұл процестердің бәрі – сингуляр нүктенің жарылуынан кейінгі ұсақ мөлшердегі бөлшектердің тартылуы мен әрекеттесулерінің есебінен жүріп жатты.
Бұл – Қара Құрдым гравитация қуатын жоғалтады деген сөз емес. Яғни, Қара Құрдымдардың тартылысы күшейген сайын, айналасындағы барлық материяларды «жұтып ала» береді. Осының есебінен, Ғалам бастапқыдағыдай температурасы өте жоғары, шексіз ауыр массалы тығыз материялық объектке айналғанша, бұл үдеріс жалғаса беруі мүмкін.
Арадан ұзақ уақыт өтіп, тығыздалған бөлшектер бір мезетте жарылады. Бәрі бастапқыдағыдай қайталанады. Бұл әдетте Жойқын серпіліс деп аталады.
Бұл тарихтың тағы қанша мәрте қайталанатыны, яғни – біз үшін құпия болып қала береді. Өйткені біз соның бір қайталанысында, бір серпілісінде ғана өмір сүреміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет