Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет55/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79

 

Литература

1.  Державин  Н.  С.  Болгарские  колонии  в  России  Болгарские  колонии  в  России.  Таврическая,  Херсонская  и 

Бессарабская губернии. – София, 1914. 

2. Иванова М. Писмени свидетелства за варненските гагаузски и техните шалвари // Български фолклор. – София, 

2004. – № 3.  

3. Иречек К. Няколко бележки върху остатоците от Печенези, Кумани, както и върху тъи наречените народи Гагаузи 

и Сургучи въ днешна България // Периодическо списание на българско книжовно дружество в Средец, год. VII. кн. 32–

33. – Средец, 1889.  

4. Квилинкова Е. Н. Гагаузский народный календарь. – Chişinău: Pontos, 2002. – 184 с. 

5. Квилинкова Е. Н. Гагаузы Молдовы и Болгарии (Сравнительное исследование календарной обрядности, терминов 

родства и фольклора). – Chişinău: Pontos, 2005. – 308 с.  

6.  Квилинкова  Е.  Н.  Традиционная  духовная  культура  гагаузов:  эт

норегиональные  особенности. – Кишинев: 

Buziness-Elita, 2007. – 840 с. 

7. Квилинкова Е. Н. Заговоры, магия и обереги в народной медицине гагаузов. – Кишинев: Elan Inc, 2010.  

8. Квилинкова Е. Н. Гагаузский песенный фольклор – «Грамматика жизни». – Кишинев: Elan Inc, 2011. – 568 с.  

9. Квилинкова Е. Н. Апокрифы в зеркале народной культуры гагаузов. – Кишинев-Благоевград: Tip. Centrală, 2012. – 

600 с.  


10. Квилинкова Е. Н. Православие – стержень гагаузской этничности. – Комрат-София, 2013. Tip. Centrală, 2013. – 

872 с.  


11.  Квилинкова  Е.  Н.  Культ  волка  у  гагаузов  сквозь  призму  этнокультурных  символов. – Кишинев: Tip. Centrală, 

2014. – 472 с.  

12. Кръстева-Благоева Е. Сватбени обичаи на гагаузите в България // Българска етнология. – София, 2000. – Бр. 1.  

13. Малай К. Приход Чок-Мейдан Бендерского уезда // Кишиневские епархиальные ведомости (далее – КЕВ), 1875. 

– № 24.  

14.  Местные  законы  Бессарабии.  Перевод  Ручной  книги  законов  или  так  н

азываемого  Шестикнижья,  собранного 

отовсюду  и  сокращенного  достопочтенны  Немофилактом  и  Судьею  в  Фесалонике  К.  Арменпуло  с  приложением 

Соборной  грамоты  и  господаря  Маврокордата.  Краткое  собрание  законов,  извлеченных  из  Царских  книг  трудами  и 

усердием боярина Андронакия Донича. – Одесса, 1902.  

15. Мошков В. А. Гагаузы Бендерского уезда. Этнографические очерки и материалы // Этнографическое обозрение, 

1901. – № 1.  

16. Национальный архив Республики Молдова (далее – НАРМ).  

17. Полевые материалы автора – Е. Н. Квилинковой (далее – ПМА), собранные в гагаузских селах юга Республики 

Молдова в 2003-2013 гг. и Болгарии (2001, 2003 гг.)  

18. Moldova gagauzların halk türküleri / Toplayan hem hazırlayan E. Kvilinkova. – Kişinöv: Инесса, 2003.  



 

326 

 

З.М. Қодар  

ҚазМемҚызПУ əлеуметтік жəне гендерлік ғылыми-зерттеулер  

институтының директоры, ф.ғ.д., проф. (Алматы қ.) 

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК-МƏДЕНИ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ 

ОТБАСЫ-НЕКЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ 

 

Көшпелі  жəне  рулық-тайпалық  негізде  құрылған  халықтарда  туыстық  байланыстар  қоғамдық 

қатынастың  негізін  айқындайды.  Рулас  ағайын,  туыс,  жақын  туыс,  аталастар  арасында  туыстық 

байланыстан  туындайтын  парыз  бен  қарыз  міндеттер  өте  көп.  Олар  қазақтың  ғұрыптық  салт-

дəстүрлерімен бекітілген болатын. 

Ережелер мен салт-дəстүрлер отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты əрбір кезеңде əр түрлі 

сипатта  көрінуі  мүмкін.  Отбасы  қатынастарындағы  мəнді  құндылықтар  мен  ережелердің  бөлініп 

отыруы,  сонымен  қатар  ресмилікке  жатпайтын  ережелерді  бұзушылық  еліміздің  əрбір  аймағында 

кездесіп  қалады.  Бұлардың  көбі  салт-дəстүрлерге,  олардың  кейбірі,  мысалы,  діни  наным 

айырмашылықтарына, көзқарастарға байланысты болып келеді. 

Қазақтың  дəстүрлі  отбасылық  мəдениетінде  исламдық  элементтер  айқын  болғанымен,  бірақ 

шешуші, əрі басым факторға жеті аталық үрдіс жатады. Жеті аталық үрдіс – қазақтардың неке жəне 

отбасылық  қатынастарының  құрылымының  негізі  болып  табылады.  Бүкіл  əдет-ғұрып  құқығының 

неке жəне отбасы саласын реттеуге бағытталған нормалары мен институттарының негізгі жəне басты 

ұстыны жеті атаға дейін қыз алыспау деп аталады. Яғни жақын туыстар арасында қан араластыруға 

(инцестке) жол бермеу неке жəне отбасы қатынасын реттеуге арналған əдет-ғұрып құқығының басты 

мақсаты болып табылды. Өзге институттар мен нормалар (қалың мал, көп əйел алу, əмеңгерлік жəне 

т.б.) осы ұстынның шеңберінде жүзеге асты.  

Қазақ арасында некенің негізгі формасы дара неке (моногамия) болды, ал көп əйел алушылық – 

полигамия  көбіне  бай-шонжарлар  арасында  ғана  орын  алды.  Қазақтардың  дəстүрлі  неке  салтында 

ажырасу «сұмдық іс» деп есептелді, ал егер əйелі күйеуінің көзіне шөп салып, ажырасудың «талақ» 

деп  аталатын  бұл  себебі  тіпті  масқара  болатын.  Сондықтан  қазақ  арасында  некеден  ажырасу  өте 

сирек болатын. 

Қазіргі  əлемде  мəдениеттің  жаһандануы  жəне  ұлттық  ренессанс  қатар  жүріп  келе  жатыр. 

Жаһанданудың  құрамдас  бөлігі – мəдени  жаһандану.  Мұнда  униформатизация («батыстандыру», 

«америкаландыру») мен ұлттық бірегейлік арасында негізгі талас-тартыс жүріп жатыр.  

XX ғасырдың басынан бастап əртүрлi жасанды, желөкпе ұрандармен əйел теңдiгiн ту етiп көтерiп, 

əйелдердi  отбасы  өмiрiнен  алыстатты.  Оларды  қоғамдық  iстерге  аяусыз  жектi.  Əйел  екi  жақты 

қысымға  түстi:  оларды  табиғи  аналық  мiндетiнен  ешкiм  де  босатқан  жоқ,  əрi  қоғамдық  жұмысқа 

араласуға  тиiс  болды.  Осы  кезiнде  əйелдiң  мойнына  асқар  таудай  ауыр  жүк  артылды:  ол  əрi  бала 

табуға,  əрi  мал  табуға  мəжбүр  болды.  Əйел  мен  ерлерді  теңестірудің  бір  жолы  ретінде  əйелдерді 

трактордың руліне отырғызып, ерлерден қалыспаған қайратты əйелдер дəріптелді. 

Жаһанданудың  арқасында  қазақ  əйелі  бүгінгі  таңда  батыс  мəдениетінен  барынша  əсерленді. 

Қоғамда заман талабына ілесудің өлшемі «жалаңаштану» сияқты көзқараспен өлшенетін болды.  Ал 

орамал  тағып,  ұзын  киім  киіп  жүрген  жандар  замана  көшіне  ілесе  алмай  қатардан  қалып  кеткен 

ескішіл адамдардай бағалануда. 

Нарықтық  экономикаға  көшу  кезеңінде  əйелдер  кедергілері  мен  мүмкіндіктері  мол  өзгеше  бір 

жұмыс күйіне тап болды. Бірақ біздің қоғамда қалыптасқан көзқарасқа қатысты ер адам өз отбасының 

асыраушысы,  ал  əйелдер  отбасы-ошаққасына  жаңа  буынның  тəрбиесімен  шұғылдануы  қажет  деген 

түсінік қала берді. 

Қазір  ер  адамдар  мен  əйел  рөлдерінің  айырмашылығы  аз,  олар  əртүрлі  жəне  кім  қанша  табады, 

үйде кім бала тəрбиесімен шұғылдану керек деген сұрақтарға əртүрлі шешімдер бар. Өкінішке орай 

алдында  айтып  кеткен  көзқарас  біздің  қоғамда  қиындықпен  қабылданып  жатыр.  Нарықтық 

экономика əйелдердің əлеуметтік жағдайына мынадай теріс факторлар бар: 

 – 

əйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейінің осы уақытқа дейін өте басым болуы; 



 – 

35 


жастан асқан əйелдерге мамандық бойынша жұмыс табу өте күрделі; 

 – 


қыздар мен келіншектерге сексуальдық дəмешілдік пен құлшылықтың қауіпі бар; 

 – 


ашық түрде олардың жалақысы жыныс белгілері бойынша азайтылады;  

 – 


ауылда тұратын əйелдердің тұрмысының төмендеуі [1, 15-б.].  

Қазіргі  қазақ  қыздарының  көпшілігінің  білімі,  экономикалық  тəуелсіздігі,  əлеуметтік-кəсіби 

шеберлігі  бар.  Сөйтіп,  ол  өз  тағдырын  өзі  жоспарлы  түрде  ұйымдастыратын  халге  жетті.  Бұл 

мəселенің  оңды  жағы.  Қазақстанда  гендер  мəселелерін  зерттейтін  əртүрлі  ғылыми  орталықтар 

баршылық, оларда əйел құқығы мен бостандығының əр қилы қырлары қарастырылады. Бірақ бүгінгі 

таңда  əйелдер  өз  бойындағы  тамаша  нəзіктікті  жоғалтуы  мүмкін-ау  деген  қауіп  күшейе  түсуде. 



327 

 

Əйелдердің көптеген бастамаларын құптай отырып, олардың тəуелсіздікке деген қадамдарын қолдай 



отырып, дегенмен де қазіргі қыздар  бейнесінде  біздің халықтың дəстүрлі  құндылықтары мен Батыс 

пен Шығыстың қазіргі дүниеге деген қатынасын танытатын белгілерді байқауға болады.  

Неке  əлеуметтік  институт  ретінде  қоғамның  дамуы  мен  өзгеруіне,  оның  қажеттілігіне,  мұң-

мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады. Бүгінгі таңда отбасы-неке қатынастары тек 

біздің  мемлекетіміздің  шеңберінде  ғана  емес,  бүкіл  əлемде  кең  өріс  алуда.  Некесіз  қатынастардың, 

жалған некелердің, толық емес отбасыларының саны артуда.  

Отбасының толық жəне толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата-анасы, балалары жəне 

əдетте,  əкесі  жағынан  да  жəне  шешесі  жағынан  да  аға  ұрпақ  өкілдері – атасы  мен  əжесі  болады. 

Толық  емес  отбасы  балалардың  ата-анасының  біреуінің  ғана  болуымен  сипатталады.  Толық  жəне 

толық емес отбасы тең жағдайда заң жəне мемлекет арқылы қорғалады.  

Біздің  қоғамымыздың  маңызды  проблемаларының  бірі – отбасы  тұрақтылығын,  отбасылық 

қатынасты  нығайту,  жастарды  отбасы-некелік  өмірге  даярлауды  жетілдіру.  Некеге  жəне  отбасына 

қатысты  рухани  өмірдің  жұтаңдығы,  халықтық  дəстүрді  естен  шығару  осал  некенің  пайда  болуына 

əкеліп  соғады.  Статистика  республикамызда  əрбір  үшінші  некенің  бұзылатынын  көрсетіп  отыр. 

Олардың басым көпшілігін мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасылар құрайды. Тарихқа көз 

салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған. Себебі, халық некеге орнықты, 

мəңгілік  институт  ретінде  қарады.  Мұндай  жағдай  жұбайлардың  төзімділігін,  бірін-бірі  сынап-

мінеудің аз болуын жəне тұтастай отбасының тұрақтылығын қамтамасыз етті. 

Ажырасуға  түрткі  болатын  ерлі-зайыптылардың  бір-біріне  деген  адалдығы,  ата-аналарымен 

қарым–қатынастың  дұрыс  болмауы,  махаббатсыз  үйлену,  яғни  алып  қашу,  тұрмыстық  қиыншылық 

секілді  негізгі  себептер  бар.  Осының  ішінде  мамандар  ажырасудың  ең  басты  себебін  екі  жастың 

арасындағы  махаббаттың  тұрақсыздығымен,  рухани  адамгершілік  қатынастағы  қайшылықтардың 

күшеюімен  де  байланыстырады.  Жағдайдың  тағы  бір  ұшы  сүйіп  қосылған  екі  жастың  бір  баланың 

тəтті  күлкісіне  зар  болуына  келіп  тіреледі.  Бүгінгі  экология  ма,  дəрігерлер  соңғы  жылдары 

бедеуліктің  əйелдер  ғана  емес,  еркектердің  арасында  жиі  кездесіп  жатқанын  алға  тартады.  Бұл  да 

еліміздегі отбасындағы тұрақтылықтың сақталуына қажетті көңіл аударатын жағдайлардың бірі. 

Қазақстан Республикасында көптеген мемлекеттердегідей моногамды неке ғана танылады, алайда 

полигамды некені де танитын мемлекеттер аз емес. Қазіргі таңда мемлекеттердің құқықтық жүйелері 

некенің бір моделін ғана таңдап отыр. Континенталды жəне англо-американдық жүйелер моногамды 

некені,  мұсылмандық  құқыққа  ие  елдер  мен  Африка  елдері  полигамды  некені  заңды  деп  таниды. 

Алайда  құқықтық  нормалар  мен  əдет-ғұрыптың  өзара  сіңісуі  неке  одағының  екі  моделін  де  тануға 

əкеп соқтырды. Америка жəне Европа елдерінде түрлі сексуалдық топтардың көбеюіне байланысты 

бір  жынысты  (əйел  мен  əйел  немесе  еркек  пен  еркектің  арасындағы  неке)  тұлғалардың  некелерін 

тіркеу  керектігі  жөнінде  пікірлер  айтылуда.  Ал  бұл,  неке  табиғатына  мүлдем  қайшы  келеді.  Бірақ 

қазіргі таңда мұндай неке түріне заңмен рұқсат ететін Голландия секілді елдер де бар. 

Нарықтық қатынастардың дамуы жəне шетелге көзсіз еліктеумен бірге материалдық құндылықтар 

алдыңғы кезекке қойыла бастады. Соның салдарынан жас қыздарымыз басында үйі, «жағдайы бар» 

жігіттерді ғана таңдауға айналды. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» дегендей, қиындықты бірге 

көре жүріп, бірге шаңырақ қаласуға қазір ешкімнің көнгісі жоқ.  

Отбасылық  қарым-қатынас  ұғымы  мəнін  өзгертіп,  деградацияға  ұшырай  бастаған  Америка  мен 

Еуропа елдеріндегі жағдай күн өткен сайын ушыға бастаған. Адам еркіндігін ту етіп көтергендердің 

бір  жыныстық  неке,  жынысын  өзгерту,  бірнеше  мəрте  ажырасу  секілді  əрекеттер  үйреншікті 

жағдайға айналып келеді.  

Бүгінгі  таңда,  Қазақстанда  отбасылық  құндылықтарды  дəріптеп,  қалпына  келтіруге  күш  салу 

жөніндегі  əңгіме  жоғары  мінберлерден  күн  құрғатпай  көтеріліп  жүр.  Депутаттар  тарапынан  бір 

кездегі «бойдақтар салығын» қайта жаңғырту, 21 жастан бастап отбасын құруды насихаттау жөнінде 

ұсыныстар  білдірілді.  Қысқасы,  неке  жəне  отбасы  институтын  нық  қалыптастыруға  маңыз  беріп, 

дəстүрге негізделген қазақы отбасын қалыптастыратын уақыт жетті.  

 

Əдебиеттер: 

 

1.



 

Қазақстан əйелдерінің құқығы. Қазақстандағы адамзат өркендеуі туралы есеп беру. – Алматы: Сорос қоры, 2000. – 

20 б. 

 

 

 


328 

 

 



Г.Б. Мадиева  

əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі, филол. ғ.д., проф.;  



А.М. Досанова  

əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, Ph.D (Алматы қ.) 

 

ҚАЗАҚ/АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ «ОТБАСЫ/FAMILY» КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ 

ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Əлемнің тілдік бейнесі − əлемнің мəдени бейнесі негізінде қалыптасатын болмысты, шындықты 

көрсетеді.  Тіл – мəдениеттің  бір  бөлшегі,  сонымен  қатар  мəдениет  те  тілдің  бір  бөлшегі  болып 

саналады.  Тіл  əлемнің  ұлттық  бейнесінде  кездесетін  ұғымдардың  барлығын  белгілей  алмайды,  тек 

қана бейнелейді.  

Əртүрлі  тілдерде  бір  ұғымды  білдіретін  сөздің  семантикалық  қалпы  да  əркелкі  болуы,  əрі  оның 

шындықтың  бөліктерін  бүркемелеп  тұруы  да  ықтимал.  əлемді  əр  түрлі  тілдердегі  тілдік  құралдар 

арқылы  қабылдау  жəне  концептуалдау  барысы  олардың  туыстастығы  жағынан  да  елеулі  болып 

шығуы  мүмкін.  Басқа  сөздермен  айтатын  болсақ,  əртүрлі  тілдерде  əлемнің  бейнелерінің  өзіндік 

ерекшеліктері болады.  

Отбасы/Family  компоненттерінің  мағыналық  топтарына  талдау  жасағанда  екі  тілден  жиналған 

материалдардың  фразеологизмдер  мен  мақал-мəтелдер  көп  кездеседі.  Фразеологизмдер  айналадағы 

қоршаған  заттар  мен  құбылыстарға  тілдік  тұрғыдан  баға  беру,  сипаттау  арқылы  сол  халықтың 

менталитетін,  көзқарасын,  дүниетанымын  аңғартады.  Ол  тілдік  бірліктер  сол  ұлттың  ұрпақтан-

ұрпаққа қалдырылған материалдық жəне рухани мəдениеттерінде ғана сақталған. 

Əр  ұлт  өз  тілінде  дүние,  əлем  туралы  түсініктерін  түрлі  тілдік  фактілер  арқылы  кесіп  пішеді, 

қоршаған  əлемнің  тілдік  əлемі,  негізінен  алғанда,  адамдар  санасындағы  дүниенің  логикалық 

бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым категорияларын 

жасайтын  лексемалардың  толығуына  əсер  етеді.  Сол  ұғым  түрлерінің  тұтастай  алғандағы  атаулары 

тілдің  негізін  құраса, əлемнің, ондағы  құбылыстардың  тілдегі  бейнесінен  ұлт ерекшеліктерін  танып 

білуге  болады.  Ол – ұлттың  ерекшелігін  бейнелейтін  мəдени-ұлттық  коннотациялы  тіркестері, 

өйткені  фразеологизмдердің  пайда  болуына  күнделікті  өмір  мен  өзімізді  қоршаған  заттар  мен 

құбылыстардың бір-бірінің əсерінен туған бейнелі қабылдаудың ықпалы зор. 

Мəдениет – халық  дамуындағы  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  отыратын  ұлттық  құндылықтар 

жиынтығы.  Əр  ұлттың  ана  тілінде  оның  бүкіл  өмірі,  тарихы,  тыныс-тіршілігі,  жан  дүниесі,  яғни, 

мəдениеті  көрініс  табады.  Тіл  мен  мəдениет-қоғам  дамуының  əлеуметтік  азығы.  Тілдің  əлеуметтік 

маңызы  тіл  мен  мəдениетті,  тіл  мен  қоғамды  бірге  алып  қарағанда  ғана  ашылады.  Адамның  жан 

дүниесі  мен  болмысының,  мəдениетінің  қалыптасуына  үлкен  үлес  қосатын  халықтың  баға  жетпес 

байлығы – оның тілі. Тіл – мəдениеттің көзі, ұлт өмірінің айнасы. Тіл мəдениеттен тыс өмір сүрмейді, 

себебі  ол  мəдениеттің  бір  көрінісі.  Ал,  кез-келген  мəдениеттің  түрлері,  атаулары  тіл  арқылы 

бейнеленіп, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі.  

Сонымен,  тіл – халықтың  мəдениеті,  салт-дəстүрі,  қадір  тұтатын  заттары  мен  құндылықтар 

дүниесінің, қоршаған ортаның т.б. өмір сүру үлгілерінен хабардар ететін құрал. Мəдениет – адамның 

тілде көрініс табатын бүкіл рухани өмірі, тəжірибесі. 

Қандай  да  бір  тіл  болмасын  оның  фразеологиялық  қоры  ұлт  мəдениетін,  менталитетін,  ұлттың 

психологиясын  барынша  қамтиды.  Қазақ  жəне  ағылшын  тілдерінің  фразеологиялық  теңеулерін 

жүйелеп,  салыстырмалы-салғастырмалы  талдау  жүргізіп,  баяндау  арқылы  осы  ерекшеліктерді 

анықтауға  деген  қызығушылықты  тудырады.  Діні,  мəдениеті,  тарихы,  əлеуметтік  жəне  саяси  даму 

жолдары  бөлек  ағылшын  жəне  қазақ  халықтары  тілдеріндегі  фразеологиялық  теңеулерді  салыстыра 

зерттеу  арқылы  олардың  бойындағы  ұлттық-мəдени  ерекшеліктерін  айқындау,  ортақ  айшықтарын 

табу, теңеулердің жасалуына негіз болған уəждерді ашып көрсету, мағына қалыптасу жолдарындағы 

ерекшеліктерін салыстыра қарастыру соңғы жылдары аса үлкен қызығушылықты тудырып келеді.  

Мақала  жазу  барысында  біз  қазақ  жəне  ағылшын  тілді  респонденттерге  əлеуметтік-

лингвистикалық  зерттеу  жүргізіп  көрдік.  Сауалнамаға  барлығы  əртүрлі  жастағы – 60 респондент 

қатысты.  Мақсатымыз  Отбасы/Family  лексикалық  бірлігін  қалай  түсінетінін,  оның  синонимдік 

қатарын  беруін,  осы  компонентті  тілдік  бірліктерді  білуін,  отбасы  құндылығы  деген  не,  отбасының 

қоғамдағы əлеуметтік рөлін анықтау болды.  

Ғалымдар  тілдік-логикалық  бірліктерді  меңгеру  үшін  лексика-семантикалық  топтарға  жіктеген 

дұрыс дейді.  

Лексика-семантикалық  топ  деп  мағыналық  құрылымындағы  ортақ  бір  семантикалық 

компоненттің негізінде біріккен қандайда бір тақырыпты атаймыз. 

Отбасы  лексикалық  бірлігінің  ассациативтік  санадаға  бейнесін  төмендегі 1-суреттен  анық 



329 

 

байқауға  болады.  Төмендегі  суретке қарап  отбасы  қазақ  танамында  өте  үлкен  орын  алатынын  жəне 



оның  сементикалық  топтары  өте  көп  екенін  байқатты.  Қазақ  танымында  отбасы  ұғымы  тек  қана 

туысқандық  қатынастағы  бірнее  адамның  бірлесіп  өмір  сүру  ортасы  ғана  емес,  сондай-ақ 

философиялық ұғымдардың жиынтығы екенін байқатты. 

 

 



 

1-сурет. Отбасы сөзінің санада бейнеленуі 

 

Қазақ  респонденттерден  жалпы  алғанда 56 тілдік  бірлік  жинақталды,  оларды  артты  түрде 5 



лексика-семантикалық топтарға: а) мекен-орта, ə) туысқандық қатынас, б) адами қатынастар, в) сезім-

эмоция,  г)  рухани,  материалдық  жағдай  бойынша  жіктедік.  Төмендегі 1-кестеде  олардың  барлығы 

бейнеленген. 

 

Кесте 1. Отбасы концепісі аясынан туындаған ұғымдар 



Мекен-орта 

Туысқанд


ық 

қатынас 


Адами 

қатынастар 

Сезім-эмоция

Рухани 


материалдық  

жағдай


жанұя 

ата-анам 

бауырмашылд

ық 


махаббат

көмек


Шаңырақ 

əке-шешем 

түіністік

неке


қамқорлық

қара 


шаңырақ 

туысқанда- 

рым 

сыйластық



сүйіспеншілік

еңбек 


бір  шатыр 

астында 


өмір 

сүру 


əпке-

ағаларым 

тəрбие

шаттық


жақсылық

өз үйім 


сіңілі-

бауырларым 

тазалық

мейірімділік



байлық

таныс үй 

асылдарым 

адалдық


аялы алақан

қолдаушы


өскен ортам 

ең  жақын 

адамдарым 

жауапкершілік

бақыт

рухани 


байлық 

көңілді орта 

асылдарым 

мəртебе


қуаныш

өмір мəні

тұрағым 

ата-əжем 

дəреже

жылулық


 

ыстық ұям 

 

абырой


сезім

 

отан 


 

бірлік


сені 

жақсы 


көретін жандар

 

Отбасы


әулет

Мейірім


шуақ

Адалдық,


беріктік

Өмір мәні

Бірлік,

ынтымақ


Жауапкерші

лік


Мәртебе,

құрмет


Жанұя, 

ыстық мекен

Қорғаныш

Көмек қолын 

созу 

Бақыт, 


Сүйеніш

Неке


махаббат

Ата-ана


Бала-шаға

330 

 

тал бесік 



 

мақтаныш


 

əулет 


 

сенім


 

орны  толы 

орда 

 

құрмет



 

 

 

2 – сурет. Family сөзінің санада бейнеленуі 

 

Екі  тілдегі  отбасы/family  концептісіне  қатысты  санада  бейнелеген  таным  мен  қалыптасқан 

түсініктер жиынтығы оларды саналы түрде бірнеше семантикалық топтарға жіктеуге болатындығын 

көрсетті.  Отбасы/family  концептілері  базалық  концептілер  бола  отырып,  олардың  түрлері,  қызметі, 

отбасын  құратын  тұлғалар  арсындағы  қарым-қатынас,  отбасы  жəне  неке,  отбасылық  құрылым, 

ортасының  қоғамдағы  рөлі,  отбасының  əлеуметтік  рөлі  бойынша  қалыптасқан  фреймдерді 

төмендегідей топтардан табамыз.  

1. Famіly – қамал, қорған мағынасында: a chip off the old block

2. Famіly – қан мағынасында: one's own flesh and blood; 

3. Famіly – жеміс ағашы мағынасында: as the tree, so the fruit; 

4. Famіly – қауымдастық мағынасында: one scabbed sheep is enough to spoil a flock. 

Сондай-ақ  ағылшын  танымында  отбасы  концептісінің  алатын  орны  ерекше.  Отбасылық 

қатынаста ата-ананың алатын рөлін бірнеше семантикалық топқа бөлуге болады: 

 



бір жағынан ол жалпы ұқсастық белгілеріне қара бөлінсе; 

 



екінші, туысқандық, пайда болушылық, адамдардың қауымдастығы, «бірлік», «ортақ ой, 

бірлескен шешім» мағынасында;  

 

үшінші «иерархия», «құрылымдық жүйе» мағынасында көреміз. Жалпы алғанда Family 



– топ, қауымдастық, белгілі бір фундаменталды жүйесі бар генетикалық туыстығымен сипатталады. 

Ағышын  танымында  отбасы  деген  тек  ең  жақын  туысқан  адамдардан  ғана  тұратын  топ.  Əке-

шешесі,  аға-қарындасы,  інісі  мен  сіңілісі.  Əйелі  мен  күйеуінің  қатынасында  екеуі  бір  адамдардай 

тұлға,  екеуінің  де  отбасында  өзіндік  рөлі  бар,  əсіресе,  əйел  адам  өте  эмоционалды  түрлі  образды 

жасай алатын, əрі мейірімді, əрі қатал адам ретінде көрінеді. 

Н.Ə.  Назарбаев: «Отбасында  адам  бойындағы  асыл қасиеттер  жарқырай  көрініп,  қалыптасады. 

Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».  

Көшпелі  жəне  рулық-тайпалық  негізде  құрылған  халықтарда  туыстық  байланыстар  қоғамдық 

қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір əке 

баласы  арасында  туыстық  байланыстан  туындайтын  парыз  бен  қарыз  міндеттер  өте  көп.  Олар 

қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген. Отбасында негізгі туыстық қатынас – ерлер жағымен 

есептелген. Сонымен қатар əйел жағымен де туыстық байланыстардың  атаулары бар. Қыздан туған 

балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ 

салты  бойынша  жиенді  ренжітуге  болмайды,  сұрағанын  беріп,  көңілін  жықпауға  тырысқан.  Жалпы 

алғанда,  қазақтың  туыстық  қатынас  атаулары 90-ға  жетеді.  Көнекөз  шежіреші  қариялар  бір  атадан 

келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи 

оқиғалар,  аңыз-əңгімелер  атадан  балаға  жалғастырылады.  Туыстық  жүйенің  ең  негізі,  бел  ортасы – 

Family


Kids

Love


Parents

House


Sister/brother

Status


Peace 

Big deal


Relatives

331 

 

отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі. Қазақ отбасы негізінен 



үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, əке, бала. Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, 

ақылшысы  болып  келеді.  Олардың  əрқашанда  мəртебесі  биік  болып,  сый-құрметке  бөленген. 

Өйткені,  үлкенді  сыйлауды  қадір  тұтқан  қазақ  салты  бойынша  көргені  мен  тұрмыста  түйгені  көп, 

тəжірибесі  мол  адамның  сыйға  бөленуі  заңды  құбылыс  деп  танылған.  Үлкенді  сыйлау,  ақылын 

тыңдау көргенділік деп есептеледі. 

Сонымен,  қазақ  жəне  ағылшын  тілдеріндегі  отбасы/family  концептілерін  салыстыра  келе, 

алдымызға қойған міндеттерге сəйкес мынандай тұжырымдар шығаруға болады: 

 



отбасы/family  концептілерінің  лексика-сематикалық  ерекшеліктерін  анықтау  бойынша 

ғылыми-теориялық  еңбектер,  жүргізілген  сауалнама  нəтижесі  бойынша  қазақ  тілінде 56 

семантикалық өріс, ағылшын тілінде 17 семанткалық өріс берді. Оларды шартты түрде 5 лексикалық 

топтарға жіктедік; 

 

отбасы/family  концептілерінің  этнолингвистикалық  табиғатына  концептілілік  талдау 



жасау  бойынша  екі  ел  мəдениеті  салт-дəстүр,  өмір  сүру  барысындағы  отбасының  əлеуметтік 

мəртебесі,  қоғамдық  рөлі,  онық  қызметі,  отбасындағы  əйел  мен  еркек  қатынасы,  екі  мəдениетте  де 

отбасы  аса  ерекше  мəнге  ие,  өзіндік  қалыптасқан  институтционалды  əмбеп  жүйе  екені  расталды. 

өзіндік заңдары мен қағидалары бар, отбасының түрлері мен құқықтық негізі жан-жақты анықталды; 

 

отбасы/family  компонентті  тілдік  бірліктерді  (сөздер  мен  сөз  тіркестері,  фразеологиялық 



тікестер)  салыстыра-салғастыра  талдап,  олардың  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  айқындау 

бойынша қарастырғанда, отбасы концептісіне қатысты екі халықтың да тілдік санасында отбасының 

табиғатын  оның  адам  өміріндегі  маңызын,  қалыптасып  қалған  өмір  заңдылығы,  əйел  мен  еркек, 

отбасы мен қоғам, ата-ана мен бала, тəрбие мен мораль мəселелеріне қатысты тілдік бірліктер өте көп 

жиналды, мүмкіндігінше талданды. Алайда қазақ тіліндегі материалдар өте көп болды.  

Екі мəдениетіндегі бұл ұғымның басты ұқсастықтары мен айырмашылықтарына келер болсақ: 

а) қазақ танымында ағылшындарға қарағанда отбасында ер адамның рөлі басым, ер адам мемлекетті 

тіреуші,  отбасының  алтын  діңгегі  іспеттес  барлық  билік,  мəртебе  сол  адамның  қолына 

шоғырланғанын  байқаймыз;  ə)  əйел  адам  отбасының  ұйытқысы,  береке-бірлікті  сақтаушы,  асқан 

мейірімге  толы  ардақты  ана  ретінде  көрінеді;  б)  отбасындағы  балаларға  аса  үлкен  мəн  беріліп, 

əсіресе, ер баланың басымдығы байқалады. 

а) ағылшын танымында ер мен əйел теңдігі мəселесі бірдей, яғни теңдей дəрежеде құқыққа ие; ə) 

олар  көбінесе  салқынқанды,  тұйық,  өзгенің  отбасына  араласпайтын  жəне  өзінің  отбасына  да  бөгде 

аламдарды  араластырмайтын  жандар;  б)  неке  басты,  маңызды  көрсеткіш  емес,  заңды  түрде 

некелеспеседе бір отбасымыз деп өздерін санай алады.  

Ұқсастықтары отбасын құру маңызды деп санайтындықтарында, бала тəрбиесіне көп көңіл бөле 

алатындығында, отбасын бір əулет, яғни бір династия «қан» ретінде түсінетіндіктерінде. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет