Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА САЙ МӘТІНДЕРДЕГІ КОНЦЕПТІЛІК



Pdf көрінісі
бет153/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   204
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА САЙ МӘТІНДЕРДЕГІ КОНЦЕПТІЛІК 
ЖҮЙЕ 
 
Аннотация:  мақалада  жаңартылған  білім  беру  мазмұнына  сай  құрылған    мектеп 
оқулықтары  мәтіндеріндегі  концептілік  жүйені  көрсетуге  талпыныс  жасалды.  Концепт, 
концептілік жүйе, метафизикалық концепт, ұлттық-мәдени концепт, эмоциналды концепт 
секілді  тілдік  оралымдарға  түсініктеме  мен  ғалымдардың  пікірлері  беріліп,  әр  қайсына 
бірнеше  мысалдар  келтірілді.  Сондай-ақ,  оқулықтағы  мәтіндерден,  қазақ  халқының  ешбір 
халықты  жатырқамайтын,  кеңпейіл,  жанашыр,  бауырмал  халық  екендігін  дәлелдейтін 
дәлелдей түсетін бірнеше мысалдар келтірілді.  
Тірек  сөздер:  концепт,  когнитивтік  лингвистика,  антропоцентризм,  концептілік  жүйе, 
жаңартылған білім мазмұны. 
 
Тіл – күрделі құбылыс. Адамның шындық болмысты тануы,  ақиқатқа деген көзқарасы, 
дүниені  қабылдауы  тілде  бейнеленеді.  Тіл  арқылы  адам  санасында  дүниенің  тілдік  бейнесі 
жасалады.  Тілдегі  адам  факторының  орнын  белгілеуді,  яғни  тілдің  табиғатын  адам 
табиғатымен  тығыз  байланыста  қарауды  қажет  ететін  тілдің  антропологиялық  лингвистика 
саласы  өз  бастауын  Вильгельм  фон  Гумбольдтің  лингво-психологиялық  концепцияларынан 
алған  болатын.  Ғалымның  пайымдауынша,  адамның  өзін-өзі  тануы  –  адамды  адам  етіп 
тұрған  күш-қуат  көздерін  анықтау  деген  сөз.  Ал  тіл  –  адамды  «жасаушы»  сондай 
бастаулардың  бірі.  Адам  баласының  шығармашылық  мүмкіндіктерін  барынша  терең 
көрсететін де, адамды адам ретінде танытатын да – тіл [1,55]. 
Қазіргі  тіл  білімінде  осы  бағыттағы  зерттеулер  кешенді  сипатта  антропоцентристік 
және  когнитивтік  лингвистиканың  «ғаламның  тілдік  бейнесі»  теориясының  негізінде 


272 
 
жүргізілуде.  Себебі  тілді  зерттеудің  танымдық  парадигмасы  «дүниені  тіл  әлемінде  тану» 
қағидасына сай бағытта жүргізілуі тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі болып  табылады 
[2,161].  «Ғаламның  тілдік  бейнесі,  тілдік  көрінісі»  дегеніміз  –  тілдің  лексикасында, 
фразеологиясында,  грамматикасында  таңбаланған,  «құлыпталып»  бекітілген,  сақталған  тіл 
иесінің  күллі  дүние,  әлем,  ғалам  туралы  білімдерінің  жиынтығы.  Сыртқы  дүниедегі 
құбылыстар  мен  заттар,  шындық  болмыс  адам  танымында  «мәндік  өріс»,  «мағыналар 
жүйесі»  ретіндегі  ішкі  образ  түрінде  орнығады  Олай  болса,  ғалам  бейнесі,  ғалам  көрінісі 
дегеннің өзі образдар жүйесі ретінде танылады» [3,66].  
Санадағы ұлттық таным мен жалпы танымды зерттейтін тілдің саласы – когнитивті тіл 
білімі. Когнитивтік ғылымның басты мәселесі – адамның білімін жүйелеу. Адамның барлық 
танымдық  әрекетіне  дүниені  тануға  бағытталған  бір  дамушы  үрдіс  ретінде  қарау  керек, 
себебі бұл әрекеттер нысанның ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратудан басталады. Бұл 
әрекеттердің нәтижесінде концепт қалыптасады. Дүниенің тілдік бейнесін ұлттық мәдениет 
контексінде қарастырған А.Ислам: «Концепт дегеніміз – ұлттық дүниетанымның ықшам да, 
терең  мағыналы  дүниетаным  құндылықтарын  айқындайтын  тілде  көрініс  тапқан  күрделі 
бірлік.  Әр  ұлттың  концептілер  жүйесін  дүниетаным  құндылықтары  құрайды.  Концептілер 
бір-бірімен  тығыз  байланыста  болып,  бір-бірінен  туындап  отырады.  Әр  қоғамның  даму 
кезеңдерге  сәйкес  тіл  мен  мәдениет  иелерінің  абстрактілі  концептілерді  танып  түсінуінде 
өзгерістер  болғанымен,  негізгі  мәдени,  дүниетанымдық  мәні  өзгеріссіз  ұрпақтан-ұрпаққа 
беріліп отырады», – деп санайды [4,12].  
Ал  концепт  санада  белгілі  бір  концептілік  жүйе  арқылы  қалыптасады.  Концептілік 
жүйе  иерархиялы  (сатылы)  құрылымнан  тұрады:  1)  дүниенің  қасиеті,  белгілері  (сенсорлы 
перцептивті  қабылдау);  2)  когнитивтік  модель  (ассоциация,  бейне,  символ,  этикет,  эталон, 
стереотип формаға ие болуы); 3) концепт типтері (фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойсурет 
формасына  салынуы);  4)  дүниенің  тілдік  бейнесі  (метафора,  фразеологизм,  сөз,  сөйлем, 
поэтикалық мән)» [2,10] 
А.Б.  Әмірбекова  концептілік  жүйе  мен  когнитивті  модельдің  тығыз  байланысынан 
концептінің  құрамдас  бөліктері  туындайды  деп  санайды.  «Біздің  пікірімізше,  дүниенің 
концептілік бейнесін көрсететін негізі тірек – концептілік жүйе. Концептілік жүйе ішкі және 
сыртқы  құрылымдардан  тұрады.  Ішкі  құрылымы  концептіні  танытуға  бағытталған 
құрылымдар:  фрейм,  сценарий,  ойсурет,  сызба;  ал  сыртқы  құрылымы:  сөз,  фразеологизм, 
метафора,  сөйлем,  тіркес,  метонимия  т.б.  Концептілік  жүйе  қалыптастыруда  санадағы  ішкі 
құрылымдар  белгілі  бір  когнитивті  модельге  салынып  жинақталады.  Когнитивті  модель 
автор  танымындағы  символ,  бейне,  прототип,  этикет,  эталон,  ассоциативтік,  стереотиптік 
бірліктер мен инсайт таңбалар арқылы қалыптасады» [2,28].  
Халық  өз  даналығын,  таныған  қазынасын  тілінде  көрсеткен.  Кез  келген  халықтың 
ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады. Демек, әр ұлттың болмыс-тіршілігінің, 
мәдениетінің құпия сырлары ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын тіл арқылы ашылады. 
Адамзат  үшін  ақиқат  дүние  біреу  болса,  оны  түсіну,  тану,  сол  дүниенің  біртұтас  бейнесін 
санада қалыптастыру әрекеттері әр адамда, әр ұлтта әр деңгейде сан алуан интерпретацияда 
беріледі.  Сондықтан  тіл  иесінің  ой-өрісіне,  концептілік  әлеміне  байланысты  дүниенің 
танымдық  бөлшектері  тілде  өзінше  көрініс  табады,  өзінше  бейнелеп  суреттейді,  ал  тіл  иесі 
танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады. 
Мақаламыздың  ғылыми  нысаны  ретінде  Қазақстан  Республикасының  Білім  және 
ғылым  министрлігі  бекіткен  негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  5-9  сыныптарына  арналған  
жаңартылған  білім  мазмұнындағы  Типтік  оқу  бағдарламасына  сай  дайындалған  оқулықтар  
қарастырылды  [5].  Оқулықтарда  кездесетін,  ғаламның  тілдік  бейнесі  ұлттық  болмыстың 
өзіндік  ерекшеліктерімен  айқындалатын  көркем  мәтіндер  зерттеу  нысанына  айналды. 
Мемлекетіміздің  білім  беру  үдерісіне  енген  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  –  заман 
талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. 


273 
 
Жаңартылған білім мазмұнының мақсаты – жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру 
үшін  білім  берудің  жаңа  парадигмасына  сай  оқытудың  тиімді  стратегияларын  қолдана 
отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру [6].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет