Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


    ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСНАМА, ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ



Pdf көрінісі
бет159/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   204
 


276 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСНАМА, ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ 
 
ӘОЖ 371.2/3 
АБДРАИМОВА АСЕМ ГАБИТОВНА 
СИНБАЕВА ГҮЛЬФАЙРАЗ КИНЖИБУЛАТОВНА 
АЙТЖАНОВА ЖАНАТ АЯНОВНА 
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
Петропавл, Қазақстан 
a.gabitovna95@mail.ru

gksinbaeva@mail.ru 
 
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ӘДІСТЕРІ 
 
Аннотация:  білім  беру  саласы  қызметкерлердің  алдына  қойылып  отырған 
міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  қазіргі 
заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық 
және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы 
әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. 
Оқытудың  инновациялық  технология  бойынша  әдістемелік  жүйесі  сапалы  нәтижеге 
жеткізуге  мүмкіндік  беретін  танымдық  іс-әрекеттер  түрлерінің  мазмұнымен  тікелей 
байланысты.  Сондықтан  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  оқыту  үдерісіне  енгізу  барысында 
танымдық  іс-әрекеттертүрлерінің  мазмұнын,  белгілі  деңгейде  белсенділігін  көздейді.  Осы 
екі  үдерісінің  өзара  сапалы  нәтижесінде  оқушының  өз  ісіне  сенімділігін,  жауапкершілік 
сезімін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады. 
  Тірек  сөздер:  әдіс-тәсілдер,  әдістеме,  педагогикалық    технологиялар,  инновациялық  
технология, білім  беру, ұлттық мектеп. 
 
Қазақ  тілінен  білім  беру  әдістері  сан  алуан.  Осы  әдістерді  методикада  жіктеп 
көрсетудің  мәні  зор.  Жіктеп  көрсетуде,  біріншіден,  оқушыға  берілетін  білімнің  сапасы 
артады,  екіншіден,  оқушымен  жүргізілетін  жұмыстың  дәлдігі  нығаяды,  үшіншіден, 
мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді. Әрине, білім беру әдістерін таңдап қолдану, оны 
қай  уақытта  іске  асыру  және  білім  әдістерін  қай  материалға  байланысты  сұрыптап  алу 
методиканың  қиын  әрі  күрделі  мәселелері.  Қазақ  тілінен  білім  беру  әдістерін  топтастыру 
методиканың соңғы жетістіктеріне негізделеді. 
Мұғалім  әртүрлі  әдістерді  шеберлікпен  меңгере  білсе,  күнделікті  сабақтың 
тақырыбына,  мазмұнына  қарай  күніне  6-7  әдісті  бір  сабақта  пайдалануға  болады.  Мысалы, 
түсіндіру  әдісі,  баяндау  әдісі,  сұрақ-жауап  әдісі,  көрнекілік  әдісі,  техникалық  әдісі, 
техникалық  жұыс  істеу-компьютерді  пайдалану  әдісі,  жаттығу  әдісі,  үйге  тапсырма  беру 
әдісі, т.б. жұмыстармен аяқталады. 
Тағы да бір сабақта: блокпен түсіндіру әдісі, проблемалық сұрақтар қою әдісі, жаттығу 
әдісі деңгейлеп оқыту әдісі, (даралап, саралап оқыту, тапсырма беру), демонстрациялық әдіс 
(экранды  пайдалану  немесе  осы  жерде  интерактивті  тақтамен  жұмыс  істеу)  қайталау, 
пысықтау  әдістері-тапсырмалар,  тестпен  жұмыс  істеу  әдісі,  т.б.  әдістерді  пайдалану 
жолдарын көрсеткен сабақ жоспары жасалады [1, 28]. 
Қазіргі  таңда  шетелдің  оқыту  саласына  қосып  отырған  жаңалықтарынан: 
компьютермен  оқыту  әдісін,  интерактивті  тақтамен  оқыту  әдістерін,  ересектерді  (өзге  ұлт 
өкілдерін)  оқыту  әдістерін  пайдалануға  болады.  Олай  болса,  оқыту  әдістемесіне  қосылған 
жаңалықтарды  зерделей  отырып,  оны  орынды,  тиімді  пайдалана  білетін  психологиядан, 
педагогикадан,  методикадан  білімді  ұстаздар  қазақ  тілін  оқыту  әдістемелеріне  үлес  қоса 
береді деген үміттеміз. 
Қазақ  тілінен  саналы  әрі  тиянақты  алған  білімдерін  іс  жүзіне  асыруда  жүйелі  жұмыс 
тәртібі  үлкен  рөл  атқарады.  Сондықтан  өнімді  әдістерді  әдістеме  қағидаларына  сәйкес 


277 
 
жүргізіп  отыру  мақсаты  көзделеді.  Сондықтан  өнімді  әдістерді  методика  қағидаларына 
сәйкес  жүргізіп  отыру  мақсаты  көзделеді.  Жоғарыда  айтылған  әдістерді  іске  асыру  арнайы 
таңдалған  материалдар  негізінде  жүргізілетін  жұмыстың  психологиясына  байланысты. 
Әдістің  қолданылу  жүйесі  білім  алу  көздеріне  негізделе  отырып,  әдістемелердің  басты 
процестерін  ескереді:  1)  әдістің  іске  асырылу  жүйесі  объектіні  меңгертудің  психологиялық 
басқыштарына  қатысты.  Мұғалім  мен  оқушының  қарым-қатынасы  бойынша  бұрын  өтілген 
материалдар  мен  жаңадан  өтілетін  объектілер  жөнінде  оқушыларда  белгілі  дәрежеде  ұғым, 
түсінік пайда болады. Бұл кезде өтілген материалдар оқушылар ойында сәулеленеді. Белгілі 
бір  объекті  логикалық  ойлаудың  тәсілдері  мен  екінші  сигнал  жүйелері  қорытындысы 
жасалады. «Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі», - деп М. Жұмабаев айтқандай, баланың 
логикалық  ойлауы  арқылы  тіл  дамыту  үшін,  мұғалімге  оның  теориясын  терең  білу  міндеті 
жүктеледі.  Ой  қорытындысын  жасауға  сабеп  болатын  бастапқы  басқыш  осы  сәулеленуден 
туады. 
Белгілі  бір  грамматикалық  тақырыптарды  өту  үстінде  әдістер  жиынтығы  бірімен-бірі 
кірігіп,  көгенделіп  байланысып  отырады.  Мұндайда  әдістің  екі  түрлі  қызметі  ескеріледі:  а) 
толық  элементті әдіс; ә) аралас элементті  әдіс. Толық  элементті әдіс тілдік материалдардан 
білім  беруде  өзінің  ішкі  құрылымын  істің  өн  бойында  бүтіндей  сақтайды.  Сөйтіп 
оқушыларға ториялық білім мен практикалық дағды беруде жетекші қызмет атқарып, белгілі 
бір  әдіс  жүйесінде  дараланып  отырады.  Ал  аралас  элементті  әдістер  білім  беруде  жаппай 
қатысып, әрбір әдіс элементтерінің тиісті орында қызмет атқарғандығы сезіледі. Материалды 
түсіндіруде  өтілгенді  еске  түсіру  үшін,  талдау,  түсіндіру,  хабарлау  әдістері,  көрнекілік 
тәсілдері,  әңгіме  әдістерінің  элементтері  қолданылады.  Түрлі  әдістер  элементтерінің 
қосылуы  теориялық  материалдардың  меңгерілуіне  жағдай  жасайды.  Әдісті  іске  асыруда 
негізгі  мақсаттармен  бірге  тақырыпқа  сай  ескерілетін  принциптерді  ұмытуға  болмайды. 
Мәселен,  қазақ  тілі  тақырыптарын  оқыту  үстінде:  а)  әдіс  элементтерін  ұштастыру;  ә) 
оқушылардың  зейінін  қазақ  тілі  тақырыптарына  аудару;  б)  тақырыптың  өзіндік  белгілерін 
тірек  ету;  в)  тақырыптың  әсерлілігі  мен  мәнерлілігін  күшейту;  г)  ауызша  сөйлеу  дағдысын 
арттыру;  д)  жазу  сауаттылығын  арттыру;  е)  оқушылардың  өз  бетіне  жұмыс  істеу 
белсенділігін саналылығын күшейту т.б. қадағалаған жөн [2, 162]. 
Оқыту  әдістерін  таңдау  әдетте  сабаққа  оқу  материалының  мазмұнын  таңдаған  кезде 
жүреді.  Ол  дидактикалық  мақсатқа,  оқушылардың  білім  деңгейіне  мұғалімнің  өзінің 
дайындық деңгейіне байланысты . 
Әңгіме  –  оқу  материалын  ауызша  баяндау.  Сөз  өнерінің  айшықты  болуы  сөздің 
дұрыстығына,  тілдің  анықтығына,  дәлдігіне,  көркемділігіне,  тіл  тазалығына  байланысты 
екенін  дәлелдеп,  алмастыру,  кейіптеу,  бейнелеу,  әсерлеу  тәсілдерінің  мәнін  ашады. 
Міржақып  Дулатов  оқытудың  баяндау,  әңгімелеу,  түсіндіру  әдістеріне  ерекше  мән  беріп 
тұрмыс-салтқа,  әдет-ғұрыпқа  байланысты  тақырыптарды  әсерлі  баяндаудың  тәсілдерін 
көрсетіп  берді.  Сөйтіп,  оқытушы  көркемдеп  оқытудың  жаңаша  жолдарын  ұсынып, 
мұғалімдерден  соны іс-әрекеттерді  талап  етеді.  «Балалар дұрыс оқи  алмай, қиналған жерде 
мұғалім өзі оқып, көрсету лайық», - дейді [2, 162]. 
Сөздік  әдісі  мектептің  барлық  сатыларында  қолданып,  әңгіменің  сипаты,  көлемі, 
ұзақтығына  байланысты.  Әңгіме  арқылы  жаңа  білімді  хабарлау  үшін  оған  кейбір  талаптар 
қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет