Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет3/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204
АЛҒЫ  СӨЗ 
 
 
Еліміздің жоғары білім беру жүйесіне, әдебиеттану ғылымына кеңінен танымал ғалым, 
ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәбит Нұрмұхамбетұлы Жәмбектің 60 
жасқа толуына арналған  «Қазіргі филологиялық зерттеулер: ұлттық әдебиеттану  және даму 
тенденциялары» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қош келдіңіздер! 
Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сананы жаңғырту, ұлттық 
болмыстан,  ұлттық  кодтан  айырылып  қалмай,  оны  әлемдік  құндылықтармен  үйлестіріп, 
Қазақстанның  игілігіне  жарату  жолындағы  мақсат-мүдделер  туралы  өзекті  мәселелер 
көтеріліп  отыр.  Бұл    ұлтымыздың  салт-дәстүрлерін,  мемлекеттік  тіліміз  бен  әдебиетімізді, 
мәдениетімізді,  ұлттық  рухымызды  жаңғырту  деген  асыл  ұғымға  келіп  саяды.  Бүгінгі 
ғылыми шарамыз да осы игілікті істің аясынан көрінеді. 
Республикалық  ғылыми-әдістемелік  конференцияға  қатысуға  Қазақстанның  барлық 
өңірінен    ғалымдар,  докторанттар  мен  магистранттар  тілек  білдіріп,  мақалалар  ұсынды. 
Аталмыш конференцияның  пленарлық және секциялық мәжілістерінде  ұлттық әдебиеттану 
ғылымы, әдеби процесс, қазіргі тіл білімінің жаңа парадигмалары, қазіргі заманғы білім беру 
мәселелеріне  қатысты    теориялық  және  әдістемелік  мәселелер  жан-жақты  талқыланып, 
ғылыми ізденістер мен тұжырымдар  сараланып, жарияланғалы отыр. 
Филология  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Сәбит  Нұрмұхамбетұлы  Жәмбектің  – 
қазақ  әдебиеттану  ғылымын    дамытуда,  оның  қыры  мен  сырын  зерттеуде  соны  бағыттарға 
барып, ғылыми ізденіс мектебін қалыптастырып жүрген ғалым.  Еңбек жолының  алғашқы 
жылдарынан  бастап-ақ  бар  күш-қайратын,  білімі  мен  біліктілігін  еліміздің    филологиялық 
ғылымының  дамуына,    жас  мамандарды  тәрбиелеуге,  олардың  кәсіби  деңгейін  арттырып, 
елінің ұлтжанды азаматы етіп қалыптастыруға арнады. 
Сәбит  Нұрмұхамбетұлының  мағыналы  да,  өнегелі  өмір  жолы  Ш.Уәлиханов  атындағы 
Көкшетау  мемлекеттік  университетімен  тығыз  байланысты.  Әдебиеттанушы  ғалым         
Сәбит  Жәмбек  университет  көлемінде  ғана  емес,  қала,  облыс,  республикалық  деңгейдегі 
қоғамдық-саяси, рухани-мәдени іс-шараларда елдік сөзді айтып келеді.   
Шынайы  ғалым  үлкен зерденің, зор  білімділіктің,  терең парасат  пен  пайымның     иесі  
болса  керек.  Қазақ  руханиятының  жанашыры,  әдебиеттанушы  ғалым-ұстаз  Сәбит 
Нұрмұхамбетұлы Жәмбекті мерейлі жасымен шын жүректен құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, 
мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасына амандық, бақ-береке  тілеймін! 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет