Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


СОЛТҮСТІК ӨҢІРДІҢ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет88/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   204
 
СОЛТҮСТІК ӨҢІРДІҢ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ 
 
Аннотация: мақалада Солтүстік Қазақстан облысының жер-су атауларының пайда 
болу, қойылуында жергілікті халықтың тарихы берілген. Өңірлік жер-су атаулары 
ғасырлар бойғы тірлік-тынысы, әдет-ғұрып, салт-санасы ана тілімен тығыз бірлікте 
дамыған. Ондай атаулар көптеген ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тарихи 
жалғасын тауып келеді.  Топонимдер қоғам мен адамзат дамуының ажырамас бөлігі болып 
табылады. Осы мақалада жер-су атауларын зерттеген отандық әдебиет зерттеушілері 
Тайшыбай З., жазушылар Есенберлин І, Мұқанов С.,  т.б. еңбектері негізге алынған. 
Жер-су  атауларының  шығуы,  пайда  болуы  жағынан  әртүрлі  дәуірлерге  тән 
топонимдерді  бойында  берік  сақтап  отырған.  Олардың  ішінде  басты,  негізгі  топонимдер 
ана тіліміздің негізінде жасалған атаулар.   
Тірек сөздер:  топонимика, ономастика, гидронимдер, оронимдер, ойконимдер. 
 
Жер-су аттарының шығу тарихы мен мағынасын білу қызық. Әркімнің өз туған жерін 
сүюі  әбден  заңды.  Әр  халық  елінің  атауларын  өз  тілінде  қоюға  тырысады,  бұл  да  орынды. 
Шынымен  де,  ел  тарихындағы  қазақ  халқының  өзінің  жер-су,  елді  мекендерге  қойған 
атаулары халқымыздың тапқырлығы шіркін-ай! Олай дейтініміз, әр атаудың соңында үлкен 
тарих немесе әлде бір қызықты атауларға қарап, олар туралы бір ой түюге болады. 
Атаулар  туралы  мағлұматтарды  ономастика  деп  аталатын  ғылым  саласы  зерттейді. 
«Ономастика» (гректің «onomastkus» - атау беру) – тіл ғылымының жалқы есімдері, олардың 
шығу  тарихын,  ұзақ  уақыт  тұрақты  қолдану  нәтижесінде  түрленуін,  дамуын,  таралуын 
зерттейтін саласы. Жер-су атауларын зерттейтін ономастика бөлімі топонимика деп аталады.      
Топономика  гректің  topos  -  орын  +  опума  -  есім,  ат  деген  сөздерінен  алынған. Ол  өзен,  су, 
құдық,  бұлақ,  көл,  теңіз  аттарын  (гидронимдерді);  тау,  сай-сала,  қырат,  жоталар,  асулар, 
орман-тоғай, жайлау аттарын (оронимдерді); елді мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан-
жақты зерттейді. Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебі бар. 
Біздің  облыс  орталығы  Қызылжар  –  Петропавл  қаласының  кең  қолданылып  жүрген 
қазақша атауы. Оның бұлай атауын алғаш естіген адам «Ә, бұл қала, сірә бір өзеннің қызғылт 
құмдауыт жарлы жиегінде орналасқан ғой» деп ой түйеді. Шынында да, Есіл өзенінің жарлы 
он  жағасында  «Қызылжар»  деп  аталатын  ежелгі  қазақ  қонысы  болған.  1752  жылы  Ресей 
мемлекеті «Әулие Петр» деген әскери бекініс салған. 
Жерлесіміз, академик жазушы Сәбит  Мұқанов өмірінің негізгі  бөлігі,  шығармашылық 
және  қоғамдық  қызметі  Қызылжармен  байланысты  болған.  Алғаш  рет  1918  жылдың  тамыз 
айында Омбыға барар жолда қалаға тоқтаған. Есіл жағасындағы қаланың өзіне әсері туралы 
«Өмір мектебі» деген кітапта жазып қалдырған.  


199 
 
Жазушының  еске  алуынша,  қалаға  кіре  берісте  жерлесі  Бәкен  Тұрсынов  оған 
«Қызылжар» («Красный яр»)-ды көрсетті. Бәлкім, қазақтар ертеден бұл жерді Қызылжар деп 
атаған  болар.  Бірақ  жас  Сәбитке  «Абылай  ханның  ақ  үйі»,  «Романовтар  үйі»,  шіркеулер, 
мешіттер, су тартатын мұнара және басқа да сол кездегі таңғаларлық көрнекті орындар үлкен 
әсер  еткен.  Табиғатынан  бақылауға  бейім  Сәбиттің  көзіне  әлеуметтік  айырмашылық: 
қаланың орталығындағы бай көпестердің сәнді үйлері және кедейлердің аянышты, кішігірім 
үйлері түскен [1, 79].  
Солтүстік  өлкеде  жер-су  аттарының  орынсыз  өзгеруі,  шамамен  230-250  жыл  бұрын 
басталған  болатын.  Айталық,  отарланған  елді  мекендердің  қазақша  атауларын  орысшамен 
айырбастау  туралы  әскери  губернатор  Г.Меньщиковтың  бұйрығы  1774  жылғы  1  қаңтардан 
орындала бастады.    
Қоныс  аударушылар  қазақ  жеріне  аяқ  басысымен,  сол  жерге  өз  тілінде  ат  қоятын. 
Сөйтіп, ежелгі Ащыкөл, Тұщыкөлдер – Горькое, Пресное болып шыға бастады. 
Өлкеміздің  топонимикасы  көне  замандардан  бері  қарай  осы  өңірде  болған  айтулы 
оқиғалардан  хабар  береді.  Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  орысша  аталып  кеткен  аудан 
аттарының  Айыртау,  Аққайың,  Қызылжар  деген  тарихи  атаулары  қайта  жаңғырды.  Бұл 
атаулар  сол  жерлердің  ерекшеліктерін  білдірсе,  басқа  аудандардың  Мағжан  Жұмабайұлы, 
Жамбыл,  Ғабит  Мүсірепов,  Шоқан  Уәлиханов,  Шал  ақын  ауданы  аталуы  –  қазақ 
тарихындағы  қадірлі  есімдердің  құрметтелуі.  Мамлют  ауданынның  атауы  1786  ж.  Мамлют 
Валгузин негізін салған елді-мекеннің атын сақтап отыр. 
Еліміз тәуелсіздік алғаннан  кейін, ономастика мәселесі мәдениет пен сауаттылықтың, 
тарихи  жадынының  маңызды  мәселесі  ретінде  қаралып,  тарихи  атаулар  қалпына  келтіріліп 
жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет