Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТЕҢЕУДІҢ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет91/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   204
ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТЕҢЕУДІҢ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аннотация: мақалада Тәкен Әлімқұлов шығармаларының тіл ерекшелігі, халық тілінің 
сөз  байлығының  қаншалықты  және  қалай  пайдаланғандығы,  қазақ  халқының  тіл 
мәдениетінің,  сондай-ақ,  әдеби  тілін  дамытуға  қосқан  үлесі,  жазушы  тіліндегі  көркемдік 
тіл құралдарының лингвистикалық табиғаты туралы жазылған .Сонымен қатар, жазушы 


203 
 
шығармаларындағы  кездесетін  теңеулерді  кейіпкер  бейнесін  беру    ерекшелігіне  де 
тоқталынып,  мысалдармен  дәлелденген.  Т.Әлімқұлов  шығармаларындағы  көріктеуіш 
құралдарының эмоционалдық-экспрессивтік сипаты, сонымен қатар оның тілдік тұрғыдан 
қолданылуы  туралы  деректерді  келтірілген.  Әңгіме,  проза  жанрын    жасаудағы  шеберлігі 
нақты мысалдар арқылы көрсетілген. 
Тірек  сөздер:  теңеу,  проза,  тіл  ерекшелігі,  көркемдеуіш  құралдар,  қаламгер  тілі, 
құбылту түрі, кейіпкер
 
Жалпы  халықтық  тілдің  негізгі  сөздік  қорын,  сөздік  құрамын,  тілдегі  көріктеуіш 
құралдары қаншалықты, қалай пайдаланды, оларды қаншалықты, қалай байытты, ұстартты, 
оның сол байыту, ұстартуы қаншалықты заңды,  жарастықты, соны тексереді. Жазушы адам 
ойын,  сезімін,  әсерін,  ісін  тіл  арқылы  бейнелейді.  Себебі  тіл  көркем  шығарманың  негізгі 
элементтерінің бірі, жазушының негізгі құралы екендігі  мәлім. Қаламгер өз шығармасында 
тілдің  негізгі  сөздік  қорын  шебер  пайдаланып,  сөздік  құрамға  әсер  етіп,  тілімізді  жаңа  сөз 
өрнектері  арқылы  байытып,  дамытып  отыруға  тиіс,  яғни  әрбір  жазушының  өзіндік  сөз 
қолданысы болады.  
Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз – ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін 
айрықша  өнер.  Тіл  көркем  шығармада  ерекше  эстетикалық  қызмет  атқарады.  Өйткені 
«көркем  әдебиет  оқушының  эстетикалық  талғамын  жетілдіріп  қана  қоймай,  сөзді  стильдік 
өрісіне сай, талғап жұмсауға үйретеді».  
Көркем  әдебиет  стилі  дегеніміз  проза,  поэзия,  драматургия  салаларында  жазылған 
көркем шығармалардың стилі (тілі). 
Көркем  шығарма  тілі  мен  әдеби  тіл  арасында  принципті  ерекшеліктер  болады.  Бұл 
олардың әрқайсысының атқаратын қызметінен туындайды. Әдеби тіл адамдардың күнделікті 
қарым-қатынас  жасауының  құралы  ретінде  коммуникативтік  қызмет  атқарады,  ал  көркем 
шығарманың  құрылымында  басқаша  қырынан  танылады.  Тілдік  құралдар  арқылы 
оқырманына әсер ете отырып, эстетикалық және көркемдік мақсатта қолданылады. Осыған 
орай, әдеби тіл нормасы мен көркем әдебиет тілі арасында да ерекшелік болады. Әдеби тілде 
нормаға  жатпайтын  тілдік  дерек  әр  қаламгердің  алдына  қойған  мақсатына  сәйкес  келіп, 
эстетикалық қызмет атқарады.  
Қазақ  халқы  ауызекі  сөйлеу  барысында  көркемдеуіш-бейнелеуіш  сөздерді  жиі 
қолданатынымен  ерекшеленеді.  Көркемдеуіш-бейнелеуіш  сөздерді  қолданудың  бекітілген 
жалпы  ережесі,  тәртібі  жоқ.  Әр  қаламгер  өз  қалауынша  жұмсайды.  Бұл  да  қаламгер 
шеберлігіне  қатысты.  Әр  қаламгер  өзінще  сөз  саптап,  өзіндік  көркемдік  амал-тәсілдерді 
қолданады. Осы арқылыөзоқушысынтабады. 
Қаламгердің  тілдік  шеберлігі,  стилі  өмір  шындығын  бейнелеудегі  өзіндік 
қолданысымен  айқындалатыны  белгілі.  Ғалым  Е.  Жанпейісов  осы  орайда  былай  дейді: 
«Жазушы  тілдегі  бейнелеу  құралдарын  әралуанк  өркемдік  бояу  бере  пайдаланады.  Бұл 
орайда  ауызекі  сөйлеу  тіліндегі  қарапайым  сөздер  де,  мақал-мәтелдер  де,  эпитет  пен 
теңеулер  де,  тілдіңб  асқа  да  барлық  бейнелеу  құралдары  шығарманың  жалпы  идеялық, 
тақырыптық  арқауын  алайық  жаңа  бір  мағыналық  астаралып,  стильдік  функциясы  арта 
түседі.  Ауызекі  сөйлеу  стилінде,  әдеби  тілде  де  әдетте  жиі  айтылатын  тіл  құралдарының 
үйреншікті  номинативтік  мағынасы  ақын-жазушылардың  тілінде  әртүрлі  дамып  отырады» 
[1, 17]. 
Қазақ  халқы  ауызекі  сөйлеу  барысында  көркемдеуіш-бейнелеуіш  сөздерді  жиі 
қолданады.  Көркемдеуіш-бейнелеуіш  сөздерді  қолданудың  жалпы  ережесі,  тәртібі  жоқ. 
Тілдің  көркем  амал-тәсілдерінің  қатарына,  әдетте,  эпитет,  теңеу,  метафора  болып  келетін 
тұрақты тіркестер жатқызылады.  
Әр  қаламгер  бұларды  өз  қалауынша  жұмсайды,  бірі  теңеу  мен  метафораны  қолданса, 
кейбір қаламгерлер өз шығармашылығында эпитет пен кейіптеуді жиі пайдаланады. Бұл да 
қаламгер шеберлігіне, ерекшелігіне қатысты. «Жалпы творчестволық шеберліктің өзінде шек 
болмайтыны сияқты әрбір сөздің, тіліміздегі жалпы бейнелегіш-көріктеу құралдарының қай-


204 
 
қайсысының  да  көркемдік  мәнінде  шек  болмайды.  Бейнелегіш  көріктеу  құралдарының, 
кейбір  жеке  сөздердің,  тіркестердің  стильдік  бояуы,  көркемдік  функциясы,  эмоционалды-
экспрессивтік  нақышы  қолданылу  процесінде  ылғи  өзгеріп,  жаңғыра  түседі.  Бұл  –  кең 
мағынада  алғанда, көркем әдебиет  стилінің өзіндік табиғатынан, көркем әдебиеттің алдына 
қойылатын негізгі міндеттен келіп шығатын құбылыс» [2, 14 ].  
Әр  қаламгер  өзінше  сөз  саптап,  өзіндік  көркемдік  амал-тәсіл  қолданады.  Осы  арқылы 
оқушысының жүрегіне жол салады.  
Автор  шығармаларында  кейіпкерлерінің  бейнелерін  түрлі  тәсілдермен  суреттейді. 
Кейіпкерлерінің  жан  дүниесін  ашуда,  тұлғасын  көрсетуге  барын  салады.  Көркемдегіш 
құралдарды пайдалана отырып, сөзбен бейнелі сурет жасау оңай емес.  Шығармаларындағы 
бейнелеуіш  сөздер  қазақ    халқының  тұрмысына  сай  қолданылады.  Қаламгер  сөздерді 
айшықтап,  ажарлау  үшін  көркемдегіш  амал-тәсілдерді  жиі  пайдаланады.  Сондай 
көркемдегіш  амалдардың  бірі  –  теңеу.  Теңеу  –  қазақ  көркем  сөз  тарихында  ежелден  келе 
жатқан  бейнелеуіш  тәсілдердің  бірі.  «Көркем  шығарма  тілі  теңеусіз  болмайды,  бірақ 
теңеулердің  де  теңеулері  бар:  кәнігі  (үйреншікті,  дағдылы,  жалпытілдік)  теңеулер,  бейнелі 
(образды) теңеулер, астарлы, екітанымды теңеулер, әжуа-сықақпен келген теңеулер т.т.» [3, 
160]. Теңеу тілге мағыналық және мазмұндық көркемдік беретіні белгілі. Теңеу туралы қазақ 
тіл  білімінің  тұңғыш  зерттеушісі  А.Байтұрсынов:  «Теңеу  заттың,  құбылыстың  ерекше 
белгілерін  көрсетпей-ақ,  оны  басқа  затпен,  құбылыспен  салыстыра  суреттейді»,  –  деп 
пайымдаған    [4,  363].  Қазақ  тіл  білімінде  теңеу  категориясын    жан-жақты  терең  зерттеген 
Т.Қоңыров:  «Теңеу  дегеніміз  ұқсас,  ортақ  белгілердің  негізінде  бір  затты  екінші  затқа 
салыстыру  арқылы  сипатталушы  нәрсенің  бейнелік,  көркемдік,  эмоционалды-экспрессивтік 
сапасын  күшейтетін,  сол  нәрсені  жаңа  қырынан,  поэтикалық  қырынан  танытатын  әрі 
стильдік  тәсіл,  әрі  таным  құралы»,  –  деп  тұжырымдап,  теңеудің  бүкіл  лингвистикалық 
болмысын  ашып,  жасалу  жолдары  мен  синтаксистік  құрылымын,  оның  түрлерін 
қарастырады [4, 7]. 
Көркем  әдебиет  тілінде  теңеудің  алатын  орны  туралы  М.Серғалиев  былай  дейді: 
«Теңеудің стильдік қызметі әр алуан, бір ыңғайда, негізінен аз сөзге көп мағына сыйғызуды 
мақсат етсе, тағы бір жағдайда автордың астарлап сөйлеуіне мүмкіндік береді. Сол астарлап 
сөйлеудің өзі жинақылықтың арқасында болып отырады».  
Көптеген  зерттеушілеріміз  теңеуге  қатысты  өз  көзқарастарын,  пікірлерін  білдірген: 
Теңеу  –  құбылысты  басқа  нәрсемен  салыстыру  арқылы  сипаттау  тәсілі.  Әр  нәрсені 
салыстыру  негізінде  жасалатын  бейнелі  сөздер  құбылту  түрлері  аз  емес.  Олардан  теңеудің 
айырмасы – мұнда салыстыру айқын, тура көрінеді. 
Теңеу – поэтикалық және лингвистикалық жағынан күрделі, семантика-стилистикалық 
сипаты  қызық,  көп  аспектілі  тілдік  құбылыс.  Теңеу  категориясының  маңыздылығы  оның 
таным құралы ретінде  философияда, стильдік тәсіл  ретінде әдебиеттану ғылымында,  ал тіл 
білімінде  тілдің  бейнелі  конструкциясы  ретінде  зерттелетіндіктен  айқындалып,  ашыла 
түседі. «Теңеу категориясы – бүкіл бейнелеу, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең 
пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы да өз бастауын осы теңеуден алады».  Қазақ тіл 
білімінде жалпы теңеулік конструкциялардың жасалу жолдарына қатысты айтылған пікірлер 
де бар. Ғалым Т. Қоңыров қазақ тіліндегі теңеулердің он түрлі жасалу тәсілдерін анықтайды:  
1. –дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтарының көмегімен; 
2. –ша, -ше жұрнағының көмегімен; 
3.  шығыс  септігі  жалғауының  (-нан,  -нен,  -дан,  -ден,  -тан,  -тен)  көмегімен;  қойдан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет