Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫНЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ



Pdf көрінісі
бет26/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   86
Байланысты:
Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫНЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ 
 
Аронов Қ. Ғ. 
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы 
 
Нұржанова Р. 
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан 
мемлекеттік университетінің «филология: қазақ тілі» 
мамандығының І курс магистранты 
 
«Зар заман ақындары» деп аталған  топтың көрнекті өкілі, дүлдүл 
ақын,  рулас  әрі  жерлес  болып  келетін  бабам  Мұрат  Мөңке  ұлының 
шығармашылығындағы  ел  қорғау,  батырлық  тақырыбын  арқау 
етіп,баяндамақшымын. 
«Алтын  кездік  қын  түбінде  жапас»  дегендей,  жетпіс  жылдан 
астам  уақыт  бойы  архивтерде  шаңға  көмілген  құнды  дүниелердің 
сусаған  жұртымен  қауышатын  кезі  келді.  «Зар  заман  ақынына» 
айналған  Мұрат  Мөңкеұлының  шығармалары  да  ұзақ  жылдар  бойы 
баспа  бетін  көрмей  келді.  Оның  өзіндік  себептері  де  жоқ  емес. 
Қоғамдық қатынастардың сипаты өзгеріп, ел ішінде жаңалық әкелген 
оқиғалар  бола  бастаған  кезде–ақ  қазақтың  белгілі  ақындары 
Шортанбай  Қанайұлы,  Дулат  Бабатайұлы,  Мұрат  Мөңкеұлы  және 
басқалар  өмірдің    тынысын,  заманның  ағымын  өз  жырларына  арқау 
етті.  Олар  жаңаның  бәрін  үйретеміз  деп,  елдігімізді  ұмытып, 
халықтық қалпымызды бұзып алмаймыз ба деп қауіптенді. Ұрпақтың 
келешектегі  тағдырына  алаңдаушылық  білдірді.  Үміттерінен 
күдіктері басымырақ болды. Ақындардың торығу мен қамығуға толы 
ойлары  өлең-толғау  болып  ақтарылды.  Сөйтіп  бұл  ақындар  жаңа 
әдебиет  тарихында  заманға,  өмірге  өкпелі  ақындар  ретінде  енді. 
Шортанбай,  Дулат,  Мұрат  сынды  ақындарға  «ескілікті  көксеушілер, 
жаңаны жатсынушылар» деген айдар тағылды.  
   Кезінде  заманымыздың  заңғар  жазушылары  М.Әуезов  пен 
С.Мұқанов  халықтың  басына  түскен  сол  бір  қиын  ахуалға  әділ  баға 
берді.  Қазіргі  ғалым,  әдебиетшілеріміздің  қайсысын  алсақ  та 
Мұраттың ақындық талантына, тапқыр да айшықтығына тең  келетін 
адамдарды  көп  атай  бермейді.  Ғалым  Қажым  Жұмалиев:  «Мұрат  өз 
дәуіріндегі  тілі  бай,  күшті  ақындардың  бірі  ...  Әлеумет  өмірінде 
болған  әр  түрлі  қайшылықтарды  көрсетуі,  елін  сүюшілік,  халықтың 
ісі үшін күрескен батыр ұлдарын жыр етіп,  олардың ерлік өмірі  мен 


71 
 
ісін кейінгі ұрпаққа үлгі етуі, өнегелі тіл байлығы біздер үшін керек,»- 
деп жазды.  [2.209] 
Шынында  да Мұрат  шығармашылығы  –өлең техникасы жөнінен 
ең  озық  үлгі  екендігін  былай  қойғанда,  өткен-кеткен  тарихты,  елдің 
басқыншылықтарға  қарсы  күресін,  атақты  адамдарын,  әдет-
ғұрыптарын білу үшін таптырмайтын мұра.  
Мұрат  аса  ірі  оқиғаларды  алқынбай  толғай  білетін,  орасан  кең 
тынысты  ақын.  Оның  атақты  «Үш  қиян»,  «Сарыарқа»,  «Қарасай-
Қази»  атты  поэма-толғауларын  таң  қалмай,  риза  болмай  оқу  қиын. 
Бұлардағы жеке сөздерге бола  одан халыққа жат идея іздеген, бүкіл 
шығармасы  жоққа  шығарылған  өткен  күндердің  жарамсыз  әдетін 
алып тастап, тұтас мазмұны тұрғысынан қарасақ, бұл жырлардың қай-
қайсысы  да  адамдарға  зор  ерлік,  рух  береді,  жауға  мейірімсіз,  еліне 
әділ  болуға,  туған  жерді  шексіз  сүйе  білуге,  қорғауға,  көздің 
қарашығындай сақтауға үгіттейді.  
  Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа» толғауларында бүгінгі ұрпақ 
біле бермейтін батырлардың есімдері берілген, соған тоқталғым келіп 
тұр.  
Адыра қалғыр, ен Нарын,  
Орақ пенен Маймай да 
Ойдағы дәурен болмас деп,  
Ойран салып көрген жер, 
...Боқсақтың бойы бос қамыс, 
Жаңбыршы ұлы Телағыс 
Елімді кәуір алар деп, 
Тыным алмай көшкен жер,[1.16 ] 
-деп жырлайды «Үш қиян» толғауында, ал «Сарыарқада» Мұрат : 
Қазтуған,Асан Қайғы, Орақ, Мамай, 
Әрі өтіп Тесіктаудан солай кетті. 
Артынан Телағыс пен Нәрік кетті
Өзіне ерген жұртын алып кетті[1.25], -дейді .  
Орақ,  Мамай–ноғайлы  заманындағы  мырзалар.  Мұса  бидің 
балалары.  Мұса  би  1535  жылы  өлген.  Зәки  Уәлидидің  тарихына 
қарағанда,  Мұсаның  Шағым  мырза,  Сидақ,  Шаһмамай,  Жүсіп, 
Исмаил  деген  балалары  болған.  Жүсіп  батыр  болған.  Бауыржан 
Омаровтың  айтуынша  осы  Жүсіп  деген  -  Орақ.  Солай  болуға 
тарихтың сөзі мен қазақ арасындағы ауыз сөздер тұспа-тұс келіп тұр. 
Орақ,  Мамайдың  қонысы  Еділ,  Жайық,  Жем  болған.  Орақ-Мамай-
Телағыс–тағы  бір  жазба  деректерге  қарағанда  ноғайлы  батырлары, 
халық  аузындағы  әңгімелер  мен  аңыздарға  қарағанда  қазақ 
батырлары.  Бұлар  жайлы  тарихи    жырлар  да  бар.  М.Мағауин  былай 
деп  жазады:  «Ноғай  ордасындағы  түрік  руларының  қазақ 
хандығының  құрамына  көптеп  өткен  бір  уағы  –  ХҮІ  ғасырдың  50-
жылдары. Орыстарға қарсы партияның басшысы ұлыби Жүсіп (Қазақ 
эпосындағы  Орақ)  пен  орыстарға  икем  партияның  басы  Исмайыл 


72 
 
бидің арасындағы ұзаққа созылған күрес Жүсіптің, оның туған ағасы 
Мамайдың, немере ағасы, Астраханьды билеуші Жаңбыршының дені 
қазақ хандығына өтіп кетеді. «Туыстарымның көбі қазақтарға шығып 
кетті,  қазір  менің  өзім  мен  жауласып  жүр»,  -  деп  жазады  Исмайыл 
Иван Грозныйға 1557 жылы» [10.2] 
Жасқұстың арғы тұмсығы, 
Жәңгірдің қала салдырған. 
Негіз етіп қалдырған 
Нәріктің ұлы ер Шора 
Айқайласып, шуласып, 
Баланы кәпір сұрар деп. 
Мұңайып  ханның  көшкен  жер. 
(Үш қиян) 
Шора- бүкіл халқымызға белгілі  Нәрікұлы Шора батыр.Ол жөнінде 
«Шора  батыр»  деген  жыр  бар.  Шора  ноғайлы  заманында  болса  да 
қазақ жырында Кіші жүзге жататын  Жеті ру деп аталатын рулардың 
бірі Тама руынан шыққан батыр деп айтылады. Шынында солай екен 
деп  ноғай  халқында  айтылатын  «Шора  батыр»  жырына  келсек,  онда 
да  солай  айтылады.  Ноғай  жырында  Шора  батыр  өзі  жөнінде  былай 
дейді:  
Төре емес,қарамын 
...Нөкісұлы Тамамын. 
Өз атымды сұрасаң 
Нәріктен туған Шорамын. 
Қазанды табыр әскер алды деп 
Суып жүріп барамын. 
Осы  бір  жерде  тағы  бір  әңгіменің  тиегі  ағытылады  .  Бөкей  хан 
1801  жылы  Жайықтың  бастыс  бетіне  өткенде  кейін  бөкейлік  деп 
атанып кеткен жерді неге қалап қалап, сұрап алады? Бөкей сол жердің 
бір  кездегі  қазақтың  қонысы  екенін,  оның  ішінде  Шора  батырдың 
мекендеген.  Кейіннен  Жәңгір  хан  ол  жерді  ордаға,  Бөкей  ордасы 
деген үлкен Әкімшілік орынға айналдырды, тарихта ұмытылмастай із 
қалдырды.[5.7] 
Естерекұлы Тарғынның  
Тарыққанда ақыл сұрап барған жер. (« Үш қиян») 
Тарғын да тарихта болған адам, ол жөнінде жазба деректерде бар. 
«Ер  Тарғын    Жарнастан    «Үш  Тарғын»  деген  тауға  барып  жайлады, 
осы  жерді  Мысыр  етті»  -  дейді  жыр.  Қаратоқай  Мұрат  ақын  Еділ, 
Жайықтың Ноғайлының ауылы Тарғынның  тарыққанда ақыл сұраған 
жер» дейді. Ер Тарғын Қырым да болсын, Жайықта болсын ноғайлы 
елінің тумасы, өнер қылған екі ноғайлы, жүрген жері  –Қырым, Еділ, 
Жайық.[3.23] 
Бір  бөлек  ноғайлы  Елтерек    бас  қылып,  Еділ  өзенінің  төменгі 
бойынан  терек  өзеніне  дейін  ойысып,  қоныс  қылады.  Екінші  бөлегі 
Орақ батырдың баласы Қазыны бас қылып Азов маңын қоныс қылып 
кетеді.  Үшінші  бөлегі  Арал  теңізінің  маңын  қоныс  қылады.»  Жазба 
деректерге қарағанда Ер тарғынның Ардаби, одан Әжігерей, Айтқожа 
туады. 
Бесобаның даласы- 


73 
 
Айсаның ұлы Әметтің  
Дұшпанды қырып салған жер 
Қылышын  қанға  малған  жер!  –деп  Айсаның  ұлы  Әмет  батыр 
туралы  айтады./  «Үш  қиян»/  [4.135]  Мұнда  Жәнібек  ханның 
қысымына  шыдамай  Айсаның  елден  кеткені,  кейін  туған  жұрына 
жаудың қаупі төнгенде қайта оралып келгені, мұның батырлығы ұлы 
Әметке дарығаны сөз болады.  
...Бекқожа мен Тұрланды алған.  
Ерлігі ер жігіттің  Өтендей –ақ, 
Мұны 
да 
қате 
қылды 
бұлғаңдаған. 
Бұрынғы 
кеткен 
жұрттың 
әдетінше 
Адыра,құтсыз 
қоныс 
кімді 
алмаған?! (Сарыарқа) 
   Бекқожа Алаша руынан шыққан батыр. Ол жөнінде жазба дерек 
жоқ, ауызша деректер де жартусыз. Ал, Тұрлан туралы аздап айтсам. 
Тұрлан  1807  жылы  туып,  1856  жылы  49  жасында  өлген.  Ел  аузында 
әрі  би,  әрі  батыр  атанған  адам.  Ата  мекені  Тайсойған,  Бүйрек  құмы. 
Өмірінің  соңғы  кезінде  осы  күнгі  Қызылқоға  ауданындағы  Саргөл 
деген  жерді  мекендеген,  зираты  да  сонда.  [6.8]  Ата  тегі  онекі  ата 
Байұлына  жататын  Шеркеш  руы,  соның  ішінде  Қойыс,  оның  ішінде 
Сүйініш деген атасынан тарайды.  
Тұрланнның  батырлығын  сырттай  етіп  білген  Махамбет  Жем 
бойында  бас  сауғалап  жүргенде  Тұранмен  табысып,  ауылында  біраз 
күн қонақ болады.  
Артынан көп әскермен Мәмбет қуып
Әкелді Орынборға ер Есетті, 
Бұл сөзді біреу айтса нанбас едім 
Көзіміз көріп туды сол өсекті. («Сарыарқа») 
Тарихта батыр атанған ,би атанған Есет есімді бірнеше тұлға бар. 
Мұраттың айтып отырғаны Шекті руынан шыққан Көтібар батырдың 
үлкен  баласы,  1807  жылы  туып,  1888  жылы  қайтыс  болған  Есет 
батыр.  Негізгі  мекені  Жем  өзенінің  бойы.  Есет  1838  жылы  Жоламан 
батырмен бірге қозғалған көтерілістің даңқы алысқа кетіп, ол жайлы 
А.И. Герцен 1858 жылы өзінің Лондонда шығарып тұрған «Колокол» 
журналында  жазған.  Есет  кейіннен  ел  басқару  ісіне  араласады.  Төрт 
күмбезді мазары Ақтөбе облысының Шалқар ауданында, Шолақжиде 
деген жерде. [9.13] 
   Ақиық 
ақынның  шығармаларының  қоғам  үшін  «зиянды» 
саналуының  бір  себебі  «Үш  қиян»,  «Сарырарқа»,  «Әттең,  бір  қапы 
дүние-ай» сияқты толғау дастандарынан қазақ жерін отарлаушыларды 
батыл  әшкерелеп,  озбыр  саясатқа  қаймықпай  қарсы  тұруы  еді.  Ата-
бабаларымыздың  қасық  қаны  қалғанша  қорғаған,  тулақтай  жеріне  
дейін жаудың табаны астына таптатқысы келмеді. Ұлан-ғайыр далаға 
патша  үкіметінің  өктемдікпен  тап  беруі  Мұрат  ақынның  ыза  кегін 


74 
 
оятты. Патша жендеттеріне деген өшпенділігі кеудесіне сыймай жыр 
болып ақтарылды.  
«Қара  қазан,  сары  бала  қамы  үшін»  қылыш  сермеген  ер  Исатай 
«Қара қазақ баласын хан ұлына теңгерем» деген мұратына жете алмай 
кетті.  
Кешегі Жайықтан әрі өтіп, Нарынға жете алмай кетті.  
Кешегі Жайықтан әрі тіп Нарынға жете алмаған ағайын бүгін бері 
өте алмай арманда. 
Әдіра қалғыр, көк Жайық, 
Садағын сала байланып,  
Астана жұртын айналып, 
Ерлерім еңсеп келген жер. 
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап 
Ақтылы қойды өрген жер, алқыған дәулет мол бітіп
Қызығын жұртым көрген жер. 
Жеті жұрт көшіп өткен жер, 
Қайырсыз  болған  неткен  жер,-деп  ақын  толғайды,  шерменде 
мұңын жеткізеді. 
Шекшекей,Құтым қашып, Әденді ұстап, 
Ерлерге ерегіскен не қылмады?! 
Ерлігі бір қазақтың Махамбеттей, 
Мұны  да  аңсыз  күні  жазымдады,-деп  «Сарыарқа»  дастанында 
ашына жырлады. 
 
Мұрат  Мөңкеұлы  шығармаларын  әр  қырынан  алып  қарауға 
болады. Қай қырынан көз салсаңыз да ақын тұлғасы даралана, биіктей 
түседі.  Ол  –  сөз  саласында  алдына  жан  салмаған,  қарсыластарының 
бәрін де тізе бүктірген ұшқыр ойлы, суырып салма айтыскер. Ол елін, 
жерін  жанымен  сүйген  отаншыл,  туған  жұртына  ғашық  ақын.  Ол-
қызыл тілдің майын тамызған суреткер .От ауызды, орақ тілді шешен. 
Ел тарихын, жер тарихын жырлаған шежіреші.    
Қыстың жылдам түнінде май шамның сықсиған жарығымен етік 
тігіп  отырған  Мұрат  қарадөң  батырдан  бастап  жырлаған. 
Едіге,Қобыланды,Өтен,  Жұбаныш,  Сүйініш  ,  Тегіс,  Нәрік,  Шора, 
Ақжонас  т.б  сынды  батырлар  туралы  бізін  қадап,  шегесін  қаға 
отырып жырлаған.  Темір болат сауыт киген , жерін жаудан қорғаған 
батырлары жайлы жыр толғай отырып, ерлікті, бірлікті толғана жырға 
қосады. Мұрат өлеңдерін оқыған әрбір оқырман жер мен ел тарихын 
біліп  қана  қоймай,  бүгінгі  күннің  нұрлы  болуы  үшін  қасық  қаны 
қалғанша  жан  аямай  күрескен  күрескер  бабаларымызды  танып, 
соларға  еліктеп,  отансүйгіштік,  адалдық,  беріктік,  мықтылық 
қасиеттерге  тәрбиеленеді.  Ақын  жырларындағы  тарихи  тұлғалардың 


75 
 
өшпес  ерлігі  жайлы  деректер,  аныздар,  ел  аузында  қалған  әңгімелер 
жетерлік. Міне, осындай хас батырлардың еңбегін жырына арқау етіп, 
мұра  етіп  қалдырған  Мұрат  бабамыздың  өлеңдерін  оқып,  зерттеу, 
одан  тағлым  алу  ендігі  біз  секілді  жас  ұрпақтың  міндеті.  «Қандайма 
ақын  болмасын  өзінен  бұрынғы  өткен  кеткенді  білмек  парыз,  бірақ 
тарихшы  болу  міндетті  емес.  Ал,  бұл  жағына  келгенде  Мұрат 
басқалардан  бөлекше,  өзгеше  ақын,  тарихшы–шежіреші  ақын.  Бұл 
қасиет  басқа  ақындардың  бірде-біреуінде  жоқ,  тек  Мұратта  ғана 
бар.Мұраттың  өзінен  кейін  де,  өзіне  дейін  де  толғамаған  ,  шығара 
алмаған, басқаны толғап , шығаруы мүмкін де емес екі дастан толғауы 
бар.  Ол  -  «Үшқиян»  мен  «Сарыарқа»»,-деп  жазады  әдебиеттанушы 
,ғалым  Берік  Қорқытов  ағамыз.[5.5]  Сол  себепті  Мұрат  бабамыздың 
жыр  жолдарын  оқып-үйрене  отырып,  осындай  қастерлі  артына  сөз 
қалдырған баба рухы алдында басымды иемін, замандастарымның да 
өткір  сөздің  хас  шебері  Мұрат  Мөңкеұлының  шығармашылығына 
назар  аударып,  ондағы  батырлар  ерлігіне  тағзым  етсе  екен  деген 
тілегім бар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет