жазуын латын әліпбиіне ауыстыру мәселелері” туралы кітабында
компьютерге, техникаға қолайлы екен деп тіл мен мәдениеттік
ерекшеліктерді
қолайсыздандыруға
болмайтындығын
айтады.
Алдымен тілдік және мәдениеттік ерекшеліктер, содан кейін
техникалық
ерекшеліктер.
Өйткені
бүгінгі
дамыған
үздік
технологиямен әрнәрсені жасауға болады. Мәселен жапондар,
кореялықтар, қытайлар компьютерге қолайлы болады деп оқылуы
және жазылуы тұрғысынан әлемнің ең қиын таңбалары саналатын төл
әліпбилерін өзгерткен емес. Түріктер латын әліпбиіне көшкен кезде
техника да болған жоқ. Өздері қабылдаған қаріп бойынша пернетақта
жасап алды. Кейіннен «қ» әрпін жоғалтып алдық деп шулады.
Түркиядағы «қ» әрпі қазақ тіліндегі «қ» әрпінен бөлек. Өзбектер
латынға көшкенде комиссия құрамында екі-ақ тіл ғалымы болыпты.
Тілді не компьютерге, не компьютерді тілге икемдеуі керек еді.
Өзбектер керісінше, тілін компьютерге икемдеп, латын әліпбиінің
қадірін кетіріп алды. Себебі олар ғалымдардың көмегіне
сүйенбегендіктен, өкініштері көп болды. Ал Әзірбайжанның
көшелерінің бәрі – латын. Ешкім адасып жүрген жоқ. Мұнда орыс
тілін білмейтін ұрпақ өсіп келеді.
Елбасы өз Жолдауында «Біз көп ұлтты халықпыз. Әр ұлттың ой-
пікірі
бар.
Қазіргі
кириллица
арқылы
қазақтардың
да,
қазақстандықтардың да бірнеше буыны тәрбиеленіп, білім алды.
Өмірді таныдық, дүниені көрдік. Сондықтан латын қарпіне көшкен
жағдайда да кириллица көпке дейін қатар қолданылады, екеуі біразға
дейін бірге пайдаланылады деп ойлаймын» деген болатын. Латын
қарпіне өту Қазақстанға келіп жатқан ақпараттың ауқымын, көлемін
85
еш шектемейді. Шынын айту қажет, бүгінгі күні қазақ
аудиториясының басым көпшілігі өзіне қажетті ақпаратты орыс тілі
арқылы алып, тұтынып келеді. Есесіне орыс әлемінің өзі көптеген
жағдайда ағылшын тілінде жасақталып жатқан ақпараттың
тұтынушысы. Латын қарпіне өту қазақ балаларын ағылшын, жалпы
еуропалық тілдерді үйренуге, түсініп-түйсінуге жетелейді, сол
тілдерді үйренуін жеңілдетеді деп санаймыз. Яғни, қолға алынып
жатқан реформалардың басты мақсатының бірі – Қазақстанға келіп
жатқан ақпараттар ағынын әртараптандыру, тікелей ағылшын тілінен
келетін ақпаратты түсінетін, тұтынатын азаматтардың санын арттыру
болады. Есесіне Қазақстандағы орыс тіліне де ешкім тыйым салайын
деп жатқан жоқ. Бізге ұнасын-ұнамасын, бірақ орыс тілі әлемдік
дәрежедегі тілдің бірі. Және де мынаны да айқын түсінуіміз қажет:
Ресей орыс тілінің жеке-дара меншік иесі емес. Орыс тілі – әлемдік
өркениеттің бір бөлшегі, әлем мәдениеті мен руханиятының құрамдас
бір бөлігі.
Жалпы, егер әлемдегі модернизация үдерістеріне мықтап назар
аударсақ, тереңіне барсақ, іске асқан модернизациялық жобалардың
барлығы да өз жолын символикалық ортадан бастаған. Кеңестер
үкіметі де осыны іске асырған. Патша заманында қалыптасқан,
жасақталған жазу жүйесін өзгерткен. Патшалық Ресейде «ять»,
«ижица», «фита», «ер» деген әріптер болған. Большевиктер билікке
келген бойда қолға алған реформаларының бірі тілдік реформа
болғаны да осыдан. Соғыста жеңу, қираған экономиканы орнына
келтіру, қоғамдық сананы өзгерту аса қиын ғана емес, аса ұзақ шаруа.
Бұл үшін ұзақ уақыт еңбек ету қажет еді. Сонымен қатар «жаңа заман
адамын» дүниеге әкелу қажет болды. Ескі дәстүрден ажырау қажет
болды. «Біз бұрынғы Ресей емеспіз, біз жаңа, жаңарған Ресейміз,
бөлек елміз!» деген қағидатты қалай болғанда да қоғамға, әлемге
жеткізу қажет болды. Ал оны қалай жасауға болады? Ең озығы –
тілдік, әліпбилік реформа. Байқасаңыздар, 1917 жылдан кейін
большевиктер орыс тілін мүлдем түрлендіріп жіберді, тіпті жаңа орыс
тілін жасап шығарды деп айтсақ, артық кетпейміз. Оған барша
мәтіндердің жаңарған әліпбимен жазылып, оқытылғанын қоссаңыз,
бірнеше жылдың ішінде, бас-аяғы 6-7 жылдың ішінде бір
символикалық қоғамның орнына екінші бір, мүлдем бөлек қоғам
орнады.
Кейбір ойшылдарымыз – «Егер латынға көшсек, Кеңес дәуірінде
жасалған бүкіл әдебиетіміз, қазақ тілінде жазылған тамаша ғылыми
еңбектеріміз ұмытылып қалып қояды. Кейінгі ұрпақ оқи алмайды»
деген уәж айтуда. Біздің ойымызша, мұндай алаңдаушылық орынсыз.
Келер ұрпақ ешқашан кириллицамен жазылған дүниелерден көз
86
жазып қалмайды. Бүгінгі латын қарпіне көші осыдан бір ғасыр
бұрынғы латын қарпіне көшуден мүлдем ерекше, басқаша. Біз
ақпараттық заманда өмір кешіп жатырмыз. Әдеби-тарихи мұраның
сандық технологияларға көшіріліп, жаңа тұрғыдан таңбаланып затқан
кезеңінде жүрміз. Осы кезге дейін кирилл қарпінде шығарылған,
жарияланған мұрадан айрылып қалмаудың бірден-бір жолы – оларды
цифрлау, сандық технологияға көшіру. Егер кітапханаларымыз,
басылымдарымыз жақсы форматта интернеттен орын алса, олардың
латын қарпіне көшірілуі пернетақтадағы бір шүріппені басу арқылы
шешіледі. Мысалы, бүгінгінің өзінде кирилл қарпінде жазылып
жатқан ақпараттарды бірден төтеге немесе латын қарпіне аударатын
техникалық бағдарламалар баршылық. Қазақ руханиятын сканерден
өткізіп, компьютер немесе смартофондар арқылы оқуға, тұтынуға
лайықтап жатқан ұйымдар да жоқ емес. Егер латынға көшу
жұмыстары аясында арнайы шешімдер қабылданып, тиісті қаржы
көздері анықталса, осы жұмысты өндірістік сипатқа айналдырып,
бірнеше жылдың ішінде атқарып тастауға болады. Сонда Кеңес дәуірі
кезінде
қалыптасып,
жасақталған
әдебиеттердің
бірде-бірі
жоғалмайды деп айтуға әбден болады.
«Латынға көшкенде, кириллмен жазылған мәдени мұра қайда
қалады?» деген сұраққа әзірбайжандар әдемі жауап берді.
«Әзірбайжанның болашағы үшін қажеті жоқ мұралар кириллден
ауыстырылған жоқ. Қайта болашаққа қажетті дүниені реттеп алу
мүмкіндігі туды» деді. Тәуір деп танылған дүниелердің барлығы
латын қарпіне көшірілетіні даусыз. Бұл тұста Қазақстанның халық
жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Оқылатын кітап қай әліпбимен
жазылса да, оқылады. Оқылмайтын кітап қалай жазсаң да,
оқылмайды» деген пікірі тура келеді.
Латын әліпбиіне көшуді көпшілік қолдап отыр. Латын әліпбине
көшудегі ең басты мәселенің бірі – қолданылуға өте ыңғайлы, әлемдік
жаңа технологияларға ыңғайланған, қазақ тілінің, сондай-ақ
Қазақстанда тұрып жатқан басқа сан ұлттың тілдік жайларын да
қамтитын жақсы латын харпіндегі алфавитті құрастыру болып
табылады. Алайда қазақ тілі дыбыстық жүйесінде қанша дыбыс бар
екені және олардың саралануы, дауысты-дауыссыз болып жіктелуі
баяғыда жасалып қойылса да, латынша жаңа әліпбиге көшкенде
қандай сипатта болатыны әлі күнге даулы болып келеді. Ол үшін
қазіргі жазуымызға реформа жасау керек екенін көпшілік мойындай
бастады. Кезінде орыс тілінсіз өмір сүру қиын болды. Бүгінде ол
орынды ағылшын тілі басты. Ағылшында сөздердің жазылуы бір
бөлек, оқылуы бір бөлек. Біз ағылшын әрпінен жазылуын ғана аламыз
да, ал дыбысталуын өзімізге бейімдеуіміз керек.
87
Қазақ тілі – бай тіл, терең тіл. Алайда, оның ғылым мен бизнес
тіліне айнала алмай келе жатқаны жалпыұлттық, баршаға ортақ
мәселе екені хақ! Бізге шын мәніндегі мәдени жаңғыру ауадай қажет.
Оған латын қарпіне өту, символикалық ортаның түбегейлі өзгеруі
түрткі, мықты серпін береді деп сенеміз. Символикалық ортаның күрт
өзгеруі, жаңалануы қалыптасқан сана инерциясын жеңуге, тілдік
реформаларды нартәуекелдеп бастап, жүргізіп кетуге түрткі болғаны
керек.
Латын әліпбиі ғылымның, технологияның, медицинаның тілі.
Қиындықсыз үлкен шаруалар бітпейді. Кезінде астананы солтүстікке
көшірерде талай адам қарсы болды. Солардың бәрі Астананың
төрінен үй алды. Көшу керек, солтүстікті қазақыландыру керек
дегендердің көбі ескерусіз қалды. Сондықтан, қарсылар уақыт өте
келе бұл саясаттың дұрыстығына көз жеткізетін болады.Мәселе тек
осы үрдістің философиясы мен идеологиясын анықтауға, әдістемесі
мен іске асыру жолдарына тіреліп тұр. Қалай болғанда да мынаны
ұғынып алғанымыз дұрыс. Жаңа әліпбиге өту – үлкен ұлттық
нартәуекел. Жаңа әліпбиге көшу – ұлы өркениеттік таңдау, бәлкім
тәуелсіздігіміздің алғашқы елу жылының ең тағдырлы, ең ғаламат
саяси-символикалық таңдауы шығар.
Достарыңызбен бөлісу: |