Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет115/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   135

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы «Юрист» баспасы, 2013 

жыл. 


2.

 

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралыҚазақстан Республикасының 



Парламентінің жаршысы,  2011 жылғы 26 желтоқсан №6 49-құжат. 

3.

 



Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы1991 жылғы 20 желтоқсандағы 

Заңы. 


4.

 

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы  Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас 



Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) 

қабылданған  

5.

 

http://www.baq.kz/news



 

 

УДК 34 



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР 

Өмірбеков Байбек Нурбекұлы, Амангелдиев Бауыржан Қасымұлы 

Абылай хан атындаған Қазақ Халқаралық Қатынастар және Әлем Тілдер                                     

Университеті 

Адамзаттың  даму  тарихындағы  барлық  кезеңдерде  жазушылар,  ақындар, 

суретшілер,  ғалымдар  еңбектерінің  жемісі  адамзат  пен  қоғамның  рухани    байлығының 

негізі  болатын.  Нарықтық  экономика  жағдайында    әдебиет,  көркем  өнер  және  ғылым 

туындылары  сияқты  шығармашылық  қызмет  нәтижелері,  адам  мен  қоғамның  рухани 

өмірінің негізін құрап, оның даму деңгейінің көрсеткіші ретінде қалыптасып қана қоймай, 

нарықтық қатынастарда тауардың ерекше түрі нысанындағы тауар айналымының объектісі 


849 

 

ретінде  қалыптасты.  Заманның  объективті  үрдістері,  ең  алдымен  ғылыми-техникалық 



прогресстің қарқынды дамуы, рухани игіліктер жаратушыларына ғана емес, сонымен қатар 

тұтынушыларға  жаңа  көкжиектерді  ашуда.  Осыған  орай,  атақты  американ  композиторы, 

актеры,  продюсеры  Б.  Шерманның  айтқан  сөздері  орынды:  «Белгілі  бір  мемлекетте 

шығармашылық  тұлға  қандай  құрметке  ие  болатынын  білудің  ең  оңай  тәсілі-  осы 

мемлекеттің авторлық құқық туралы заңнамасымен  танысу».        Батыста авторлық құқық 

аясы  мемлекет  жағынан  зор  ілтипатқа  ие  облыстардың  бірі  болуы  —  дамыған 

мемлекеттерге  өндірістік  өнімді  өндіру  саласында  әлемдік  көшбасшыларына  айналуына 

жол ашты. Мысал ретінде, Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйымының 

мәліметтері бойынша Америка Құрама Штаттарында авторлық құқыққа негізделген ұлттық 

зияткерлік индустриясының үлесі 12%-ды құрайды [1]. Ақшалай эквивалентке аударғанда 

500  млрд.  долларға  тең,  бұл  американдық  киім,  автокөлік,  компьютерлер  мен  ұшақтар 

экспортын қоса алғандағы жалпы көлемінен асады. 

 Қазақстан  Республикасына  келсек,  бізде  де  зияткерлік  меншік  болашақта  мемлекет 

азаматтарының    әл-ауқаттылығы  деңгейін  белгілейтін,  құнды  ресурс  ретіндегі  қас 

маңыздылыққа ие бола бастады. 

 Бұрынғы кеңес кеңістігінде сияқты, Қазақстанда  да  зияткерлік меншіктің ұлттық жүйесі 

республиканың  өз  тәуелсіздігі  мен  дербестігін  алғаннан  кейін  қалыптаса  бастады. 

Осылайша, 1992 жылы Қазақстан Республикасының  Министрлер Кабинетінің шешіміне 

сәйкес  Авторлық  құқық  туралы  Бүкілодақтық  Агенттіктің  қазақстандық  бөлімшесі 

негізінде  Авторлық  және  сабақтас  құқықтар  туралы  Мемлекеттік  Агенттік 

ұйымдастырылды.                                 1996 жылы Авторлық және сабақтас құқықтар туралы 

Мемлекеттік Агенттік құрастырған «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» (әрі қарай 

—  Авторлық құқық туралы заң) Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды. 

 Қазіргі  таңда  авторлық  құқықты    қамтамасыз  етудің  негізгі  функциясы  2001  жылы  

Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігімен  ұйымдастырылған    Зияткерлік  меншік 

құқығы  жөніндегі  Комитетке  жүктелді.  Осы  органның  негізгі  міндеттерінің  бірі  – 

авторлардың  құқықтарын  сақтаумен  байланысты  қатынастарды  мемлекеттік  реттеу, 

пайдаланушылардың  құқықтық  сауаттылығын  көтеру,  сонымен  қатар  зияткерлік  меншік 

объектілерін пайдаланатын тұлғаларды қадағалау. 

 Біраз  уақытқа  дейін  қазақстандықтардың  көпшілігі  үшін  зияткерлік  меншік  күнделікті  

тәжірибеде қолданысқа ие емес, тұманды құқықтық түсінік ретінде қалатын. Бірақ қазіргі 

таңда  көпшілік  компаниялар  мен  ұйымдар    зияткерлік  меншік  объектісіне  айрықша 

құқықтар, бәсекелес артықшылықтардың ерекше түрі екендігіне көз жетті. 

 Соған  қарамастан,  ғылым,  әдебиет  және  өнер  туындыларын  коммерциялық  негізде 

пайдаланатын  тұлғалардың  құқықтық  сана  деңгейін  көтеру  –  басты  мақсаттардың  бірі 

ретінде қала берді. 

 Қазіргі кезде Қазақстан Зияткерлік меншік жөніндегі Дүниежүзілік ұйымның шегінде іске 

асатын  бірқатар  халықаралық  шарттар,  келісімдер  мен  конвенциялардың  толық  құқылы 

мүшесі  болып  табылады,  соған  қарамастан  республикада  авторлық  құқықты  қорғау 

халықаралық  деңгейге  жеткілікті  түрде  сәйкестендірілмеген.  Осылайша,  Еуропалық 

Одақтың сауда директораты Қазақстанда жұмыс істейтін  өз өкілдері, жеке компаниялар 

мен  авторлық  құқықты  қорғау  жөніндегі  қоғамдар  арасында  сауалнама  жүргізу  арқылы, 

Қазақстанда  зияткерлік  меншік  құқығын  бұзу  жеткілікті  түрде  таралған  тәжірибе  деген 

шешімге  келді.  Еуропалық  Одақ  мүшелері  мен  Америка  Құрама  Штаттары  жағынан 



850 

 

республика экономикасына ұдайы құйылатын инвестицияларды ескере отырып, зияткерлік 



меншікті қорғау аясындағы Қазақстанның ұлттық заңнамасын жетілдіру мен халықаралық 

құқық нормаларына сәйкестендіру – міндеттердің ең маңыздысы болып табылады.  

Халықаралық  тәжірибе  көрсеткендей,  қандай  да  болсын  мемлекеттің  міндеті  –  бұл 

авторлардың  құқықтарын  бұзумен  күресу  аясында  тиімді  құқық  қолданушы  жүйені 

құрастырып, енгізу. Зияткерлік меншік  құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды кезеңі – 

зияткерлік  меншік  құқықтарымен  байланысты  қылмыс  пен  құқық  бұзушылықтар  үшін 

жауапкершілікті  қамтитын  Қылмыстық  кодекс  пен  Әкімшілік  құқық  бұзушылықтар 

жөніндегі  кодекстің  қабылдануы.  Ұлттық  заңнаманы  Дүниежүзілік  Сауда  Ұйымының 

үлгіқалыптарымен толық сәйкестендіру мақсатында 2005 жылы «Авторлық және сабақтас 

құқықтар  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңына    туындыларды  ретроактивті  қорғау 

бөлігіне  түзетулер  енгізілді,  дәлірек  айтсақ,  дамушы  мемлекеттерде  сияқты  авторлықты 

қорғаудың мерзімі 50 жылдан 70 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, республикада 

авторлар  үшін  қажетті  жағдайларды  қамтамасыз  ететін  «2005-2015  жылдар  аралығына 

арналған  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  инновациялық  жүйесін  қалыптастыру  мен 

дамыту жөніндегі Бағдарлама» қабылданды. 

 Қазақстанның «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» қолданыстағы Заңы 10 маусым 

1996 жылы қабылданды, оған дейін 1991 жылғы Жоғарғы Кеңеспен қабылданған азаматтық 

заңнама Негіздері қолданылатын. Авторлық құқық туралы заңына түзетулер 1998 жылы 9 

шілдеде  енгізілді,  өзгерістерді  енгізу  –  Қазақстанның  16  сәуір  2004  жылы 

ратификацияланған  Зияткерлік  меншік  жөніндегі  Дүниежүзілік  ұйымының  «Интернет 

келісімдеріне» қосылуымен түсіндіріледі.  

Алдымен, Зияткерлік меншік жөніндегі Дүниежүзілік ұйымының авторлық құқық туралы 

келісімімен  байланысты  түзетулерді  енгізуге  дейінгі  Қазақстанның  авторлық  құқық 

аясындағы  жағдайын  қарастырайық.  Осыдан  кейін  осы  түзетулердің  қаншалықты  дұрыс 

іске асырылғанын талдаймыз. Авторлық құқық туралы Заңның негізін қалаушы ережелер 

келесі аспектілерді қамтиды: 

 Қазақстан территориясында объективті нысанда көрініс табатын туындыларды қорғаудың 

ұлттық  режимі;  қорғау  мерзімі  –  автор  қайтыс  болғаннан  кейін  50  жыл  (ескертпе:  2005 

жылы  ұлттық  заңнаманы  Дүниежүзілік  Сауда  Ұйымының  үлгіқалыптарымен  толық 

сәйкестендіру  мақсатында  авторлықты  қорғаудың  мерзімі  50  жылдан  70  жылға  дейін 

ұзартылды);  компьютерлік  бағдарламалар  мен  база  деректерін  қамтитын,  қорғау 

объектілерінің  ашық  тізімі;  қорғау  қабілеттілігінің  межесі:  ерекшелік  және  объективті 

нысан;  мүліктік  емес  құқықтар:  авторлыққа  құқық,  автордың  абыройын  қорғауға  құқық 

және  туындыны  кері  қайтарып  алу  құқығын  қамтиды  (2004  жылы  шілдеде  қабылданған 

түзетулерге  байланысты  жария  шығару  құқығы  қосылды);  мүліктік  құқықтар  жарыққа 

шығару,  тарату,  импорт,  көпшілікке  көрсету  құқығы,  көпшілік  алдында  атқару  құқығы, 

көпшілікке хабарлау құқығы, эфирге хабарлау құқығы,  аудару құқығы, өңдеу құқықтарын 

қамтиды. 2004 жылы шілдеде енгізілген түзетулерден кейін бұл тізім сарқылмайтын қатарға 

жатқызылды;  еркін  пайдалану:  жеке  пайдалану  үшін  шығару,  дәйектеу,  оқу-білім 

мақсатында  шығару,  ақпараттық  мақсатта    эфирге  хабарлау,  зағип  жандар  үшін  арнайы 

тәсілдермен шығару, кітапханалар мен мұрағаттарда шығару, ресми салтанатты кездерде 

сот,  әкімшілік  мақсаттарда  шығару,  өзгерту,  декомпиляция,  сонымен  қатар  мұрағаттық 

мақсаттарда компьютерлік бағдарламалар мен деректер базаларының көшірмелерін жасау 

жағдайларын қамтиды. 



851 

 

 Цифрлік аспектілерге келсек, Қазақстанда ол үлкен тәжірибелік сұранысқа ие болған жоқ. 



Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, отандық құқық иемденушілері әлі де Интернет 

арқылы  туындыларды  құрастыру,  тасымалдау  айналымына    жеткілікті  түрде 

қатыстырылмайды,  сондықтан  да  Интернетті  пайдаланушылар  жағынан  зиян-зардапты 

сезбейді. Екіншіден, Қазақстанда Интернетті пайдаланушылар саны салыстырмалы түрде  

әлі де аз. Шамамен мынадай сандар: 1996 жылы -10 мың, 2000 жылы – 70 мың, 2002 жылы 

— 250 мың, 2005 жылы -1 200 000, 2009 жылы-2 300 000 [2]. Алғашында, өсу қарқындығы 

жылдам  көрінгендігімен,  2  300  мың  адам  Қазақстан  халқының  тек  қана  14,9  % 

құратындығын  аңғару  керек.  Үшіншіден,  Қазақстанда  құқықтарды  ұжымдық  басқару 

ертеден  бері  ауқымды  қолданысқа  ие  болмады,  сондықтан  да  қоғамға  авторлардың 

құқықтарын сақтауды қамтамасыз ететін берік құрал жетіспейді. 

 Соған  қарамастан,  өзгерістерді  енгізуге  дейін  Интернет  пен  цифрлік  ортаға  байланысты 

теоретикалық  даулы  сұрақтар  көтерілген  болатын.  Олар  келесі  мәселерге  қатысты:  1) 

«әлемдік желіде» туындыны уақытша сақтау және іздеу (браузинг) автордың келісімімен 

іске асырылуы тиіс пе; 2) туындыларды еркін пайдалану жағдайларына Интернеттің әсері; 

3) Интернеттегі «қарақшылықпен» күресудің жаңа шараларының қажеттілігі.  

1) Бірінші  сұраққа келсек, Авторлық  құқық  туралы заңда, қандай да болсын электронды 

нысандағы  (цифрлік  нысанды  қоса)  уақытша  сақтау  қайта  шығару  деп  есептеледі. 

Осылайша,  Интернет  режимінде  туындыны  уақытша  сақтау  мен  іздеу  (еркін  пайдалану 

жағдайларынан басқа) автор келісімімен жүргізілуі тиіс. 

 2) «Әлемдік желіде» кітапханалар, мұрағаттар мен білім беру мекемелеріне қатысты еркін 

пайдалану  жағдайлары  әрдайым  уайым  туғызатын.  Репрографиялық  жарыққа  шығару 

жағдайлары ғана айрықшаланады. Нәтижесінде, шынында да кітапханалар, мұрағаттар мен 

білім беру мекемелерінің цифрлік жарыққа шығаруымен байланысты шараларды қолдану 

қажеттілігі пайда болды. 

 Авторлық құқық туралы заң өтемелік сипаттағы ғана қорғау әдістерінің тізімін қамтитын: 

құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын 

немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю; айырылып қалған пайданы қоса 

алғанда,  шығындардың  орнын  толтыру;    құқық  бұзушы  авторлық  және  сабақтас 

құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу. Авторлық құқық туралы заңмен 

превентивті шаралар көзделмелген болатын, ал заң актілермен қарастырылмаған әдістерді 

құқық иемденушілер қолдануға  құқылы емес. Осылайша, «цифрлік» контрафакцияға қарсы 

қолданыстағы  қорғау  шаралары  жеткілікті  болмайтын,  сондықтан  да  Интернет  құқық 

бұзушыларымен күресу үшін жаңа шаралар қажет болатын. 

 Ендеше, «цифрлік күнтізбедегі» жағдайлардың өзгеруін түсіну үшін, 9 шілде 2004 жылы 

енгізілген өзгерістерді жекелеп қарастырайы 

—  Уақытша  қайта  шығару.  Авторлық  құқық  туралы  заңның  алғашқы  редакциясында  

уақытша қайта шығару мәселесі көтерілген болатын, бірақ енгізілген өзгерістерден кейін 

«қайта шығару» түсінігіне «уақыт оқшаулаушы» қасиетке ие болды (немесе Райнбот пен 

фон Левински тілімен айтқанда, «болашақтың оқшаулылығы») [3, 42 бет]. Анықтама нақты 

материалды тасымалдауыш түрлерінің  шектеулілігін алыптау тастау мақсатында өзгертілді 

– бұл  «қандай да болсын объективті нысанда»  деген түсінікті енгізумен іске асырылды. 

Авторлық  құқық  туралы  заңның  қазіргі  редакциясына  сай,  «қайта  шығару»  — 

«туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектiлерiнiң бiр немесе одан да көп тұрақты 

немесе  уақытша  даналарын  кез  келген  әдiспен  және  кез  келген  нысанда,  толық  немесе 



852 

 

iшiнара, тiкелей немесе жанама түрде дайындау. Дыбыс- немесе бейнежазбаны дайындау, 



екi өлшемдiк немесе үш өлшемдiк туындының бiр немесе одан да көп даналарын дайындау, 

сондай-ақ  туындыларды  немесе  сабақтас  құқықтар  объектiлерiн  кез  келген  материалдық 

нысанда кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау қайта шығару түрлерi болып табылады»  

деп анықталды. 

 Авторлық құқық туралы заң мен Ақпараттық қоғам туралы Еуропалық Одақ Директивасын 

(әрі  қарай  Директива)  салыстырсақ,  келесіні  аңғарамыз  [4]:  Директивада  уақытша  қайта 

шығару  іс-әрекеті  қайта  шығару  анықтамасынан  алып  тасталып,  оның  құқықтық, 

«техникалық»  межелері  белгіленді,  ал  Авторлық  құқық  туралы  заңда  уақытша  қайта 

шығару  —  қайта  шығару  анықтамасында  қамтылып,  еркін  қайта  шығарудың  барлық 

жағдайларында белгіленген болатын. Нәтижесінде, қазақстандық заң бойынша,  уақытша 

қайта  шығарудың  «техникалық»  межелерге  сәйкестігін  тексеру  қажет  емес.  Авторлық 

құқық  туралы  заңда  бір  ғана  меже  белгіленген,  ол  –  уақытша  қайта  шығарудың  еркін 

шығару жағдайына жатқызылатындығын анықтау. 

—  Жалпы  жұрттың  назарына  жеткізу  құқығы.  2004  жылғы  өзгертулер  «жалпы  жұрттың 

назарына жеткізу құқығы»  анықтамасын енгізіп, «авторлық құқық және (немесе) сабақтас 

құқықтар объектiлерiн көпшiлiкке, олардың жеке қалауы бойынша кез келген жерден және 

кез  келген  уақытта  (интерактивтiк  режимде)  қол  жеткiзудi  жүзеге  асыра  алатын  сым 

арқылы немесе сымсыз байланыс құралдарымен хабарлау» деп анықтама берген болатын. 

Соған  қарамастан,  жалпы  жұрттың  назарына  жеткізу  құқығы  себепті  жағдайларсыз 

сабақтас құқықтар иемденушілеріне беріліп, авторларға ғана тиесілі емес болатын. 

—  Қорғаудың  превентивті  әдістері.  Техникалық  шараларға  қатысты  міндеттемелер. 

Авторлық құқық туралы заңмен техникалық құралдар «осы Заңмен қорғалатын, кез келген 

авторлық  немесе  сабақтас  құқықтардың  бұзылуын  болдырмауға  немесе  бұзуға  кедергi 

келтiруге  арналған  тәсiлдiң,  құрылғының  немесе  бұйымның  құрамдас  бөлiгi  болып 

табылатын кез келген құрылғы, бұйым немесе компонент» деп анықталды. «Контрафактілік 

дананың» өзгертілген анықтамасында техникалық әдістерді айналып кету заңсыз іс-әрекет 

деп  танылады:  «құқық  иеленушiнiң  рұқсатынсыз  құқықтарды  басқару  туралы  ақпараты 

жойылған  немесе  өзгертiлген,  немесе  объектiлердi  қорғаудың  техникалық  әдiстерiн 

айналып  өтуге  мүмкiндiк  беретiн  заңсыз  пайдаланылатын  құрылғылардың  көмегiмен 

жасалған  авторлық  құқықтың  және  сабақтас  құқықтардың  объектiлерi  де  контрафактiлiк 

болып танылады». Соған қарамастан, қорғаудың техникалық  шараларына қатысты ереже, 

ең  алдымен,  Қазақстанда  шет  ел  иемденушілерінің  туындыларына    (немесе  сабақтас 

объектілеріне)  қолданылады,  себебі  отандық  құқық  иемденушілер  үшін  қорғаудың 

техникалық шараларын пайдалану- қымбат [5, 30-32 беттер]. 

—  Құқықтарды  басқару  жөнiндегi  ақпарат.  Құқықтарды  басқару  жөнiндегi  ақпарат  – 

Авторлық құқық туралы заңының тағы да бір жаңа ережесі.                              Ол «туындыны, 

туынды  авторын,  орындаушыны,  орындаушының  орындаушылығын,  фонограмма 

жасаушыны,  фонограмманы,  туындыға,  орындаушылыққа  немесе  фонограммаға  немесе 

туындыны,  орындаушылықты  немесе  фонограмманы  пайдалану  шарттары  туралы 

ақпаратқа  қайсыбiр  құқық  иеленушiнi  бiрдейлендiретiн  ақпарат.  Ақпараттың  кез  келген 

элементi туындының, жазып алынған орындаушылықтың немесе фонограмманың данасына 

қоса берiлетiн, не жалпы жұрттың назарына туындыны хабарлауға немесе жазып алынған 

орындаушылықты немесе фонограмманы хабарлауға және (немесе) жеткiзуге байланысты 

пайда  болатын  кезде  осындай  ақпарат  берiлген  кез  келген  цифрлар  немесе  кодтар  да 



853 

 

құқықтарды  басқару  жөнiндегi  ақпарат»  деп  ұғынылады.  Құқықтарды  басқару  жөніндегі 



электронды ақпаратты жою мен өзгерту үшін ғана жауапкершілікті қамтитын Зияткерлік 

меншік  жөніндегі  Дүниежүзілік  Ұйымымен  құрастырылған  Авторлық  құқық  туралы 

келісімінің  12  бабымен  салыстырғанда,  Авторлық  құқық  туралы  заңда  жауапкершілік 

қандай да болсын құқықтарды басқару жөнiндегi ақпаратты белгілеумен ерекшеленеді [6, 

20-36 беттер]. 

 Зияткерлік  қызмет  нәтижелерін,  әсіресе  авторлық  және  сабақтас  құқықтар  объектілерін 

қолданумен байланысты қатынастар, әрі қарай одан да терең, шұғыл дамитыны — күмәнсіз 

ақиқат.  Нәтижесінде,  ұдайы  қорғаудың  жетіспеушілігіне  не  жол  бермейтін  тым,  асыра 

қорғаушылыққа әкелетін, қазіргі кезге дейін «аласапыран» дамыған зияткерлік меншікке – 

жаңа    бағыттың  белгіленуі  аса  қажет.  Екі  жағдай  да  пайдаланушылар  мен  құқық 

иемденушілер  арасындағы  арақатынас  бұзылатын.  Сол  себепті  де,  бір  жағынан  – 

пайдаланушыларға зияткерлік құндылықтарды  тиімді пайлануға мүмкіндік беру арқылы, 

екінші жағынан – зияткерлік жетістіктер авторларына тиісті қорғау деңгейін қамтамасыз 

ету негізінде  едәуір «майысқақтық» таныту қажет. 

 Қарастырылатын  салада  цифрлік  және  компьютер-желілік  технологиялары  тудыратын 

жаңа, қарама-қайшы құбылыстарды ескеру- маңызды. Өзара түсіністік қағидасынан ұлттық 

және қолайлы режим қағидаларына өту, құқықтық нормаларының унификациялануы мен 

заңнамалардың  гармонизациялануы,  жаңа  жаһандандырылған  халықаралық  шарттардың 

пайда болуы, цифрлік желілердің дамуы – бұның барлығы авторлық құқықтың бірте-бірте 

жаңа    «трансшекаралық»  қасиетке  ие  болуына  әкеп  соқтырады.  Жаңа  құбылыстар 

халықаралық деңгейде келісілген әмбебап құқықтық жауаптардың табылуын қажет етеді. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



http://www.wipo.int/freepublications 

2.

 



http://www.internetworldstats.com/asia.htm. 

3.

 



Jorg Reinbothe and Silke von Lewinski, The WIPO Treaties 1996. The WIPO Copyright 

Treaty  and  the  WIPO  Performances  and  Phonograms  Treaty.  Commentary  and  Legal 

Analysis. Butterworths, 2002. 

4.

 



Директива Европейского Парламента и Совета 2001/29/EC от 22 мая                 2001 г. 

о  гармонизации  некоторых  аспектов  авторского  права  и  смежных  прав  в 

информационном обществе (OJ L 167/10 от 22 июня2001 г.). 

5.

 



Сауле  Масалина.  ДАП  и Закон  об  авторском  праве Казахстана  // Бюллетень 

ЮНЕСКО поавторскому праву (№1, 2006) 

6.

 

Керевер А. Новые договоры ВОИС: Договор по авторскому праву и Договор ВОИС 



по  исполнениям  и  фонограммам  //  Бюллетень  по  авторскому  праву.  –  1999.  –  Т. 

XXXII. – № 3. 

 

УДК 343.544 



 

КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЕЗӨКШЕЛІК 

ӘРЕКЕТТЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ  

Тасмагамбетова Бақыт Сансызбаевна  

 Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері 

Университеті  

 

Жезөкшелік  дегеніміз-  жеке  тұлғаның  сыйақы  алып,  басқа  адаммен  бейберекет 

жыныстық қатынаста болуын, өмір  сүру үшін қаражат  табу мақсатымен, сондай-ақ жеке 


854 

 

басының  баю  мақсатын  көздей  отырып,  өз  денесін  сататын  (негізінен  әйелдерге  тән) 



әлеуметтік  құбылыс.  [4,б.1]  Қазіргі  таңда  шетелде  жөзекшелік  әр  түрлі  қарастырылған. 

Кейбір  елдерде  қызмет  түрі  ретінде  айқындалса,  екінші  елдерде  –  құқық  бұзушылық, 

үшінші елдерде – қылмыс болып танылады. Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым 

салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы  конвенцияның (182-конвенция) 3-бабына 

сәйкес "балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiнің" бірі:   b) баланы жезөкшелiкпен айналысу 

үшiн,  порнографиялық  өнiм  өндiру  үшiн  немесе  порнографиялық  қойылымдар  үшiн 

пайдалануды, жалдауды немесе ұсыну.[3,б.3]  

Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасында  кәмелеттік  жасқа  толмаған  түлғалардың 

арасындағы  жезөкшелік  көлемінің  саны  жылдан  жылға  өсуде.  Қайда  болмасын 

жезөкшеліктің басты себептері: 

-Ата-аналарының  бермеген  тәрбиесінен,  ата-аналар  баланың    психикалық, 

адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз 

етпеуі; 

-Қоршаған орта; 

-Порнографиялық  фильмдер,  мақалалардың  көптігі,  олардың  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында көпшілікке ашық түрінде болуы; 

-Материалдық жағдайының төмендігі.  

Жезөкшелер дін мен ұлттық салт-дәстүрді аяққа таптап, халықтың ұлттық намысын, 

туыстарының ар-намысын қорлап, беделін түсіреді. 

Тәуелсіз  сарапшылардың  дерегіне  жүгінсек,  бүгінгі  күні  Қазақстанда  сырттан 

келгендерді  қоспағанда,  10  мыңнан  астам  жезөкше  бар,  олардың  20  пайызы  кәмелеттік 

жасқа  толмағандар.    Жезөкшелікті  заңдастырылмағанына  қарамастан,  олардың  қатары 

күннен-күнге  өсуде.  Құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлерінің  айтуына  қарағанда, 

жезөкшелікпен  күресу  мүмкін  емес.  Өйткені  қылмыстық  кодекстен  бұл  бап  алынып 

тасталған.  Демек, оларға не заңды түрде рұқсат етілмейді, не жазаға тартылмайды. Мұндай 

екі ұдай жағдайда адам саудасы сияқты аса ауыр қылмыстың алдын алу қиынның-қиыны.  

  Ішкі  істер  министрлігінің  ақпараты  бойынша,  2014  жылы  жезөкшелікпен 

айналысатын және құқық қорғау органдарында есепте тұратын әйелдердің саны 4000-ды 

құрады. Негізінде, интимдік қызмет көрсету сферасында істейтін әйелдердің жасы 15 пен 

35 аралығында. 

Халықаралық  деңгейге  сай  балалардың  өмір  сүру  сапасын  қамтамасыз  ету  үшін, 

Қазақстан  көптеген  халықаралық  құжаттарға,  соның  ішінде  Бала  құқықтары  туралы 

Конвенцияға  қосылғанымен,  Біріккен  ұлттар  ұйымының  бала  құқықтары  жөніндегі 

Комитетіне  қол  қойылған  нормативті  құқықтық  актілердің  орындалуы  туралы  позитивті 

есеп  бергенімен,  елімізде  бала  жағдайы  өзгерген  емес.  Жасөспірімдер  арасындағы 

жөзекшеліктің  кең  тарауы  бұл  Қазақстан  Республикасы  аумағындағы  тең  және  бірдей 

қолданылуы  міндетті  Конституция,  Заң  және  Республика  аумағында  ратификацияланған 

конвенциялар мен декларияның қолданылуы дұрыс қадағаланбауы себебінен болып отыр. 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  17  –  бабының    2  тармағы  «Ешкімді 

азаптауға,  оған  зорлық-зомбылық  жасауға,  басқадай  қатыгездік  немесе  адамдық  қадір-

қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығы» кәмелеттік жасқа 

толмаған тұлғаларды жезөкшелікпен айналысуға тарту әрекеттерін болдырмау мақсатында  

шын жүзінде асырылуы тиіс.[1,б.17]  

Баланың  құқықтары  туралы  2002  жылдың  8  тамыздағы  N  345  Заңының  10-бабына 

сәйкес, Мемлекет  баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етуін, оны тәнiн 

және  (немесе)  жанын  жәбiрлеуден,  адамдық  қадiр-қасиетiн  қатыгездiкпен,  дөрекiлiкпен 

қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық 

iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың 

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына 

қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырылуы міндетті.[2,б.10]  



855 

 

Қазақстан  Республикасының  нормативтік-құқықтық  құжаттары  кәмелеттік  жасқа 



толмағандар  тұлғаларға  жезөкшелікпен  айналысуына  жанама  түрде  тыйым  салғанымен, 

Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексте  жезөкшенің  өзін қылмыстық  жауапқа 

тартатын бап жоқ.  270-бапқа сәйкес, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту, 

271-бап:  кәмелетке  толмаған  адамды  жезөкшелікпен  айналысуға  тарта  отырып 

жезөкшелiкпен  айналысуға  арналған  притондар  ұйымдастыру  немесе  ұстау  және 

жеңгетайлық сияқты қылмыстары, 273-1-бап: кәмелетке толмағандардың порнографиялық 

бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды 

порнографиялық  сипаттағы  ойын-сауық  іс-шараларына  қатысу  ғана  қарастырылған.  Ал 

жезөкшелердің тікелей өзі теріс әрекеттері үшін тек қана әкімшілік жауапқа тартылады да, 

қылмыстық  жауаптылыктан  тысқары  қалады.  Сөйтіп  олар  өз  «қызметін»  одан  әрі 

жалғастыруға  мүмкіндік  алып,  оларды  жезөкшелікпен  айналысуға  тарткан,  немесе 

притонда  ұстаған,  жеңгетайлық  жасаған  субъектілердің  жаңа  тобы  қылмыстық  жауапқа 

тартылып, жазаланады. Яғни бұл ретте жезөкшелер қылмыстың қайнар көзі болып, көшеде 

қала  береді.  1979  жылы  балалардың  құқықтары  Декларациясының  2  –  бабында 

«Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау  барлық балаға бірдей тарайды. 

Мемлекет  баланы  зорлық  –  зомбылықтың  барлық  түрінен  қорғауға  және  оның  құқығын 

қорғау  үшін  тиісті  шараларды  қолдануға  міндетті.»  Сонымен  қатар  жасөспірімдерді 

жезөкшеліктен  қорғауға  Қазақстан  Республикасының  1989  жылғы  20  қарашада  Біріккен 

Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылданған Бала құқықтары туралы конвенциясы « 

Мемлекет  баланы  жезөкшеліктен,  порнографиядан  және  сексуалды  қанау  мен  зорлаудан 

қорғауы тиіс.» 

 Адамдардың  әр  нәрсенің  заңды  болғанын,  атқарып  отырған  қызметтерінің  құқылы 

болғанын  қалайтынын  алға  тартып,  Қазақстан  жезөкшелері  де  өз  «жұмысын»  құқық 

шеңберінде атқару үшін өз кәсіптерін заңдастыруды талап етіп отыр. Бірақ, менің ойымша, 

Қазақстан Республикасы жезөкшелікті қылмыс деп тануы қажет.  

Қорытындылай келе, жезөкшелікпен күрес бүкілхалықтық, әрі мемлекеттік маңызы 

бар  іс.  Сондықтан  бұл  бағытта  кешенді  бағдарлама  жасалып,  оны  жүзеге  асыру  үшін 

қажетті қаржы мөлшері бөліну керек-ақ. Жезөкшелікке қарсы үгіт-насихат жұмыстарымен 

қатар  жезөкшеліктен  пайда  болатын  түрлі  аурулардың  алдын  алу  тәрізді  медициналық 

шаралар да ұйымдасқан түрде жүргізілуі  тиіс.  «Қызға қырық үйден тыйым салу» тәрізді 

халық педагогикасын қайта жандандырудың қажеттілігі байқалады. 

Жезөкшеліктің алдын алудың келесідей ұйымдастырушылық- құқықтық шараларын 

ұйымдастыруды ұсынамын: 

1.Өмірде  қиын  жағдайға  ұшыраған  әйелдер  мен  жасөспірімдерге  әлеуметтік  көмек 

ретінде арнайы бейімделген орталықтар ашу; 

2.Жезөкшелікпен  және  жезөкшелікке  бейім  әйелдермен  тәрбиелік  жұмыстарды 

жүргізуді Қазақстан әйелдері қауымдастығының құзіретіне беру керек; 

3.Жезөкшелікпен қарсы күрес жүргізетін арнайы адамгершілік позициясын құру; 

4.  Порнографиялық  фильмдер,  мақалалардың  бұқарат  ақпараттарында  көпшілікке 

ашық түрінде болуына жол бермеу; 

5.Тәрбие,  оқу  мекемелерінде  жезөкшелікке  қарсы  бағыттайтын  оқу  құралдарын, 

түсінік  жұмыстарын,  оқу  бағдарламаларына  енгізіп,  жастарды  бұл  қауіпті  кеселден 

сақтандыру; 

6.Жезөкшелікпен айналысқаны үшін Әкімшілік айыппұл мөлшерін өсіру, қайталанған 

жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тарту бабын енгізу; 

7.Жезөкшелікпен күрес бағытында нормативтік құқықтық актілер қабылдау. 

8.Жезөкшелікті қылмыс ретінде тану. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет