«аудит» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Аудиторлық дәлелдеу мен оның аудиттегі ролі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар



бет32/56
Дата16.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68328
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56
3. Аудиторлық дәлелдеу мен оның аудиттегі ролі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар.
Тексеру жүргізгенге дейін тексеру процесінде сондай-ақ, оның аяқталу кезеңінде аудитордың жинаған және дайындаған мәліметтері өткізілген аудиторлық тексерудің куәлігі (дәлелі) болып табылады. Бұл мәліметтердің бір бөлігі – аудиторлық дәлелдемелер ретінде қарастырылатын құжаттар немесе олардың көшірмелері.
Аудиторлық дәлелдемелер дегеніміз – аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процесінде пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық дәлелдемелерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған және басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.
Аудитор тексерілген қаржылық қорытынды есептің дұрыстығын дәлелдеу үшін өзінің жинаған дәлелдерінің жеткілікті екендігінде сенімді болуға тиісті. 200 «Қаржылық қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты және оны реттеуші жалпы принциптер» деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес аудит қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмаланғандықтан (қателіктің) жоқ екендігіне қатысты саналы сенімділікті қамтамасыз етуге арналған.
Саналы сенімділік дегеніміз – бұл жалпы қаржылық қорытынды есепте елеулі қателердің (бұрмалаушылықтардың) жоқ екендігі жөнінде жоғары бірақ абсолюттік емес сенімділікті алу үшін қажетті дәлелдемелерді жинауға қатысты түсінік.
Барлық қолдағы бар дәлелдемелерге егжей-тегжейлі талдау жасап, оларды бағалау аудиттің құнын көтеруі мүмкін болғандықтан, бұл мәселе бойынша айқындық қажет. Ол үшін аудиторға өзіне қандай процедуралардың көмегімен алатындығын анықтап алу керек. Ол әділ және негізгі аудиторлық қорытынды жасау үшін жиналған дәлелдердің жеткілікті әрі сапаға сәйкес келетіндігіне сенімді болуға тиісті. Аудиторлық дәледемелердің сапасы оларды алу көздеріне байланысты.
Дәлелдемелер алудың негізгі көзі клиент әкімшілігінен, үшінші жақтан алынған, сонымен бірге аудитор өзі алған мәліметтер болуы мүмкін.
Клиент әкімшілігі дайындаған мәліметтерге төмендегі ақпарат көздерін жатқызуға болады:

        • Бастапқы құжаттар, статистикалық қорытынды есеп, жарғылық құжаттар, қаржылық қорытынды есеп, есеп регистрлері;

  • Талдау нәтижелері, ауызша сұхбат, салыстырулар, түгелдеу нәтижелері, басшылыққа жолдау жіберу.

Мұндай жағдайда аудиторға қаржылық қорытынды есептегі қате жіберу тәуекелділігін бағалау қиын болады. Егер аудитор бұл мәліметтерге сенім артуға шешім қабылдайтын болса, онда ол тексеруге аз уақыт шығындайды. Клиент басшылығы дайындап берген мәліметтерге қарағанда, үшінші жақтан алынған дәлелдемелер сенімдірек болады. Сонымен бірге, клиент басшылығы тарапынан қысым жасау ықтималдығы орын алды, ал аудитордың бұл ақпараттарды дайындаған үшінші жақтың жұмыскерлеріне сұрақ қою мүмкіндігі жоқ деп пайымдауға болады. Егер аудитор өзінің тікелей бақылауындағы ақпарат көздерінен алынған дәлелдемелерді пайдаланатын болса, әрине, жақсырақ болады. Бірақ, ол жеткілікті түрде күрделі және қымбат. Сондықтан аудитор үшін кәсіпорындағы шаруашылық операцияларының өзі жүргізген талдауы маңыздырақ. Мұндай кезде аудитор есеп құжаттарында қате көрсетілу мүмкін болғандықтан, шаруашылық операциялары жөнінде қауіпке көбірек ұшырайтын ақпараттарды алуына болады. Бір ғана шаруашылық операциясы жөнінде бірнеше ақпарат көздерінен алынған дәлелдемелер бір көзден алынған дәлелдемелерге қарағанда әлдеқайда сенімдірек.
Аудиторлық дәлелдемелер бірқатар белгілерге байланысты жіктеледі.
Қайнар көзіне байланысты:

  • ішкі;

  • сыртқы;

  • аралас.

Ішкі – аудиттелетін тұлғадан, яғни клиенттен, ауызша немесе жазбаша түрде алынған ақпараттар.
Сыртқы аудиторлық дәлелдемелер – аудиторлық ұйымның сұранымы бойынша үшінші тұлғалардан, басқа да ұйымдардан жазбаша түрде алынған ақпараттар.
Өз кезегінде, аралас дәлелдемелер – бұл клиенттерден жазбаша немесе ауызша түрде алынған және үшінші тұлғалармен расталған ақпараттар.
Сипатына байланысты:
- ауызша – басшылықтың мәлімдемесімен немесе қызметкерлерді сұрастыру арқылы алынған дәлелдемелер;

  • визуальды – бақылау нәтижелері;

  • құжаттық – қағаздардан, электронды және т.б. таратушылардан алынған ақпараттар.

Аудитор еш уақытта өз пікірінің түгелімен дұрыстығына толық сенімді бола алмайды. Сонымен бірге ол өзінің пікірі белгілі бір дәрежеде әділетті екендігіне сенімді болуға тиісті. Барлық дәлелдемелерді салыстыра отырып, аудитор қорытынды жасау үшін олардың жеткілікті түрде нанымды екендігін шеше алады. Ондай шешімді аудитор өзі алған дәлелдемелер төмендегі талаптарға сай екендігіне сенімді болса ғана қабылдай алады:

  • дұрыстық;

  • жеткіліктілік;

  • өз уақытында алынуы.

Дұрыстық дегеніміз – бұл аудитор алған дәлелдемелердің шын екендігінің және сенімге лайық болатындығының айғағы: егер дәлелдемелер жоғары дәрежеде шындыққа жататын болып есептелсе, ол тапсырылған қаржылық қорытынды есептің әділдігіне (объективтілігіне) аудитордың көзін жеткізеді. Мысалы, егер тауарлы-материалдық босалқыларға түгелдеу жүргізу аудитордың қатысуымен жүзеге асырылған болса, ондай дәлелдемелер аудиторға берілген мәліметтерден алынған дәлелдемелерге қарағанда сенімдірек болады. Дұрыстықтың сапасын көтеруге жағдай жасайтын құраушылары болады. Атап айтсақ, ақпараттардың тәуелсіздігі. Шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерден алынған дәлелдемелер клиенттің өзінен алынған дәлелдемелерге қарағанда сенімдірек (стандарт №500). Мысалы, сыртқы дәлелдемелер (банктердің, заңгерлердің, партнерлардың және т.б. хабарлары) субъектінің өзінен алынған жауаптарға қарағанда сенімдірек болады.
Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі. Алынған дәлелдемелердің сенімділігі ішкі бақылау жұмысының сапасына тікелей байланысты.
Құжаттарға жасалынған талдаулардың және берілген сұрауларға жасалынған бақылаулардың нәтижелері, ішкі бақылау құрылымдарының іс-шаралары мен процедураларының тиімділігі жөнінде жеткілікті дәлелдемелер алуға мүмкіндік береді.
Мұндай тексерулер жүргізілген іс-шаралардың немесе процедуралардың ерекшеліктері, оларды қолданудың тұрақтылығы және ол процедуралардың өткізілуіне жауапты тұлғалар туралы дәлелдемелер алуға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді. Бірақ, кейбір жағдайларда жұмыстың тиімділігін салыстыру үшін мәліметтер алу мақсатында аудитор да сондай жұмысты жүргізе алады. Егер аудитор ішкі бақылаудың іс-шаралары немесе процедуралары едәуір маңыздырақ болғандықтан олардың тиімділігі жөнінде қосымша дәлелдемелер алу талап етіледі деп есептейтін болса, онда қосымша тексеру жүргізу керек. Әдетте, аудитор бақылау жолымен тікелей алған дәлелдемелер сұрау беру арқылы алынған жанама дәлелдемелерге қарағанда сенімдірек. Мысалы, ішкі бақылаудың пайыздық ставкалар бойынша мәліметтерді толықтыруға бағытталған банктік процедурасы үлкен маңызға ие болуы мүмкін.
Мұндай кезде аудитордың ол процедураларды бірнеше рет жүргізу ықыласы туындауы мүмкін. Егер бақылау процедурасын интенсивті жүргізу қажеттілігі туындайтын болса, аудитор тексеру көлемін азайтуға бағытталған бақылау құралының пайдалылығы жөнінде шешім қабылдауға тиісті.
Аудитордың кәсіби біліктілігі. Аудитордың нақты тексеру жүргізу нәтижесінде тікелей алған ақпараттары клиентке сұрау беру арқылы алынған ақпараттарға қарағанда сенімдірек. Мысалы, егер аудитор жалпы табысты сатып - өткізу көлемін пайыздық қатынас арқылы есептеп, оны өткен жылдардың мәліметтерімен салыстыратын болса, онда мұндай дәлелдемелер ішкі бақылау дайындаған ақпаратпен салыстырғанда сенімдірек болады.
Жеткіліктілік аудиторлық дәлелдемелердің сандық өлшемі болып табылады. Қорытынды жасау үшін аудитор кәсіпорындағы бар барлық ақпараттарды жай ғана тексеріп қоймайды, дәлелдемелердің қажетті санын алу үшін ол іріктеу мөлшерін анықтайды. Себебі шаруашылық операцияларына қатысты қорытынды пікірлер ішінара (іріктеп) тексеру процедураларының көмегімен құралуы мүмкін.
Аудиторлық дәлелдемелердің өз уақытында алынуын екі жақты қарастыруға болады: дәлелдемелерді жинау кезеңдері бойынша және тексеру кезеңдері бойынша. Мысалы, ақша қаражаттарының өтімділігін (ликвидтілігін) баланс жасау мерзіміне жақындатыңқырап бағалаған дұрысырақ болады, себебі бұл кезеңде жинақталған дәлелдемелер нанымдырақ болады. Егер табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің дұрыстығына дәлелдемелер жинау керек болса, онда оларды іріктеу жолымен тексерудің барлық кезеңіне жинау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет