Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


Іс жүзіндегі жүргізілетін жұп тандаудың түрлері



бет39/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
44. Іс жүзіндегі жүргізілетін жұп тандаудың түрлері
Іс жүзінде жұп таңдау екіге болінед: табиғи және қолдан сұрыптау. Табиғи сұрыптау деп организмнің тіршілік ортасына бейімделу ерекшелмтерінің кейбір жеке артықшылыктарының арқасында тіршілік үшін күресте тірі қалып, ұрпақ қалдыруын айтамыз. Табиғи сұрыптау табиғат күштері ықпалымен өтеді. Мал топтарындағы жеке организмдер бір-бірінен көптеген тұқым қуалайтын белгілері арқылы ажыратылады. Бұл айырмашылықтар мутацияның пайда болуына және ата-аналық формалардың будандасу кезінде тұқым қуалайтын факторлардың комбина-циялануына (бірге уйлесуіне) байланысты. Мутацияның тұрақты әсер етуі және генетикалық факторлардың комбиналациялануы тұқым қуалайтын гетерогенділікті табиғи сұрыпталудьң алғы шартына айналдырды. Организмдердің әрбір жұбы өте көп ұрпақ беріп, шамадан тыс көбейіп кетуге бейім келеді. Мысалы, бір аналық майшабақ жыл сайын 40 мыңға жуық уылдырьқ шашады, бекіре балығы - 2 млн, жасыл бака - 10 мыңға жуық уылдырық шашады; Бұл құбылыс жер бетіндегі барлық тірі организмдерге тән қасиет. Бірақ табиғатта дәл осындай (жеке бір тірі организмдердің шамадан тыс) кобею байқалмайды. Демек, табиғатта организмдердің шамадан тыс кобейіп кетуін шектеп тұратын белгілі бір күш бар деген сөз. Ч. Дарвин ол күнгі тіршілік үшін күрес деп атады. Тіршілік үшін күрес организмдер активтілігінін барлық формаларын қамтиды. Кез келген хайуан өзінін қорегін табуда, жауларынан корғануда басқа организмермен белгілі бір карым-катынаста болады. Мысалы, қоян қасқырдан және басқа жыртқыштардан қашып құтылады, бірақ қыс айларында және қорек заттары тапшы жылдары қорек ушін олар өзара басекелеседі. Бірінші жағдай (қояндар мен қасқырлар) түр аралық күрестің, екінші жағдай (қояндар мен қояндар) тіршілік үшін күрестің көрінісі болып табылады. Бұдан басқа тіршілік үшін кұрестін түрі сыртқы тіршілік ортасының қолайсыз жағдайымен байланысты. Мысалы, бір түрдің өкілдері қолайсыз орта факторларының: аштықтың, суықтың, куаншылықтың және т. б. әсерлеріне төзімділік көрсету дәрежесі бойынша бір- бірімен бәсекеге түседі. Бұл бәсекеде бейімделу дәрежесі жоғары организмдер ғана ұрпақ қалдырып, тіршілігін әрі қарай жалғастырады, ал нашарлары жойылады. Колдан сурыптау деп адам өзіне ұнаған малдарды жеке іріктеп алып өсіруді айтады. Сонымен, қолдан сурыптауды үй малдары ішінде тікелей адам өзі жургізеді. Бұдан жануарлар мен өсімдіктер селекциясын адам өз колына алысымен, табиғат (табиғи сұрыптау) өз жайында қалады деген жалған ұғым тумау керек. Табиғи сұрыптау жануарларының ішінде де журеді. Адам онынң ықпалын бір арнаға түсіріп, қажетті бағытқа бұрып отырады, өзінің қалауына қарай табиғи сұрыптаудың әсерін күшейтіп, я бәсеңдетіп отырады. Табиғи сұрытау мен қолдан сұрыптаудың бір-бірімен ұқсастығы да, айырмашылығы да және байланыстылығы да бар.» Селекционер мұны өзінің мал тұқымын асылдандыру жұмысында ескеріп, басшылыққа алуы керек. Табиғи және қолдан сұрытау аралығындағы негізгі састык олардын эсеплеріне творчествалық сипаттың тәндігі. Табиғи сұрыптау түбінде жаңа тур шығарса, қолдан сұрьптау арқылы жаңа мал тұқымы шыгарылады. Табиғи сұрыптау малдың тіршілігіне қажет белгілерді ғана сақтап қалады, сондықтан ол белгілі бір ортада жақсы бейімделген, малдардығ сақталуын қамтамасыз етеді. Қолдан сұрыптауда мал белгісінің адамға қажеттілігіне байланысты сұрыпталынады. Көпшілігінде кейбір өнімдік белгілердің соншалықты жақсы дамуының организмге қажетті болмауы мүмкін. Міне бұл екі түрлі сұрыптау бағыттары нәтижелерінің басты айырмашыльғы. Табиғи сұрыптау әсіресе мал өсіруге экстенсивті жағдайда немесе табиғи жемшөп қорын, жайылымды мейілінше толық пайдалануға негізделген шаруашылқтар үшін өте маңызды. Себебі, бұл ретте қолдан сұрыптаудың нәтижелілігі сыртқы орта жағдайына тікелей байланысты. Сайып келгенде мал белгілерінің, организм қасиетінің жарасымды үйлесімділігін, оның өмірге бейімділігін тек қана табиғи сұрытау анықтайды. Адамға қажетті өнімділік қасиеттері жақсы дамыған малдың дене бітімінің беріктігі табиғи және қолдан сұрыптау , бағыттарының сәйкестігімен анықталады. Сонымен қорыта айтқанда, мал тұшымын асылдандыру жұмысын жүргізгенде, нақтылы ауа райы мен жер жағдайында табиғи сұрыптаудың бағытын біліп, оны қолдан сұрыптаумен ұтымды ұштастыра білу керек. Қолдан сұрыптау алға қойған мақсат пен нәтижесіне қарай негізінен үш түрге бөлінеді:
Қозғаушы;
Дизруптивті (бөлшектеуші, жіктеуші);
Тұрақтандырушы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет