Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


Инбридинг нәтижесінде мал өнімділігінің және тіршілікке қабілеттілігінің төмендеуі құбылысы



бет41/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73
48.Инбридинг нәтижесінде мал өнімділігінің және тіршілікке қабілеттілігінің төмендеуі құбылысы
Мал шаруашылығындағы инбридинг – жақын текті жануарлардың шағылысуы болып табылады. Мұны мал шаруашылығында ұзақ уақыт қолдану, жануарлардың тіршілік қабілетінің төмендеуіне, организмнің кейбір ауруларға қарсы тұру қасиетінің кемуіне, олардың беретін өнімі мен сапасының нашарлауына, мутантты ұрпақтардың пайда болуына және төлдерінің өлі тууына әкеледі. Тәжірибеде инбридингті жиі қолдану – организмде әр түрлі тұқым қуалайтын аномалиялардың көрінуіне әкеледі. Мысалы, селекцияда өсімдік сорттары мен асыл тұқымды малдың бағалы белгілерін сақтау мақсатында инбридингтің орташа деңгейі ғана қолданылады.

Жунисбаева Айзада 49-53


49.Таза тұқымды шағылыстыру дегеніміз не?
Мал өсіру әдістері деп шағылыстырылатын малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырып, жүргізген жұп таңдау жүйесін айтады. Негізінен малды өсіру әдістерінің үш түрін ажыратады: таза тұқым өсіру, будандастыру және түраралық будандастыру.
Таза тұқым өсіру әдісі – ұрпақтан-ұрпаққа бір тұқымның малын өзара шағылыстыруды айтады.
Будандастыру – тұқымдары бөлек малды шағылыстыру.
Түр аралық будандастыру – екі түрдің малын шағылыстыруды айтады.
Бұлардың әрқайсысы мал тұқымын асылдандыруда нақтылы бір селекциялық мәселені шешуге бағытталған. Олардың биологиялық мәні, генетикалық әсері әртүрлі. Дегенмен де мал өсіру әдістерін бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Себебі, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Шындығында таза тұқым өсіру әдісінсіз жеке мал тұқымы болмайды. Әртүрлі мал тұқымдары болмайынша, будандастыруды жүргізе алмаймыз. Екінші жағынан будандастыруды қолданбай жаңа мал тұқымын шығаруға болмайды. Сонымен мал өсіру әдістерінің бір-біріне қайшылығы жоқ, олар мал тұқымын асылдандыруда бірін-бірі толықтырады.
Жекелеген шаруашылықтарда мал өсіру әдістерінің қажетті түрін таңдағанда, сол шаруашылықтың мал өсірудегі негізгі мақсаты, бағыты өсіріп отырған мал тобының өнім дәрежесі ерекшеліктері басшылыққа алынады.
Таза тұқымды мал өсіру деп бір тұқымға жататын малды бір-бірімен шағылыстыру арқылы ұрпақ алуды айтады. Таза тұқым өсіру қазіргі уақытта да, келешекте де мал шаруашылығында жетекші рөл атқарады. Себебі тек таза тұқым өсіру әдісі арқылы ғана белгілі бір мал тұқымын сақтап және оны одан әрі жетілдіруге болады. Сонымен қатар кез келген будандастырудың нәтижелілігі, будандастырылып отырған мал тұқымдарының өнімдік құндылықтарына тікелей байланысты.
Мал өсірудің бұл әдісі алдымен асыл тұқымды мал шаруашылықтарында, тұқымдық мал алу үшін қолданылады. Себебі бір тұқымның малында өнімнің бағыты мен мөлшері, жалпы биологиялық және нәсілдік қасиеттері жағынан бір бағытта жүргізген сұрыптау, жұп таңдау жұмыстары және тегінің, өскен орталарының бірлігіне байланысты көптеген ұқсастық болады.
Таза тұқым өсіру әдісінің бұл ерекшеліктері, асыл тұқымды мал өсіруге бағытталған шаруашылықтардың негізгі міндетіне сай келеді. Ол міндет – өз тұқымына тән, өз бойындағы қасиеттерін ұрпағына тұрақты бере алатын мал өсіру, оларды тұқым малы ретінде басқа шаруашылыққа сату.
Таза тұқым өсіру әдісі сапалы, мол өнімді малы бар өндірістік шаруашылықтарда да қолданылады. Мұндай өндірістік шаруашылық асылдандыру жұмысын жолға қою арқылы, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылыққа айналуы мүмкін.
Сондай-ақ шаруашылықта өсіретін мал тұқымының артық, басқа тұқым болмаған уақытта да таза тұқым өсіру әдісі қолданылады. Мысалы, қаракөл қойының елтірісінің сапасы жағынан ешқандай қой тұқымы артық болмағандықтан, қаракөл қойын өсіретін барлық өндірістік шаруашылықтарда таза тұқым өсіру қолданылады.
Сонымен таза тұқым өсіру әдісі белгілі бір мал тұқымын сақтап, оны одан әрі жетілдіру үшін және таза тұқымды мал санын көбейту үшін қолданылады. Бұл әдістің құндылығы, міне, осында.
Таза тұқым өсіру әдісінің табысты болуы мынадай басты шарттарға байланысты:
Өнімі шаруашылықтың бағытына, биологиялық қасиеттері жергілікті жер жағдайына, ауа райына сәйкес келетін мал тұқымын таңдай білу;
Өнімділік және тұқымдық қасиеттері жағынан мал өсіру де алға қойған мақсатқа сай келетін, малдың ең жақсыларын жүйелі түрде сұрыптап өсіру;
Іріктеліп алынған малдан бір-біріне неғұрлым лайықты аталық және аналық жұптар құрастыру, яғни жұп таңдау;
Мал тұқымын биологиялық ерекшеліктері мен өнімділік қасиеттерінің толық дамуына қолайлы мал азықтандыру, бағып-күту жағдайын жасау.
Таза тұқым өсіру әдісі арқылы алынған малды таза тұқымды деп атайды. Малдың таза қандылығын әдетте зоотехникалық құжаттарға жазылған ата-тегіне, экстерьерінің сәйкестігіне қарап анықтайды. Күмәнданған жағдайда қанның құрамын тексеру арқылы анықтайды.
Таза тұқым өсірудің жоғары дәрежелі күрделі түрі, мал тұқымы ішінде өзіндік ерекшеліктері бар топтар – аталық із бен аналық ұялар құру және оларды мал тұқымын жақсарту бағытында тиімді пайдалану.

Малды таза өсіргенде жануарлардың тегіне көп көңіл бөлінеді. Оны әрине


мал асылдандыру жазбаларына қарап анықтайды. Өте бағалы аталықтың мал асылдануы жұмысында ролі зор. Қолдан ұрықтандыру әдісіне пайдаланғанда бір бағалы аталықтың спермасымен ондаған мың аналықты ұрықтандыруға болады. Қазіргі кезде аталық ұрығын мұз қылып қатырып, ұзақ уақыт сақтау әдістері жасалған. Осы әдіс бойынша өте бағалы аталықтардың сперма қоры жасалынатын болды. Осындай сперма қоры пайда болуына байланысты олардың ұрығы бір елде ғана емес, елдер арасында пайдалануға да мүмкіндік туды. Осы жұмыстарға байланысты ұрпағы бойынша тексерілген әрбір аталық асылдандыру карточкасымен бірге, тегі туралы және қанының поспорты болуға тиіс. Ол оның генетикалық толыққандылығын анықтау үшін және нағыз әкесі екендігін анықтау
үшін керек құжат болып табылады.

Малды таза өсіргенде асылдандыру жұмысын тек бір табында ғана емес, бүкіл тұқым бойынша жүргізуге де болады .Селекциялық орталықтар басқаратын ұқыммен асылдандыру жұмысын жүргізгенде асылдандыру жұмыстарының классикалық әдістерімен қатар ірі масштабты селекция әдісі де қолданылады Малды таза өсіру әдісі ешқандай да жаңалық бермейтін консервативті әдіс Болып табылады. Ол тұжырым теріс тұжырым. Әрбір тұқымның оның тұтастығын кәне өзгергіштігін сақтайтын генетикалық негізі бар. Зауыттық тұқымдардың ең басты қасиеті -өте жоғары тұқым ішілік шаруашылық-пайдалы қасиеттері бойынша өзгергіштігі. Осы өзгергіштігіне байланысты сұрыптау арқылы тұқымды жаңа қасиеттер қалыптасады .Малды таза өсіру сұрыптау мен кұптастырудың неше түрі әдістерін қолдану арқылы линия, ұя бойынша өсіру арқылы жүргізіледі .Таза тұқымды жануарлар асылдылық және өнімділік қасиеті бойынша алуан түрлі болып келеді.Сондықтанда тұқымды жетілдіре түсу үшін мақсатты жануарларды сұрыптау қажет. Осындай сұрыптау үшін жануарларды ұқым статусымен салыстыруға тура келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет