Ақуыздар «Жасушалық метаболизм» коммитиі



бет3/6
Дата02.11.2022
өлшемі6,98 Mb.
#46922
1   2   3   4   5   6

Ақуыз

Ақуыздың құрамы туралы алғашқы деректі голландтық химик, әрі дәрігер Г.Я. Мульдер берген. Ақуыз молекуласында 50-54% көміртегі, 21-23% оттегі, 16% азот, 0-10% фосфор, 6,5-7,3% сутегі, 0,3-2,5% күкірт бар. 1902 ж. неміс химигі Э.Фишер ақуыздың өзара пептидтік (ковалентті амидтік) байланыспен (-СО-NH-) байланыс-қан амин қышқылдарынан тұратынын болжаған.

Амин қышқылдары

1.Аланин (Ала) 11.Лейцин (Лей)

2.Аргинин (Арг) 12.Лизин (Лиз)

3.Аспарагин (Асн) 13.Метионин (Мет)

4.Аспарагин қышқ. (Асп) 14.Пролин (Про)

5.Валин (Вал) 15.Серин (Сер)

6.Гистидин (Гис) 16.Тирозин (Тир)

7.Глицин (Гли) 17.Треонин (Тре)

8.Глутамин (Глн) 18.Триптофан (Три)

9.Глутамин қышқ. (Глу) 19.Цистеин (Цис)

10.Изолейцин (Илей) 20.Фенилаланин (Фен)

Фибрилла тәрізді ақуыздар

Ақуыздардың кеңістіктегі құрылымына (конформациясына) байланысты түрлері:

1. Фибрилла тәрізді ақуыздар, су мен тұзды ерітінділерде ерімейді, полипептидті тізбегі (ППТ) өзара параллель орналасып, ұзын талшықтар (фибриллалар) түзеді (сіңір мен сүйек ұлпасындағы коллаген, шаш, тері, тырнақ, қауырсын құрамындағы альфа-кератин, серпімді дәнекер ұлпа құрамындағы эластин).

2. Глобула тәрізді ақуыздар, су мен тұзды ерітінділерде жақсы ериді, ППТ өте тығыз оратылып, сфера түзеді (барлық ферменттер, кейбір гормондар, антиденелер, сарысу құрамындағы альбумин, гемоглобин).

2. Глобула тәрізді ақуыздар, су мен тұзды ерітінділерде жақсы ериді, ППТ өте тығыз оратылып, сфера түзеді (барлық ферменттер, кейбір гормондар, антиденелер, сарысу құрамындағы альбумин, гемоглобин).

3. Аралық топтағы ақуыздар, талшықты ақуыздар тәрізді фибрилла құрылымды, глобулалы ақуыздар тәрізді тұзды ерітінділерде жақсы ериді (бұлшықет құрамындағы миозин, қан ұю жүйесіндегі фибриноген).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет