«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері


Қанды бактериологиялық зерттеуге шприцпен алу техникасы



бет13/29
Дата12.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#100733
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
«Аурухана ішілік ж палы ауру» т сінігіні аны тамасы, пайда бол

12. Қанды бактериологиялық зерттеуге шприцпен алу техникасы.
Қолданылған заттардың утилизациясы.


Көк тамырдан бактериологиялық зерттеуге және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін қанды алу


Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, астаушаларды, мақта шариктерін, салфеткаларды, тері антисептигін, бетпердені, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су өтпейтін тығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Пациенттен таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.

  2. Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

  3. Пациентке ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз).

  5. Бетпердені, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.

  6. Бір рет қолданылатын шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

  7. Пациенттің шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

  8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.

  9. Бұраудың бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

  10. Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

  11. Көктамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

  12. Көктамырды толтыру үшін пациенттің жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.

  13. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

  14. Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.

  15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ - иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.

  16. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

  17. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (пациенттің жұдырығы қысылған).

  18. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көктамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  19. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.

  20. Резеңке бұрауды шешіңіз, пациент жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.

  21. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, пациенттен шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.

  22. Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  23. Сол қолыңызбен стерильді пробирканың тығынын ашыңыз, стерильділікті сақтаңіз,пробирка ауызын спирт шамы жалынында күйдіріңіз.

  24. Шприцтегі қанды жаймен пробиркаға қабырға бойымен жіберіңіз. Тығынын спирт шам жалынында күйдіріп пробирканың ауызын жабыңыз.

  25. Қаны бар пробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.

  26. Пациентке тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.

  27. Көктамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Пациенттен мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.

  28. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз.

  29. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  30. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет