«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері


Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар



бет15/29
Дата12.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#100733
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
«Аурухана ішілік ж палы ауру» т сінігіні аны тамасы, пайда бол

Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар
А сыныбының медициналық қалдықтарын тасымалдау кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға арналған автокөлік құралы пайдаланылады.
Б және В сыныптарының сұйық медициналық қалдықтарын зарарсыздандырмай кәріз желісіне құюға жол берілмейді.
Медициналық қалдықтарды тасымалдауға арналған автокөлік құралы жеңіл дезинфекциялық өңделетін, су өткізбейтін жабық кузовпен жабдықталады. Осы автокөлік құралы басқа да мақсаттарға пайдаланылмайды.
Б, В сыныпты қалдықтарды денсаулық сақтау объектілерінің аумағында мамандандырылған қондырғыларсыз өртеуге тыйым салынады.
Қалдықтарды термиялық әдіспен залалсыздандыру медициналық қалдықтарды +800-1500оС төмен емес температурада арнайы қондырғыларда термиялық әсер ету жолымен жойылады.

14. Таяқты қолдану,түрлері, ережелері.


Таяқтарды қолдану
Таяқ – қозғалу кезінде қосымша тиянақ тірегі ретінде тұрақтылықпен қамтамасыз етеді, аяқтарға жүктемені төмендетеді. Таяқты жиі қарт адамдар, жарақаттан кейінгі реабилитация кезінде пациенттер қолданады. Таяқтың негізгі қызметі – тепе-теңдікті жақсарту.
Таяқ түрлері:

  1. Т-тәрізді тұтқасы бар таяқ - жүру кезінде сенімді тірек болып, қарт адамдарды және реабилитация кезінде пациентті сенімділік және жайлылықпен қамтамасыз етеді (1-ші сурет).

  2. Салмақ ортасы жылжыған таяқ – қосымша сақтандыру белбеуімен қамтамасыз етілген, координация қызметі бұзылған пациенттерге жүру кезінде тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Координация бұзылуларының себептері жиі жасына қарай болатын өзгерістер, неврологиялық аурулар болуы мүмкін (2-ші сурет).

  3. Жарты ай тәрізді жұмсақ тұтқасы бар таяқ – таяқтың тұтқасы артрит немесе артрозы бар пациенттер үшін қолайлы. Пациент қозғалмай бір жерде тұрған жағдайда екі қолымен тұтқасына сүйеніп тұруына болады. Ал қажет болмаған жағдайда таяқты қолға іліп қоюға болады (3-ші сурет).

  4. Анатомиялық тұтқасы бар таяқ – жоғары жүктемелерге есептелген, дене салмағын толығымен таяққа аударуға мәжбүр болған (мысалы аяқтың ауыр жарақатының реабилитация кезеңінде) пациенттерге арналған. Анатомиялық тұтқа алақанның контурын қайталайды (4-ші сурет).

  5. Екі тіреуіш тұтқалары бар таяқ – пациенттерге тұруына және отыруына көмек береді. Пациент орнынан тұратын кезде төменгі тұтқасынан ұстап, оған сүйене тартылып тұрады, содан соң жоғары тұтқасынан ұстап қозғалуды бастайды (5-ші сурет).

  6. Таяқ-орындық – пластмасса орындықпен жабдықталған. Жаюлы түрінде үш аяқты орындық болып келеді, сереуендеу кезінде отырып дем алуға болады (6-ші сурет).

  7. Тіреуіші бар таяқ – қосымша аяқтарының болуы қосымша тиянақ тірегі санын көбейтеді, төмен физикалық шығындарда тұрақтылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Тіреуіші бар таяқ координация және тепе-теңдікті сақтау қызметі бұзылған пациенттерге ұсынылады. Пациент жағынан тіреуіш аяқтары қысқалау, сондықтан жүру кезінде таяқ аяқтарға тиіп шалдықпайды. Таяқтардың бір неше түрлері бар: пирамидальді 3 тіреуішті таяқ, пирамидальді 4 тіреуішті таяқ (7-ші сурет), кіші төртбұрышты тіреуішті таяқ (8-ші сурет), үлкен төртбұрышты тіреуішті таяқ.


1 2 3 4


5 6 7 8


Таяқты қолдану ережелері:

  1. Таяқтың ұзындығын дұрыс таңдау.Таяқтың ұзындығын дұрыс таңдау үшін аяқ киіммен тік тұрып, қолдарды төмен түсіру қажет. Таяқтың бас жағы қол алақанының бүгілісіне дейін жетуі керек. Егер таяқ пациентке тура келсе пациент тік тұрған кезде шынтақ 15-20º бұрышқа бүгіледі (1-ші сурет). Әдетте таяқтың ұзындығы адам бойының жартысын құрайды.

Егер таяқ қысқа болса, пациент еңкеюіне тура келеді, ал таяқ тым ұзын болған жағдайда пациент таяқпен қолдану үшін ауырған аяғына қарай қисаюына мәжбүр болады. Дұрыс таңдалған таяқ пациентті тік тұрғанда қолдап, тіректі қамтамасыз етеді (2-ші сурет).

  1. Таяқты сау аяқ жақтағы қолмен ұстау қажет. Егер пациентте сол аяқ ауырса, таяқты оң қолмен ұстау қажет. Адам жүрген кезде бір уақытта адымдайды және қолдарын сілтейді, сол аяқпен қадам басқанда оң қолын сілтейді және керісінше. Пациент таяқты ауырған аяғына қарама-қарсы қолымен ұстаған кезде, ол қолдардың осы табиғи қимылдарын жүзеге асырады. Бұл жүргенде салмақтың белгілі бөлігін бейтараптандыруға мүмкіндік береді (3-ші сурет).

  2. Таяқты тепе-теңдікті жақсы сақтау үшін қолданатын жағдайда, доминантты (басым) болмаған қолда ұстау қажет, бұл кезде доминантты қолмен күнделікті міндеттерді атқару мүмкін болады.

  3. Пациент ауырған аяғымен қадам басқанда таяқты алдынға жылжытып өз салмағын бір уақытта әрі таяққа, әрі ауырған аяғына сүйенуі керек. Салмақтың басым бөлігі таяққа түсуі, сау аяғын басқан кезде таяқты қолданбауы керек. Таяққа үйренген кезде пациент таяқ денесінің жалғасы болғанын сезінеді.

  4. Баспалдақпен көтерілген кезде пациент таяқты екінші қолына ауыстырып алып, қолымен баспалдақ таянышынан ұстауы қажет. Алғашқы қадамды сау аяғымен, сосын сол баспалдаққа ауырған аяғын көтереді, іс-әрекеттерді сол бағытта қайталап сатыдан көтеріледі (4-ші сурет).

  5. Баспалдақпен төмен түскен кезде пациент таяқты екінші қолына ауыстырып алып, қолымен баспалдақ таянышынан ұстауы қажет. Алғашқы қадамды бір уақытта ауырған аяғымен және таяқпен басады, сосын сол баспалдаққа сау аяғын түсіреді. Іс-әрекеттерді сол бағытта қайталап сатыдан төмен түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет