11. Пациентті Симс қалпында жатқызу. Көрсетпелері, іс-әрекет алгоритмі. (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай) Пациентті жатқызу екі медбикемен орындалады.
Мақсаты:төсекте жайлы қалып жасау.
Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз пациент қалпы, ойылудың алдын алу.
Дайындаңыз: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы бар қапшық), функциональды немесе жәй кереуетті.
Іс-әрекет алгоритмі: Пациентке жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Қырына және жартылай ішіне жату қалпына пациентті ауыстырыңыз.
Пациенттің басының астына жастықты салыңыз (мойынның қырына иілуін алдын алу).
Шынтақ және иық буынынан 900 бұрышпен бүгілген «жоғарғы» қолы астына жастықты салыңыз, «төменгі» қолды бүктірмей төсекке салыңыз (пациенттің дене биомеханикасын дұрыс сақтау. Пациенттің денесін түзету және иықтың ішіне қарай бұрылуын болдырмау).
«Жоғарғы» бүгілген аяқ астына жастықты салыңыз, «төменгі» сирақ санның төменгі үшінші бөлігі деңгейінде болуы керек (тізе буындары және тобық аймақтарындағы ойылудың алдын алу, санның ішке қарай бұрылуын және аяқтың созылуын алдын ала ескерту).
Табанға арналған тіреуді (құмы бар қапшықты) аяқтың табанына 900 бұрышпен қойыңыз (аяқтың сыртқы бүгілуін дұрыс қамтамасыз ету және олардың салбырауын алдын ала ескерту).
Пациенттің денесінің түзелуін тексеріңіз.
Пациенттің ыңғайлы жатуына көзіңізді жеткізіңіз. Ақ жайманы түзетіңіз.