Автоматика жəне телемеханика жүйелерi


Орындалуы бойынша нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата05.11.2022
өлшемі352,94 Kb.
#47767
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Орындалуы бойынша нұсқаулар. Бекеттiң берiлген алқымы үшiн бағыт релесiнiң 
сұлбасын құрастыру жəне оның жұмысын қысқаша мəлiметтеу. 
7.3.2 Түймелi реленiң сұлбасы 
БМРО-да маршруттарды орнату үшiн екi позициялы аз көлемдi бiр түйiспелi 
түймелер пайдаланылады. 
Пойыздықтан басқа маневрлiк қозғалысты атқаратын шығу жəне маршруттық 
бағдаршамдар үшiн екi түйме орнатылады – пойыздық жəне маневрлiк, кiру жəне 
маневрлiк бағдаршамдар үшiн – бiр-бiр түймеден. 
Кезкелген сигналды түйменi басқан кезде НКН(КН) түймелi релесi тоқ астында 
болады жəне соған сай бағыт релесiде, ол өзiнiң астыңғы түйiспесi арқылы қалған үш 
бағыт релесiн жəне де басқа да қозғалыстардың жəне қарама-қарсы бағыттағы 
сигналдардың түймелi релесiн қоректен ашыратады, сол арқылы бiр уақытта бiр ғана 
бағыт релесi тоқ астында болуын қамтамасыз ете алады. 
Маршрут басталатын бағдаршамның блогында шиналардың бiрiнде (Н, Ч, ЧМ, НМ) 
қорек пайда болған жағдайда, қарама-қарсы қайталайтын реле жұмыс iстей бастайды: 
НПМ блогында пойыздық маршрут кезiнде ортақ қарама-қарсы қайталайтын реле ОП, 
сонан соң пойыздық қарама-қарсы қайталайтын ПП, ал маневрлiк маршрутта – маневрлiк 


21
сигналдар блогында НМI, НМIIАП, НМIIП бiр ғана ОП релесi жəне де маневрлiк қарама-
қарсы қайталайтын МП релесi жұмыс жасайды. 
Маршруттың соңын соңғы қосымша релемен анықтайды: НПМ блогында ВК 
пойыздықпен, НПМ, НМI, НМIIАП жəне НМIIП блоктарында ВКМ маневрлiкпен. 
ПУ жəне МУ бұрмалы басқарушы релелер тоқ астында болғаннан кейiн түймелi 
релелер тоқсыз болады. 
Түймелi релелердiң сұлбасы жинақтаушы топтың толық сұлбасының бiрiншi тiзбегiн 
(iшегiн) құрайды. 
Орындалуы бойынша нұсқаулар. Берiлген маршрут үшiн түймелi, қарама-қарсы 
қайталайтын жəне қосымша релелердiң сұлбасын құрастыру қажет жəне де маршрутты 
тапсырғанда жəне жойғанда олардың жұмысын қысқаша жазу керек. 
7.3.3 Автоматты түймелi реленiң АКН сұлбасы 
Вариантты түйме блоктарында жəне пойыздық пен маневрлiк маршруттарды 
автоматты жинақтау трассасында орналасқан аралық маневрлiк бағдаршамдардың НМI 
мен НМIIАП блогында АКН релесi орнатылады. АКН релесiнiң сұлбасы барлық маршрут 
үшiн бекет жоспары бойынша құрастырылады. 
Маршруттың шектерi бойынша автоматты жинақтау кезiнде маршруттың басы мен 
соңғы түймелерiн басу арқылы АКН тiзбегi ОП, МП, ВКМ, ВК релелердiң үстiңгi 
түйiспесiмен қосылады.
Орнатылатын маршруттың трассасы бойынша аралық бағдаршамның блогында 
олардың түймелерiн баспай-ақ, АКН релесi өзiнiң түйiспелерiмен НКН жəне КН релелерiн 
қосады, НКН жəне КН релелердiң үстiңгi түйiспелерi арқылы аралық қосымша ВП релесi 
қосылады жəне толығымен маршрутта ПУ, МУ басқарушы релелердiң қоздыру тiзбегiн 
тұйықтайды. 
АКН релесiн қосу тiзбегiнде тақ бағыт жағынан П полюсiн, ал жұп жағынан – МИ 
беру қабылданған. 
АКН релесiн қосу тiзбегi автоматты жинақтау кезiнде ауытқулар бойынша бұрмалы 
айқаспалар арқылы бұрыштық түймелi УК релесi көмегiмен икемделедi. Бұл релелердi 
НСС блогында орнатады жəне диодты матрица түрiнде таңдау сұлбасы бар БДШ-нiң 
ортақ блогы арқылы қосады. УК релесi жұмыс жасай бастаған кезде оның үстiңгi 
түйiспесi арқылы бұрмалы айқаспалардың минустiк жайы бойынша, ал астыңғысымен – 
плюс бойынша маршрутты тапсыру тiзбегiн тұйықтау үшiн маршрутты жинақтау 
сұлбасындағы 2 жəне 3 тiзбегiнде УК релесiнiң түiспелерiн қосуын солай жасайды. 
АКН релесiнiң сұлбасы жинақтаушы топтың жалпы сұлбасының екiншi тiзбегiн 
құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет