Автоматика жəне телемеханика жүйелерi


Орындалуы бойынша нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата05.11.2022
өлшемі352,94 Kb.
#47767
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Орындалуы бойынша нұсқаулар. Берiлген маршрут үшiн сəйкестiк сұлбасын 
құрастыру қажет жəне оның жұмысын қысқаша мəлiметтеу керек. 
7.4 Атқарушы топтың сұлбалары 
Атқарушы топтың блоктары өзара сегiз тiзбекпен (iшекпен) жалғанады, сол арқылы 
орталықтандырудың келесi сұлбалары құралады:
1 iшек – бақылаушы-секциялы КС релесiнiң сұлбасы; 
2,3 iшектер – пойыздық С жəне маневрлiк МС бағдаршамдарының сигналдық релелерiнiң 
сұлбалары; 
3,4,5 iшектер – 1M жəне 2M маршруттық релелердiң сұлбасы, 5-шi iшек қосымша желiлiк-
сигналдық ЛС релесiн жəне шығу бағдаршамының рұқсат ететiн отын таңдау үшiн 
арналған ЗС релесiн қосу үшiн қолданылады; 
6 iшек – ажырату Р релесiнiң сұлбасы;
7,8 iшектер – орнатылған маршруттарда жолдардың жағдайы таблода бақылайтын 
сұлбалары. 
7.4.1 Бақылаушы-секциялы КС релесiнiң сұлбасы 
КС релесiнiң сұлбасын бекеттiң жоспары бойынша құрастырады, ол пойыздық пен 
маневрлiк маршруттар үшiн ортақ болып табылады жəне атқарушы топтың толық 
сұлбасының бiрiншi iшегiн құрайды. КС релесiн келесi блоктарда орнатылады: 

маршрутқа кiретiн жолдық пен бұрмалы секцияларды таңдау жəне бақылау үшiн УП 
жəне СП блоктары; 

тура қарама-қарсы маршрутты болдырмайтын жою (болдырмау) релесiн сөндiру 
үшiн əр бiр жолға екi П блогынан; 

сигналдық реленiң тiзбегiнде маршруттың толығымен дұрыс орнатылуын толық 
бақылау жəне орнатылған маршруттар бойынша басталған қозғалысты белгiлеу 
үшiн – МI, МII, МIII, ВД блоктары. 


23
Осыдан басқа да əр бiр бекеттiң кiре берiсiнде бос монтаждау стативiнде жалпы 
бақылаушы-секциялы ОКС релесi орнатылады. 
КС релесiнiң тiзбегiнде жүргiзiлетiн бақылаулар: маршрутқа кiретiн жолдық жəне 
бұрмалы (П, СП) секциялардың бостығы; бұрмалардың жайы (ПК, МК); габаритсiздiк 
телiмдердiң, қарауылданатын бұрмалардың, бұрманың қиылуының (ВЗ) болмауы; 
қарама-қарсы алқымнан қабылдап-жөнелту жолына қарсы маршруттың орнатылуының 
болмауы, маршруттың жойылуының болмауы (Р). 
Өзiнiң алқымында, сонымен қатар бұрманың жайы бойынша сай келетiн маневрлiк 
қарсы маршруттарды болдырмау үшiн əр түрлi категориялы жəне бағыттағы 
маршруттардың Н жəне КМ релелерiнiң бiр уақытта жұмыс жасай алмайтын мүмкiндiгi 
арқылы жасалады. 
КС релесi жұмыс жасай бастаған кезде келесi жұмыстар жасалады: 

өзiнiң секциясының 1M жəне 2M маршруттық релелерiн өшiредi, сол арқылы 
орнатылған маршрутта олардың тұйықталуы жасалады; 

қарама-қарсы алқымдардың ЧИ немесе НИ релесiн сөндiредi, сол арқылы қарсы 
маршруттың болмауын қадағалайды; 

сигналдық С реленiң жұмыс iстеу тiзбегiн тұйықтайды. 
КС сұлбасына қоректену полюстерiн қосқан кезде есте сақтау қажет, барлық кезде 
маршруттың бас жағына П полюсiн, ал соңына – М полюсiн қосады. Атқарушы топтағы 
мұндай шара жинақтаушы топтағы бағыт релесiмен бiрге қарама-қарсы жəне жолай қарсы 
маршруттарды тапсыру мүмкiндiгiн сенiмдi етiп болдырмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет