«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ТҮРКІ ТІЛІ МЕН ЖАЗУЫ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет49/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92
ТҮРКІ ТІЛІ МЕН ЖАЗУЫ ТУРАЛЫ 
 
Бақтығұл Ж. 
Филология мамандығының 1 курс студенті
-
Ақтау қ., Қазақстан 
Ғылыми жетекшісі: Спатаева С. - Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және 
инжиниринг университеті, Ақтау қ., Қазақстан 
Қазақстан мен Орта Азия халықтары ежелден бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста 
әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі, дәстүрлері бойынша ортақ болып келеді. Түркі халықтары о 
баста өрбігенімен, оның этникалық құрамы бір текті емес, әр түрлі ру-тайпалардан, 
тайпалар одағынан тұрған. Олардың тілдерінде де белгілі бір ерекшеліктер болған. Түркі 
халықтарының тарихына бір сәт көз жүгіртер болсақ, ежелгі сақ, ғундар сияқты ертедегі 
түркілер тарих сахнасына зор күрес жүргізу арқылы шықты. Осы күрестердің арқасында 
олар айналасындағы жерлерді жаулап алған. Олар көптеген халықтарға сіңісіп, араласып 
жатты. Ежелгі түркілердің жерлерінің шығысы Қытай, батысы Италия, оңтүстігі Парсы, 
солтүстігі Сібір болды. Олар өмір кешкен жерлеріне өз ықпалын тигізіп отырған. Олардың 
мәдениетіне, тіліне, тұрмыс-салтына өздерінің әсерін тигізіп, әлемдік өркениетке үлкен 
үлес қосқан. 
Түркі мәдениеті мен өркениеті өте бай болғанының дәлелін сол ұлы түркілердің 
қазіргі мұрагерлерінің мәдени тұрмыс-салтынан көруге болады. Бұл мәдениеттің негізі -
мыңдаған жылдардан құралған ата- бабаларымыздың басынан өткізген тәжірибесі болды. 
Мәдениеттің жоғарғы дамығандығының басты белгісі – жазу мен тіл. 
Тіл арқылы біз сөйлеп қана қоймаймыз, тіл тарихын зерттей отырып, халықтың 
тарихын, тілін, тұрмыс-салтын анықтап білуге болады. Ал енді түркілердің тілі мен жазу 
тарихына шолу жасайық.
Шумерлерден кейін түркі тарих сахнасында сақтар пайда болады. Сақтар б.з.б VII 
ғасырдан бастап б.з.б II ғасырға дейін өмір сүрді. Бірак, ғалымдар сақтарды иран тілдес деп 
есептейді. Олай еместігіне көптеген дәлелдер бар. Меніңше сақтар бір тілдес халық 
болмаған, олардың арасында түркі тілдес сақтар да болган. Мысалы: Әмударияның ескі аты 
Окс (түркіше өгіз-өзен), Есік қорғаннан табылған, сақ заманына жататын күміс 
табақшадағы жазудың өзі түркі тілінде жазылғаны белгілі болып отыр. Ассирия 
деректеріндегі ишкуз скифтер деп отырғанымыз, іш оғыз (түркі тайпасының бірі) сақтары 
екені анық. Мінеки, біздің ата- бабаларымыз бастауын б.з.б. IV мыңжылдықтан алады. Сол 
– кездің өзінде түркі тілі халықаралық қолданысқа түсіп, әдеби тілдердің біріне айналған 
еді. Осыншама ғасырлар бойы өмір сүрген түркілер, айналасындағы көрші елдерге 
ықпалын тигізіп отырған. 
Ал түркілер жазуының тарихына көз салсақ, ең алғаш Орхон-Енисей жазба 
ескерткіштерін Полтавадан кейін жер аударылған швед офицері И.Страленберг кездейсоқ 
жағдайда ашқан еді. Бірақ бұл жазба ескерткіштер 2 ғасыр өз зерттеушілерін күтті. Тек фин 
ғалымдарының «Бұл сібір жазулары финдер тарихына қатысы бар» деген болжамынан 
кейін зерттеле бастады. [1] 
Орхон-Енисей жазулары Скандинавиядан табылған тастағы жазуларға ұқсас 
болғандықтан руна атанды. Ал Скандинавия халықтарының ішінен тек финдер ғана 
Азиядан шыққан, мүмкін, тас жазуларды солтүстікке апарған солар болар? Финдер 
алғашқы болып сібір руналарын зерттей бастады. Бұған Скандинавияның бүкіл 
палеографтары назар аударды. 1893 жылдың 15 желтоқсанында дат ғалымы В.Томсен 
алғашқы болып тас жазулардың кілтін тауып, жазуды оқыды. Жазу түркі тілінде жазылған 
болып шықты. Бірақ бұл хабар ғалымдарды қуанышқа бөлеген жоқ, олар түркі жазуына 
қызығушылық түсірмей теріс қарады. Түркілер жазуын күрделі ғылыми зерттеусіз иран 
(соғды) жазуынан тарады деген жалған пікір айтты. Бұл пікір бара-бара аксиомаға айналды. 
Сөйтіп ресми ғылымда көшпенділер «Мәңгілік Тағы» тұрпатында көрінді. 


152 
1970 жылы қазба жұмыстардың нәтижесінде Есік қорғанынан археологтар көптеген 
қазынаға тап болды. Қорғаннан табылған күміс тостағанда ойып жазылған Орхон - Енисей 
әріптеріне ұқсас 26 таңба болды. Қорған б.з.д V-VІ ғасырға белгіленді. Жазуды алғашқы 
болып түркі тілінде оқыған О.О.Сүлейменов болды. Бірақ ғалымдар түркілердің сол 
кездерде өмір сүруі мүмкін еместігін айтып, наразылық білдірді. Оған қарамастан кейінгі 
ғалымдардың да есік жазуын түркі тілінде жазылған деп өз аудармаларын көрсетті. 
Ғалымдар түркілер жазуын тек б.з V-VІІІ ғасырға белгіледі. Бірақ көптеген қазба 
жұмыстарынан табылып жатқан жазба ескерткіштер бұл пікірдің негізсіз екенін көрсетеді. 
[2] 
Түркі жазуының ерте формаларына Талас даласынан табылып отырған таяқшадағы 
жазулар жатады. Одан басқа Ферғана, Қой-Қырылған-Қала елді-мекенінен (ІV-ІІІ) табылып 
отырған құмыралар мен күзелердегі шағын руникалық жазбалар. 
Түркі жазуы Солтүстік Кавказдан Дунайға, Шығыс Еуропа далаларына да таралған. 
Бұл жазулар IV-V ғасырларда ғұндар мен бұлғарлар арқылы келген. Бірақ ғұн және бұлғар 
руналары толық зерттелмей, толық сыры ашылмаған. Бұл жазулар славян халықтарының 
жазуына әсерін тигізген. Бірақ бұл жазу славяндардың христиандана бастаған кезінде 
жойылып, грекше редакцияланды. Бірақ түркі алфавитінің әсері XII ғасырға дейін 
сақталды. Сондықтан да кириллицаның басқа еуропа алфавиттерінен айырмашылығы 
Орхон-Енисей жазуының жүйелеріне ұқсас, яғни « жуан- жіңішке» әріптерінің 
сингармоникалық тіліне сәйкес, ал мұндай жүйе славяндарға тән емес. Славистер тарихи 
кириллицада неге екі д ( добро-дервь), екі з(зело-земля), екі ызың (ша-ща) әріптері бар 
екенін ойламайды. Оның үстіне – жіңішкелер Орхон-Енисейдегідей жасалады. Мысалы: S 
зело, 7, земля ( төңкерілу, жіңішкелікті білдіретін тілік), Ш-ша, Щ-ща( жіңішкелік тілік). 
Бұлғар жазу негізінде хазар жазуы да пайда болды. Ал хазар жазуы венгр жазуына 
ықпал етті. Дон, Кубан,Дунай, Солтүстік Кавказ, Румыния, Еділ-Кама аймақтарынан 
табылған руна тектес жазулардың түркі тілдес бұлғар, сувар, хазар тайпаларының тілінде 
жазылғанына күмән жоқ. [3] 
Егер түркі жазуын арамей жазуымен салыстырсаңыз, шынында да ұқсастықты 
байқайсыз, бірақ - ассириялық кезеңіндегі алфавитімен сәйкес келеді (VII ғасыр). Екі-үш 
ғасырдың өткеннің өзінде арамей алфавитінің өзгергендігі соншалықты түркі жазуымен 
салыстыруға келмейді. Мүмкін, түркі оғыздар арамейлермен кездескенде шығар. 
Б.з.д VII ғасырдың ассириялық хроникаларында мынадай дерек бар. Онда Каспий 
маңы жағасынан Темір Қақпа ( Дербент) арқылы өтіп, Мидияны бағындырып, Ассирияны 
жаулап алып, оны 28 жыл бойы басқарған өздерін ишкуз деп атаған көшпенділер туралы 
айтылады.
О.О.Сүлейменов өзінің «Саз кітапша» атты поэмасында ишкуз сөзін ич огуз, ішкіуз 
атауымен байланыстырып этимологиясын береді. Оғыздардың «Деде Қоркут» атты 
дастанында оғыздар екі үлкен тайпаға бөлінетін жайында айтылады. Олар ич-огуз ( ішкі 
тайпа) және таш-огуз(сыртқы тайпа, бөтендер). Иш-огуз сөзінде «о» әрпі Семиттер тілінің 
заңдылығына байланысты түсіп қалады. Мысалы: арабтар оғуз сөзін гуз деп айтады. 
Сонымен, атақты ишкуздар б.з.д VII ғасырда өмір сүрген иш оғыз немесе ішкі уз атты түркі 
тайпасы екен. Бүл сөзге әйгілі скиф атауы да жақын. Геродоттың еңбегінде "EKUO" ( скиз, 
скис) жазылған. Әзербайжанның жас ғалымы Гасанов ишкуз және скиф этнонимін оғыз 
атауымен салыстырып, үш сөздің төркіні оғыз сөзінен бастау алатын корсетті. Гасанов 
ЕКUO ( скиз) деп оқудың орнына латынша оқу тәсілімен EKUO ( скуз) оқыды. Жас ғалым 
қателік жіберген еді, себебі грекше U-и мағынасын береді, ал латынша U-у әрпінің 
мағынасын береді еді, бірақ бұл қателік ұлы жаңалықтың ашылуына алып келді. 
О.О.Сүлейменов (U) әрпінің генезисімен айналысып, кезінде (U) әрпінің грекше де «у» 
мағынасын білдіргенін, бірақ грек алфавитінің б.з.д V ғасырында ауысқанында (U) әрпі «и» 
мағынасын бергендігі жөнінде толық дәлелдеп берді. Сонымен "EKUO" (skuth> skyth> skyf) 
болған. Міне, sкиө< ишкуз болды. Бұл мәселе сколоттарға да тән. Сонда
СКОЛОТ
<
ІSКІ
-
О
lot 


153 
(ішкі ұлт, олот, улут, улт). Гректерде ызың дауыссыздар болмайды, сондықтан олар «ш» 
әрпінің орнына «с» әріпін қолданған және «і» әрпі түсіп қалған. 
Сонымен, түркілер өз алфавитін б.з.д мыңжылдықтың ортасында Ассиро-Вавилон 
иероглифтік жазу базасында толықтырып жасаған. 
Түркі руникалық алфавиті: 
1. Орхон-Енисей. 
2. Талас. 
3. Хазар. 
4
Бұлғар. 
5. Қыпшақ 
6. Ассириялық кезең (Есік, Ертіс, Сырдария және т.б.) бөлуге болады.
Осы қалдықтарды жинап, бүкіл түркі жазуларын қосып жандандыру біздің басты 
борыштарымыздың бірі. Сонда ғана біз көпжылдық еңбегіміз жемісті болады. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. О.О. Сулейменов "Язык письма" 1998. 
2. И.Тасмаганбетов "Байырғы түркі өркениеті: жазба ескеркіштері" 2000. 
3.А.С.Аманжолов "История и теория древнетюркского письменности" 2000. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет