«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет67/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Кумисбаева М.Б., Мирзаконыров Б.К. 
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің дене тәрбиесі 
пәнінің оқытушысы,-Қызылорда қ., Қазақстан 
ХХІ ғасыр жоғары ақпараттық технологияның дамыған ғасыры. Бұл білім беруді 
жаңғыртудың жаңа шарттарын талап етеді. Сондықтан да колледжде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану объективті және табиғи процесс болып 
табылады. 
Білім беру кеңістігінде болып жатқан интеграциялық үрдістер педагогикалық 
процестің түбегейлі өзгеруіне ықпал етті. Бұл өзгерістер білім беру мазмұнын, оқытудың 
технологияларын қолданудың жаңа жүйесін құрды. 
Оқу процесінде АКТ-ны қолдану – оқу мотивациясын арттырудың бір тәсілі. АКТ 
оқушының ғана емес, мұғалімнің де шығармашылық тұлғасын дамытуға ықпал етеді, 
адамның негізгі қажеттіліктерін, яғни қарым-қатынас, білім беру, өзін-өзі жүзеге асыруға 
көмектеседі. 
Ғ.К. Нұрғалиеваның пікірі бойынша, «Педагогикалық технология мұғалім аз күш 
жұмсап, ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға 
бағытталады». 
Қазақстандық ғалым С.М.Кеңесбеков «Білім беруді ақпараттандыру білім беру 
саласының теориясы мен практикасына ақпараттық -коммуникациялық технологияны жан-
жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиеде оның психологиялық-педагогикалық 
мүмкіндіктерін қолдану үрдісі» -деп айтқан болатын. 
Ақпараттық технологияларды дене тәрбиесі пәнінде қолдану оқушылардың 
төмендегі мүмкіндіктерін ашады: 

Коммуникациялық қабілеттерін дамыту; 

Ақпарат көздерімен жұмыс жасау; 

Шығармашылық қабілеттерін дамыту; 

Оқу үдерісіне белсене қатысу; 

Оқу мотивациясын арттыру; 

Ақпараттық қоғам жетістіктеріне жақындау. 
Әлемдік білім беру саласында соңғы жылдары ақпараттық коммуникациялық 
технологияларды қолдану аясы кеңейді. Білім алу мүмкіндіктері артты: қашықтан білім алу, 
виртуальды кеңістіктегі әртүрлі тренингтер, онлайн-курстар, электрондық оқулықтар, 
бейнедәрістер, мобильді оқу, электрондық және цифрлық білім алу ресурстары, оқытудың 
әртүрлі платформалары т.б. 
Дене тәрбиесі колледж бағдарламасында маңызды іргелі пән болып табылады. 
Пәннің мақсаты оқушының денсаулығын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-
психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен 
ізгілікті қатынастарын дамытуды үйретеді.Дене тәрбиесі тек колледждегі дене шынықтыру 
сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін 
ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы маңызды пәндердің бірі болып 
табылады. Мұғалім дене тәрбиесі пәнінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, 
оқушылардың шығармашылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. 
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір 
тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты 
болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны 
Отансүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. Колледж бағдарламасында дене тәрбиесі негізгі 
үш бағытқа бөлінеді. Атап айтсақ, жалпы дене дайындығы, кәсіптік-қолданбалы дайындық, 


205 
спорттық дайындық. Дене тәрбиесі пәнінде жаңа технологияларды пайдалану 
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. 
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. 
Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де 
оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы 
ұйымдастырылған 
сабаққа 
байланысты. 
Сондықтан 
оқушылардың 
пәнге 
қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу 
тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді, спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар 
өмірін алуға болады. Сондықтан да мұғалім жаңа инновациялық технологияларды тиімді 
қолдануы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты, спортқа бейім 
оқушылармен белсене жұмыс жасауды, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдайлар 
туғызуды, еңбектенуді үйретеді.
Дене тәрбиесі пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы студенттердің 
әртүрлі дағдыларын дамытуға болады. Себебі, дене тәрбиесі интеграциялық пән ретінде, 
салауатты өмір салтын қалыптастыру, валеология, анатомия, медицина сияқты пәндердің 
негізін үйретеді. Дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалысты ғана дамытып қоймай, 
«Кластер», «Ми шабуылы» сияқты белсенді әдістерді сабақ үрдісінде қолдану арқылы 
оқушылардың логикалық ойлау дағдысын дамытады. Сонымен қатар әртүрлі тақырыпқа 
арнап, оқушыларға жоба жазуға болады. Мысалы, «Студенттердің салауатты өмір салтын 
қалыптастыру», «Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды қолдану», «Дені сау 
қоғам құру» т.б. 
Дене тәрбиесі сабағында жиі қолданылатын технологиялардың бірі -ойын 
технологиясы. Студенттердің ептілік дағдысын қалыптастыру барысында ұлттық 
ойындарды қолданудың маңызы зор. Ұлттық ойындар негізінде студенттердің 
этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруға болады. Ұлттық ойындар арқылы жарыс 
ұйымдастыру білім алушылардың шапшаңдығын, бәсекелестігін дамытуға көмектеседі. 
Бала ойын арқылы ойлап, ойын арқылы қиялдайды. Көңіл аударарлық ойынның бір түрі – 
асық ойыны. Бұл ойынды тек асығы бар студенттер ғана ойнайды. Асық ойнаушылардың 
саны 4-8 балаға дейін жетеді. Бұл ойынның түпкі мақсаты – асық ұтып алу. Асық ойынының 
түрлері өте көп. Олар –алшы, омпы, хан, құмар, көтеріспек. 
Асық ойыны өте қарапайым болып көрінгенмен, ол баланы жастайынан салауатты 
өмір салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшық еттерінің 
жетілуіне, тыныс алу мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруге, соның 
нәтижесінде қырағылық пен мергендікке баулиды. Асық ойынын мектептегі дене тәрбиесі 
сабағында үйретіп алып, сыныптар арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Қазақтың 
ұлттық ойындарының көпшілігі ойлауды қажет ететін ойындарға жатады. Олар негізінен 
логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. 
Мысалы, тоғыз құмалақ ойыны. 
Қорыта айтқанда, дене тәрбиесі сабағында студенттердің салауатты өмір сүру 
дағдысын қалыптастыру әртүрлі ақпараттық технологиялардың негізінде жүзеге асады. 
Соның бірі - онлайн сабақтары. Қашықтан оқыту технологиясы негізінде дене тәрбиесі 
пәнінен әртүрлі жазба жұмыстарын платформаға орналастыруға болады. Жазба 
жұмыстарына реферат, баяндама, эссе, жоба, мақала т.б жатады. Болашақ дене тәрбиесі 
мұғалімдерін дайындауда да ақпараттық технологияның маңызы зор.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Абилова Л.К. Оқу үдерісінде АКТ-ны қолдану арқылы білім мазмұнын 
жетілдіру //www.zkoipk.kz/kz/2016smart5/2445-conf.html 
2.
Глушков В.М. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и 
перспективы. – М.,1987. 
3.
Нургалиева Г.К. Ценностное ориентирование личности в условиях 
информатизации образования. – Алматы, 2004. 


206 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет