«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН



Pdf көрінісі
бет65/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   92
БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН 
ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Жусупова Г.А., 
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі қазақ тілі мен
әдебиеті пәні оқытушысы, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 
педагогика ғылымдарының магистрі,-Қызылорда қ., Қазақстан 
 
Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты 
деп санаған. Білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол 
қараңғылықтан алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды. «Ахмет Байтұрсынов-
ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға»,-деп Ә.Кекілбаев 
атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырғанмұрасын расында да ешкіммен 
салыстыруға болмайды. «Жаңа жазу . Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. 
Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминалогия мен әдістеме. Тілашарлар. 
Тіл танытқыштар. Тіл жұмсалар». Ол ашқан «Қазақ» газеті мен қазқ мектептері, Қазақ 
мұғалімдер курсы, ол жасаған қазақ терминдері қоры, осылай санай берсек, ұлы 
ағартушының қазақ мәдениетіне, Қазақстан ғылымы мен оқу –ағарту ісіне қосқан іргелі 
үлесі үшін ұшан теңіз. 
Ғалымның педагогикалық көзқарастарын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеу 
жұмыстары А.Қыдыршаевтың «А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұралары» атта ғылыми-
зерттеу жұмысында қарастырылған. Мұнда қазақ тілінің әдістемесіне ғалымның қосқан 
үлесінің, тіл білімін дамытуға орнының ерекше екендігі талданған. Сонымен қатар
Р.Б.Үсембаеваның «А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын 
адамгаршілікке тәрбиелеу» атта ғылыми-зерттеу еңбегінде ғалымның еңбектеріне ғылыми 
талдау жасалып және оны бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде 
пайдаланудың жолдары қарастырылған. Ал, А.Байтұрсыновтың педагогикалық-
психологиялық мұраларының тәлімдік мүмкіндіктері Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің 
«Қазақтың тәлім-тәрбиесі» және «Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер Антологиясы» атты 
еңбектерінде жақсы ашылып көрсетілген. Дегенмен, А.Байтұрсыновтың педагогикалық 
мұрасы, оның ішінде жалпы орта білім беретін мектептерге білім мен тәрбие беру, болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселелері әлі де болса жан-жақты ғылыми –
педагогикалық тұрғыда зерттелген жоқ деп айта алмаймыз. Ал, ол кеңінен зерттелуі және 
қазақ педагогикасы тарихынан заңды орын алуы тиіс.
А.Байтұрсыновтың педагогикалық-ағартушылық ғылыми еңбектерін зерттеп 
педагогикалық колледждер мен жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие 
үдерісінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасау, оны теориялық және 
практикалық тұрғыда негіздеп, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға қалыптастырудың 
маңызы мен мәні аса зор. Егер, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларындағы 
құндылықтарды іріктеп, тәлімдік мүмкіндіктерін айқындай отырып жасалған әдістемелік 
ұсыныстар іске асса, онда рухани құндылықтарды бағалай білетін , ұлттық және патриоттық 
санасы жоғары жеке тұлға қалыптастыруға игі ықпал еткен болар едік. Ал, 
А.Байтұрсыновтың «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірібйе 
арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі — оның білімінің, шеберлігінің керек орны 
өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар 
қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты 
әліне қарай шағындап беру мен бетін белілеген мақсатқа қарай түзеп отыру үшін керек»,-
дейді. 
Колледжде жалпы білім қазақ тілі бағдарламасына сәйкес 1-курстар үшін қазақ тілі 
пәнінен: 
1.
Орфография. Тіл және алаш идеясы 


200 
2.
Алаш идеясы, қозғалысы, ұраны. Жаңа атаулар, ықшамдалған және төлтума 
сөздер емлесі 
3.
Алаш арыстары тіл туралы, тілдің адам өміріндегі орны. Кірме сөздер емлесі.
Ахмет Байтұрсынұлы кім? Будан сөздер емлесі тақырыптары берілген. Сабақ уақытының
ұзақтығы мен колледжде білім беру ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруде Блум 
таксономиясы арқылы ұйымдастырылады. 
Ахмет Байтұрсыновқа арналған тақырыптарға чек парағы жасалып, өлеңдердің 
тақырыптық-идеялық мазмұны, тәрбиелік мазмұны қоса талқыланып отырады.Төменде 
жалпы білім қазақ тілі пәнінен А.Байтұрсыновқа арналған чек парағының нұсқасын 
ұсынып отырмын. 
Ахметтің 
педагогикалық мұраларын 
зерттеген сайын ешкімге ұқсамайтын дара тұлға 
екенін көреміз. «Жұртқа ғылым үйретумен, көрумен, білумен жайылады. Білімнің бас 
құралы — кітап. Қазақ арасына білім жайылуына, әуелі оқу үйрететін орындар сайлы болу 
керек екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм халық арасына көп 
жайыларға керек. Осы мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің бірі — білім жарысы»,- 
дейді. Мұнда автордың мақсаты дұрыс оқулық шығару, оқу-ағарту існе халықты 
қатыстыру, кәсіби шебер мамандарды саралау. «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай 
жүргізу керек» атты мақаласында үкіметтің қазақ арасындағы оқу жұмыстарын 
ұйымдастыруы мардымсыз, себебі қаржыландыру жағы жеткіліксіз, оқу қазақтың өзі үшін 
керек. Сондықтан, ел болып жұмыла кірісу керек»—дейді.Ахаңның артында қалдырған 
мұрасы бұлақтың көзі тәрізді. Сондықтан ұлттың рухани ұстазының ұлы мұрасын
ұлықтап, ұрпақ тәрбиесіне тиімді ұсына берейік. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Байтұрсынұлы А. Әліб-би” (Жаңа Құрал).- Қызылорда: ҚазМемБас, 1926.-37б. 
2. Ыбыраймов К. A.Байтұрсынұлының Оқу құралы. Қазақша Әлифба.
еңбегіндегі фонологиялық және әдістемелік мәселелер// Ахметтану
тағылымдары.- Алматы: Ғылым, 1998.- 178б. 


201 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет