«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР - БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ



Pdf көрінісі
бет68/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР - БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ. 
 
Башарова Г.Е. 
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж оқытушысы, 
Қызылорда қ., Қазақстан 
Қазіргі кезеңде білім алушылардың білім, білік, дағдыларды игерудің күрделі 
процесі мұғалімге жоғары талаптар қойып отыр. Өйткені "құзыретті мұғалім – ынталы 
оқушы" болып ынтымақтастықта жұмыс жасағанда ғана жақсы нәтиже алуға болады. 
Әр мұғалім өз алдына оқудың оң әсерін қамтамасыз ету және оқушылардың 
танымдық белсенділігін арттыру мақсатын қояды. Осы мақсатқа жету үшін тиімді әдістер 
мен инновациялық технологияларды қолдану қажет. Білім берудегі инновациялық үдеріс 
білім алушылардың зерттеу және жобалау қызметімен тығыз байланыста болады. 
Тарихты оқытудағы инновациялық технологиялар
- жіктеу қабілетін;
- пайымдаулар, қорытындылар жасай білу;
- байқау білігі мен дағдыларын;
- қолда бар ақпаратпен жұмыс істеу білігі мен дағдыларын, оны табу және 
саралауды;
- эксперимент дағдыларын;
- танымдық қабілеттер мен қажеттіліктерін;
- шығармашылық дизайн және зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. 
Инновациялық технологияларға жобалау қызметі жатады. Ол дәстүрлі жүйенің 
қалыптасқан әдістерін және оқытудың жаңа тәсілдерін тарих сабақтарында қолдануға 
болатын анықтамалық жазбалар жүйесін біріктіруге өте жақсы мүмкіндік береді. Бұл жүйе 
зерттелетін материалды түсіну және ой елегінен өткізу деңгейін арттырады, білімді 
жүйелеуге ықпал етеді. Сондай-ақ, тірек жазбаларды қолдану оқушылардың танымдық іс-
әрекетін басқаруды, өзіндік жұмыс, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуды қамтиды. 
Тарихты оқытудағы инновациялық технологияларға ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар да жатады. Мұғалім презентациялар мен мультимедиялық сабақтарды 
қолдана алады. Бұл жағдайда оқушылар тірек конспектілерін дербес құрастырып, оларды 
презентация түрінде ұсына алады, бұл сонымен бірге жобалық қызметтің элементі болады. 
Тарих сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану оқушыларға 
тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын, өнімді іс-әрекет қабілетін, психикалық дамудың 
жалпы деңгейін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар себеп-салдарлық және 
хронологиялық байланыстарды жақсы меңгереді. Сабақты ұйымдастырудың әртүрлі 
формалары мен әдістері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, олардың 
тарихи санасын қалыптастырады. Мен өз жұмысымда инновациялық технологияларды 
түрлі бағыттарда пайдаланамын. Мысалы тарих сабақтарында жобалау әдісін пайдалану 
оқушылардың нақты өмірлік жағдаяттарда белсенді әрекет ету қабілеттерін 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу тақырыптары оқушылардың түсінуіне ыңғайлы 
болуы керек. Зерттеу жұмысы барысында студент мәселені шешуге тырысады, гипотеза 
ұсынады, сұрақтар қояды, қорытынды жасайды. Жобалау оқушыға нақтылықты үйретеді,
мақсатқа жету мен өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Ал, сабақтан тыс 
кезде, мысалы дөңгелек үстел, диспут, ғылыми –тәжірибелік конференция сияқты іс-
шараларда жобалармен жұмыс жасау оқушылардың тақырыпты тереңірек меңгеруіне 
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өз ойларын ашық айтуға, өз ойын сенімді түрде жеткізе 
білуге, көпшілік алдында сөйлей білуге үйренеді. Жобалау әдісі әр түрлі технологиялар 
элементтерімен, соның ішінде түрлі тапсырмаларды орындауға, оқушылардың 
қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін кейс-технологиямен де жақсы үйлеседі.


207 
Мысалы, Қазақстан тарихы сабағында кейс-технологияны пайдалану арқылы 
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, олардың өзара бірлесіп 
жұмыс жасауына, бірін-бірі тыңдап үйренуіне, түрлі ресурстармен жылдам жұмыс 
жасауына дағдыларын қалыптастыруға болады.
Кейс технологиямен оқыту барысында алдымен жеке жоспар құрылады, әрбір білім 
алушы кейс алады, онда қажетті әдебиеттер, мультимедиялық бейнефильм, жұмыс дәптері, 
тапсырмалар жинағы болады. Оған оқу материалына қатысты нұсқаулық, өзін-өзі тексеруге 
арналған бақылау сұрақтары, тесттер, шығармашылық және практикалық тапсырмалар 
жинақталады.
Оқыту үрдісіндегі КТ құрылымы:
1.
Оқиға. Білім алушыларға белгілі бір оқиға беріледі. 
-
Ол проблемалық болуы мүмкін; 
-
Шешімнің альтернативті жағы болуы керек; 
-
Кейс жан-жақты болады, онда таблица, диаграмма, символдар, суреттер, 
карталар, әдебиеттер, іскерлік ойындар т.б. беріледі. 
2.
Кейстегі ақпаратты іріктеу. (Оқушылардың өздігінен ақпарат іздеуі). Білім 
алушылар өздігінен ақпарат іздейді, оны талдайды, сараптайды. Бұл жерде оқу- ақпараттық 
құзыреттілік қалыптасады 
3.
Материалды толық игерген кезде оқушының көқарасы анықталады.
Берілген мәселені топта талқылау, оның шешімін қарастыру оқушылардың нәтижені 
салыстыруына, өз көзқарастарын ортаға салуына мүмкіндік береді. Бұл жерде әлеуметтік 
құзыреттілік қалыптасады.
Кейс-технологияны пайдалану арқылы мен төмендегі мақсаттарға жетуді көздеймін: 
1.
«Тарихи оқиғаға ену». Оқушылар сол кезеңдегі оқиғаға қатысушылардың 
көңіл күйін басынан өткізуі керек.
2.
Оқушылардың кез-келген оқиғаның бірнеше шешімі бар екеніне көзін 
жеткізуі. 
3.
Оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін дамыту. 
Кейс-технология арқылы оқушылардың: 
-
Оқу-ақпараттық құзыреттілігін, 
-
Коммуникативті (әлеуметтік) құзыреттілігін қалыптастыруға болады.
Құзыреттіліктерді қалыптастырудағы кейс-технологияның ролі 
Оқу-ақпараттық 
(зияткерлік) 
құзыреттілік 
Әлеуметтік құзыреттілік 

Сараптау және сын 
тұрғысынан ойлау әдістерін игеру 

Мәтінмен жұмыс істеуді 
үйрену 

Авторлық өнім шығару 

Шешім қабылдау, жаңа 
жағдайда әрекет ете алу, мәселені 
шешу тәжірибесінің қалыптасуы 

Мәліметтер 
жинақтау 
әдістерін игеру 

Өздігінен және топпен жұмыс 
істеу дағдысының дамуы 

Коммуникативті дағдыларды 
игеру 

Түсіндіре алу дағдысының 
қалыптасуы 

Ұжымдық шешім қабылдау 
және 
белсенді 
әрекет 
ету 
арқылы 
интерактивті біліктерінің қалыптасуы 
Мен өз сабақтарымда кейс-технологияның ситуациялық жағдаяттар, ситуациялық 
рольдік ойындар, жобалау, проблемалық-пікіралмасу, дискуссия әдістерін қолданамын. 
Тақырыбы: Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары. 
«Бумын мен Күлтегін заманында туған «Мәңгі ел» идеясы ешқашан өзінің жасампаз 
күшін жоймайды. Ол қазақ мемлекетінің іргетасын қалауға да септігін тигізді».
1.
Осы пікірмен келісесіздер ме немесе қарсы пікір білдіресіздер ме? 
2.
Оқушылар екі топқа бөлінеді, жұмыстың өн бойында басқарып отыратын 
топтың көшбасшысын сайлайды. 


208 
3.
Қазақ хандығының құрылуы - YouTube 
-
Қазақ хандығының құрылуы жөнінде деректермен танысып, не себепті Керей 
мен Жәнібектің Әбілхайыр хандығынан бөлініп кеткендігін анықтау; 
-
Қазақ хандығының құрылуы жайлы деректерді салыстыру; 
-
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымының ерекшеліктерін табу. 
4.
Топпен жұмыс 
-
Жошы ұлысы мен Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысын 
салыстырыңдар. Қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар? 
-
Берілген мәтінді пайдаланып, Қазақ хандығының мемлекетті басқару 
ерекшелігі жайлы кесте толтыру 
Әрбір кезеңде топтар нәтижелерімен бөлісіп, оны талдайды, пікірталас жүргізеді.
5.
Тарихи деректермен жұмыс. 
Тарихи деректерді оқып, сұрақтарға жауап беру 
Б.Аяған, Х.Әбжанов, М.Исин. «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, 
құлдырауы» .
- Әбілхайыр ханнан бөлініп келген халықты қабылдап, өз жеріне орналастырудағы 
Моғолстан ханы Есенбұғаның саясаты қандай болды? 
- Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы не? 
6. Эссе жазу
- «Қазақ хандығын құрудағы Керей мен Жәнібек хандардың ролі» 
Қорытынды «Рефлексия» 
-
Сабақтың басында берілген сұраққа жауап беру және қорытындысын айту. 
-
Сабақтың қорытындысы шығарылады. 
-
Қандай жаңа және маңызды деректермен таныстыңдар? 
«Синквейн» әдісі:
-
1 зат есім- тақырып 
-
2 сын есім – тақырыпты ашу 
-
3 етістік , мазмұнға сәйкес 
-
Сөз, тақырыпты ашатын 
-
5 Зат есім, сабақтан алған әсерді білдіретін 
7.
Қосымша тапсырма ретінде «Қазақ елі: кеше және бүгін» тақырыбында жоба 
немесе презентация қорғауға беріледі.
Қорыта келе, Қазақстан тарихы сабағында кейс технологияны пайдалану арқылы 
оқушыларды жағдаятты талдауға, рольдік ойындар ойнауға, өз ойларын ортаға салып, 
пікіралмасуға, іскерлік ойындар арқылы шешім қабылдауға үйрету арқылы олардың 
коммуникативті құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік зор екенін айта аламын.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Апатова Н.В. Информационные технологии в школьном образовании.– М.: 
изд-во РАО, 1994 г. 
2.
Громов Г.Р. Очерки информационной технологии.– М., 1993г. 
3.
Эффективное образование, от компетентности учителя к компетенции 
ученика через аспекты современных инновационных технологий. Методическая 
разработка. С-Петербург, 2014г. 
4.
Информатизация общего среднего образования: Научно-методическое 
пособие / под ред. Д.Ш.Матроса.– М.: Педагогическое общество России, 2004г. 
5.
"Использование мультимедийных технологий на уроках истории и 
обществознания" [электронный ресурс]. -2019 г. 
6.
Быкова Е. А. «Использование икт на уроке. –М.: 2004г 
7.
Аяған Б., Х.Әбжанов., М.Исин – Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, 
құлдырауы. Алматы, 2011ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет