«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ



Pdf көрінісі
бет83/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   92
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ 
 
Ділдәбекқызы Д., 
педагогика пәнінің оқытушысы, М.Мәметова атындағы Қызылорда 
педагогикалық жоғары колледжі,-Қызылорда қ., Қазақстан 
 
Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек 
И.Гете 
 
Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамға жоғары білімді, рухани-
адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымактастыққа кабілетгі, 
бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам кажет. Бұған жету үшін баскаруды дамытуға 
бағытталған жаңа модел болуы шарт. Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін-өзі 
дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады. Менеджмент ұғымы — 
бұл адамдардың ынтымақтастығы, адамдардың карым-қатынас әдісі. Осы жерде өзін-өзі 
ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалык менеджменттің ықпалын 
көруге болады. Ол ушін педагогикалык менеджменттің колледж негізінде болжау 
ұстанымдарын атауға болады. 
Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау; 
Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы; 
Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу; 
Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы; 
Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы.
Бұл қағидалар педагогикалык менеджментте бірқатар накты талаптар қояды. Олар 
мына төмендегілер:

адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқы мен мумкіндіктерін 
мойындау; 

адамға сену, оның өзін-өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін 
жағдай жасау; 

өзара құрмет негізінде сенім ауанын қалыптастыру; 

бастамашылдықты, шығармашылық бейімділікті, ұжымда өз орнын таба 
білуді қалыптастыру; 

жетістікті, колледждің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау; 

Адамға құрмет және сенім - басқарудағы ізгілікгің ең жоғары көрінісі. 


249 
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация 
құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз.Педагогикалық процесте 
инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен 
оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Жаңа енгізілген 
немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде 
зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация 
өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас 
ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол 
басқаруды қажет етеді. Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында 
жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде колледж директоры,әдіскерлер 
мен оқытушылардың рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - 
дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа — жетекші 
педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие 
процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты әдіскерлер мен 
оқытушылар кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. 
Оқытушының кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика 
мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы 
білімдерін де қамтитын болғандықтан оқытушыдан арнайы психологиялық - 
педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны 
қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.Білім берудегі инновациялық 
процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық 
педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-
психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес 
инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-
бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы 
тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен 
практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды 
қолдану болуға тиіс.Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және 
пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа 
педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, 
зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару 
мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, 
әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық 
қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени 
даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі 
бірқатар жағдайлармен айқындалады. 
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім 
беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін 
ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық 
жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің 
инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда. 
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі ме 
құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық 
формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде.
Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта 
түсіп отыр. Оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін, шығармашылық ізденісін 
жетілдіруде нәтижеге бағытталған білім берудің инновациялық түрлерін ұйымдастыру, 
жаңғырту, әдістемелік сүйемелдеу мақсатын көздеген колледждің әдістемелік қызметінің 
оны ерекше болды. Оқытушылардың әдістемелік жұмысын сайыс, айлық, әдістемелік 
марафондар түрінде өткізу дәстүрге айналды. Іс-шаралар аясында жаңашыл-
мұғалімдермен, әр жылғы түлектермен кездесу, шеберлер-класын өткізу, семинарлар, 
конференциялар, әдістемелік сағаттар, педоқулар, ОӘК отырысы, олимпиадалар мен 


250 
сайыстар, сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланады. Нәтижесінде оқытушылардың үнемі 
ізденіп, білім қоры мен өзінің іс- тәжірибесін тарату, өзгенің жаңалығын үйрену, кәсіби 
тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сырын зерттеу, 
жаңартылған білім беру бағдарламаларын оқу процесіне енгізу арқылы оқытушылардың 
педагогикалық шеберлігін жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік марафон 
жұмыс жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес мерзімімен «Оқытушы шеберлігі – 
педагогикалық процестің жемісі» тақырыбы аясында «Жаңартылған бағдарлама – білім 
берудің жаңа мазмұны» шеберлік сыныбы, «Оқу процесінде цифрлық білім ресурстарын 
тиімді пайдалану» әдістемелік калейдоскоп, «Информатиканы оқытуда цифрлық бiлiм бepy 
ресурстарын қoлдaнy» панорамалық сабақтар, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында 
цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың тиімділігі» әдістемелік диалог, «Оқыту 
процесінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану: әдістері мен тиімділігі» 
педагогикалық вернисаж, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің цифрлық білім ресурстарының 
мүмкіндіктері» әдістемелік көпір, «Электронды сандық кітапхана: заманауи қызмет 
жүйесі» библиофреш, облыстық деңгейде «Ұлы дала мұрасы-цифрлық өркениет 
жағдайында» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Еліміздегі короновирустық 
инфекцияның таралуына байланысты «Коронавирустық инфекцияның таралуына 
байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 
білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» мен
«Колледждегі оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша 
ұйымдастырудың қағидаларына» сәйкес жаңа оқу жылына даярлық кезеңіндегі оқу 
процесін ұйымдастырудың, оқу-әдістемелік жұмыстардың, оқу-өндірістік тәжірибені 
ұйымдастырудың, ақпараттандыру және оқытушылар мен студенттердің цифрлық 
сауаттылығын арттырудың іс шаралар жоспары әзірленді.Әдістемелік жұмыс 
бағыттарының бірі­ қашықтықтан білім беруді оқу-әдістемелік сүйемелдеу. Әдістемелік 
сүйемелдеудің міндеттері: 

Жаңа білім беру бағдарламалары щеңберіндегі барлық модульдер мен 
пәндер бойынша оқу бағдарламаларын

оқу-әдістемелік кешендерді және қашықтан оқыту үшін электронды оқу-
әдістемелік кешендерді жетілдіру; 

оқу-тәрбие процесінде цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану; 

оқытушылардың бейнесабақтар қорын толықтыру;
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік сүйемелдеу мақсатында 
ақпараттық вебинарлар, оқыту семинарлары, шеберлік сыныптары жоспарлы түрде 
ұйымдастырылып отырды.Солардың бірі «Информатика» және «Ақпараттық жүйе» 
пәндік циклдық бірлестік оқытушыларының «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы 
виртуалдық өзара іс­қимыл» тақырыбындағы марафон аясында ұйымдастырылған: 

ISpring Free Cam­экраннан бейнежазуға арналған бағдарлама; 

TESTMOZ­қалыптастырушы 
бағалауды 
ұйымдастырудың 
қарапайым 
құралы; 

oCam­бейне түсіруге арналған бағдарлама; 

Jamboard­онлайн тақта; 

«Live Worksheets­интерактивті жұмыс беттерін жасауға арналған веб­сервис»; 

«Apowersoft com­экранды жазуға арналған онлайн веб­интерфейс»; 

«Learning apps» жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған бағдарлама; 

«Plickers» бағдарламасын бастауыш сыныптарда қолдану
атты ақпараттық вебинарлары оқыту жұмысын сапалы ұйымдастырып, нәтижеге 
жету бағытындағы маңызды әдістемелік жұмыстар болды. 
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ, ал сол елдің болашағы болатын білімді ұрпақтың 
қалыптасуында білім сапасы жоғары, кәсіби және әдістемелік жұмыста шебер
шығармашыл мұғалімнің алатын орны ерекше әрі маңызды екендігін түсінген педагог өмір 
бойы ізденуін, оқуын тоқтатпайды. 


251 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Білім берудегі менеджмент. Оқулық / К.Д.Бузаубакова. - Тараз: 2020ж. 
2. Педагогический менеджмент. Симонов В.П. М.,2004 
3. Менеджмент негіздері. Жакенова Б.Қ., Тәмпішева Қ.Б., Мақсатова Л.М. Астана-
2007 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет