Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогикалыќ институты


Пайдаланылған газдағы көмірсутектердің мөлшері қозғалтқыштың жұмыс істеуіне байланысты



бет6/8
Дата01.02.2023
өлшемі334 Kb.
#64456
1   2   3   4   5   6   7   8
Пайдаланылған газдағы көмірсутектердің мөлшері қозғалтқыштың жұмыс істеуіне байланысты.

Жұмыс істеу тәртібі

Мөлшері

СО, %

Бенз(а)пирен,мкг/100 м3

Бос жүрісі

2,5-3,0

4000

Бір қалыптылықпен қозғалу

0,5-1,0

>4000

Екпін

2,0-5,0

10000

Тежелу

4-ке дейін

28000

Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесіне ең қауіпті құрауыштың бірі бензиндегі тетраэтилқорғасыннан Pb (C2 H5)4 түзілген пайдаланылған газдағы қорғасын қосылыстары. 1 л бензинді жаққанда ауаға 200-700 мг Pb бөлініп отырады.


Автокөлік жұмыс істегенде атмосфераға дөңгелекқап үйкелгенде түзілген резеңке шаңы түседі. Автокөлікті жуған кезде және пайданылған машина майы түскенде су қойманың ластануы мүмкін. Сондай-ақ, автокөлік жануарлар дүниесіне зиян келтіреді. Жеңіл автокөлік ашық жермен 1 км жүргенде оның жел әйнегіне 3 мыңға жуық жәндіктер соғылады. Әрбір 27 км де қала көліктері 1 омыртқалы жануарды (мысық, ит, тышқан, т.б.) өлтіреді.
Қазір әлемде биоэтонол өніміне сұраныс көбеюде. Оған шикізат ретінде құрамында негізінде қант пен крахмалы көп жүгері, бидай, қызылша, қант және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері пайдаланылады. Бұл ретте Қазақстан биоэтонолды бидайдан алу жолын таңдап отыр. Ол үшін алдымен азық-түлік жасауға жарамсыз үшінші, төртінші сортты бидайдан техникалық спирт және клейковина алынады. Ал, клейковина әлемдегі жоғары сұранысқа ие товар. Өйткені, одан крахмал, биомасса алынады. Мұның ішінде биомассадан алынатын сұйықтық “биоэтонол”деп аталады. Оны құрамында көп АИ-76 маркалы бензинге қосса, одан АИ-93,95 маркалы бензин шығады екен. Сондай-ақ биоэтонолдың тағы басқа пайдаланатын жерлері көп. Осы себептен Еуропада, АҚШ пен Қытайда биоэтонолды тұтыну күн өткен сайын өсіп келеді. Одан жылына миллиард доллар пайда табуға болады.
2002 жылы қоршаған ортаның жасыл желегі мониторингінің электрондық картасы жасалды. Сөйтіп, 2010 жылға дейінгі жүзеге асырылуға тиісті жұмыстар ауқымы белгіленіп, барлық ағаштар түгел саналды. Қазір қалада 1850 мың ағаш бар, бұл әрбір қала тұрғынына шаққанда 1,3 –тен келеді. Мұның өзі тиісті нормадан кем. Ал, биылғы жылы 8 мың түп ағаш отырғызылады.
Бүгінгі таңда машина адамнан көп, бензин сапасыз тіпті улы. Оны жұтқан адамның өкпесі қарайып қаза болуда.
Жақында Англияда британдықтар үлкен бір жаңалық ойлап тапты. Ол қоршаған ортаны автокөліктен бөліп шығатын улы газдан қорғау бағдарламасы. Қазір ондағы Винчестер қаласындағы көлік компанияларының бірі өз автобустарында арнаулы фильтр ретінде кәдімгі қойдың зәрін пайдаланып жүр. Қойдың зәрі өңделген газға себіліп, одан бөлінетін улы заттың қоршаған ортаға шығуын тоқтататын көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет