Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына хронологиялық шолу жасаңыз


Синоним, жасалу жолдары. Синонимдік қатардың толығу жолдары, мысалдармен дәйектеңіз



бет15/21
Дата22.02.2023
өлшемі53,5 Kb.
#69926
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
аза тіл біліміні зерттелу тарихына хронологиялы шолу жаса ыз

24. Синоним, жасалу жолдары. Синонимдік қатардың толығу жолдары, мысалдармен дәйектеңіз.
Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.
Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.
•Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.
•Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:
1.мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);
2.стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);
3.сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).
•Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:
1.мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;
2.бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;
3.мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;
4.Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.
5.Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;
6.Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.
Стилистикалық синонимдер — стилистикалық жағынан ерекшеленетін синоним сөздер.


25. Антонимнің зерттелуі мен жасалу жолдарына хронологиялық карта жасаңыз
Антоним (гр. ἀντι- — «қарсы», гр. ὄνυμα — «ат», «атау») — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық), сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет