Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы
Емтихан сұрақтары
Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына хронологиялық шолу жасаңыз.
Қазақ тіл білімінің тарихи даму кезеңдерінің бастауы түркітанудағы ғылыми зерттеулермен тікелей байланысты.
ХІ ғ
Түркі тайпаларының тілі мен диалектілерінің салыстырмалы-тарихи деректері талданатын М. Қашқаридың «Диуани лұғат-иттүрк» еңбегінен бастау алатын қазақ тіл білімінің тарихын кеңінен алып зерттеудің, зерделеудің, ғылыми тұрғыдан талдаудың маңызы ерекше.
Ресейдің қазақ еліне арнайы жасаған саясатының нәтижесінде қалыптасып жасалған орыс түркологтарының еңбектерін атап өту абзал. Бұл кезеңде қазақ тілін зерттеуге Н.И. Ильминский, М.А. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, Н.Созонтов, Г.В. Архангельский, В.В. Радлов, Н.Н. Пантусов, В.В. Григорьев сынды ғалымдар ат салысты.
1822-1891жж.
Н.И. Ильминскиийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» деп аталатын практикалық мақсатта жазылған еңбегі бар.
1895-1909 жж.
В.В. Катаринский (1846-1902) – Орта Азиядағы көрнекті түркітанушылардың бірі, Н.И. Ильминскийдің шәкірті. Ол оқу-ағарту істеріне қатысты: «Краткийкиргизско-русский словарь»,«Русско-киргизский словарь», «Киргизско-русский словарь», А.Н. Кононовпен бірлесіп жасаған «Практические уроки русского языка для киргизов», «Грамматика киргизского языка» және «Первоначальный учебник русского языка для киргизов» т.б. еңбектерімен танымал. «Грамматика киргизского языка» еңбегінде фонетика, этимология (морфология), синтаксис салалары туралы жақсы мағлұматтар берілген.
ХХ ғасыр
Қазақ тіл білімінің жүйелі де нақты зерттелуі А. Байтұрсынұлы еңбектерінен басталады.Бұған дейінгі ғылыми зерттеулерде қазақ тілі деректері екінші тілдің бірліктері ретінде зерттелгендіктен, сөздің мәні мен мағынасының, тарихи дамуының байыбына терең бару қиын еді. А. Байтұрсынұлы еңбектерінен енді қазақ тілін ана тілі ретінде зерттеу басталды.