Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі



бет4/5
Дата07.01.2022
өлшемі25,61 Kb.
#17186
1   2   3   4   5
Мәтін бойынша сөздік

ахуал – положение, состояние

мемлекеттік бағдарлама – государственная программа

қамқорлық – 1) заботливость, участливость

2) покровительство, протекция, опека,

попечение, февство

белсенді – активный

жүзеге асу – осуществляться, притворяться в жизнь


4-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, қазақ халқының қандай салт-дәстүрімен танысқандарыңызды айтыңыздар? Мағынасы түсініксіз сөздердің астын сызып, түсіндірме сөздіктен анықтамасымен танысыңыздар.
Бастаңғы* – қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, бастаңғы жасайды. «Қызға қырық үйден тыйым» деген берік қағиданы ұстанған қазақ қыздары, әдетте, мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе ініқарындастарымен бірге келетін болған. Кейде жиын қызықты өтуі үшін сал-сері бозбалалар да шақырылған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құрт-май, қант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастарқан жайған. Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу; қонақ күте білуге баулу. Енді бірі – қызды қазан-аяқ ұстауға, дастарқан жасай білуге, т.б. үйрету. Сондықтан бастаңғыны көбіне қызы бойжете бастаған үйлер жасаған. Бірақ бастаңғы рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген. Өйткені «шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл болады» деген сөз бар. Басқосу барысында жастар әзілоспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әртүрлі

өнерлерін ортаға салған.

*Бастаңғы – энт. бастангы – угощение, устраиваемое девушками и молодыми женщинами для своих сверстников при

отъезде старших в семье.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет