Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет114/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   171
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады) І-і-і-і – егінші – егінші
І-і-і-і – диірменші – диірменші.
Сұрақтар қою арқылы балаларға ертегі мазмұнын қайталату.
– Тышқан қайда келді? Ол не көрді?
– Тышқан не деді?
– Сатушы, нан қайдан келді?
– Наубайшыдан сұра.
– Наубайшы, наубайшы, нан қайдан келді?
Балалар педагогтің көмегімен кейіпкерлер сөзін кезекпен мәнерлеп, диалог құрып қайталайды.
– Егінші қандай адам? (Егінші – еңбекшіл, еңбекқор адам).
– Тышқан қандай? (Тышқан жалқау).

Қанатты сөз.


Ас атасы – нан, Нан атасы – дән.


– Қандай тыйым сөз білесіңдер?
– Нанды баспа, ақты төкпе.

Сергіту сәті




Тақпақ оқу.
Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бойымызды жазайық, Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.

Нан қоқымын шашпаңдар,


Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар.
(Ө. Тұрманжанов)

Тақпақ не туралы? Педагог тақпақтың мазмұнын балалармен бірге талқылайды.

  • Қандай таныс сөздер бар? Балалар таныс сөздерді атайды: нан, жер, торғайлар.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


1. Нан дастарқанға қалай келеді? Суреттерді ретімен белгіле. 2.Атауында «І» дыбысы бар суреттерді ата. Белгіле.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Мен 5 тағам білемін».
Ойынның мақсаты: сөздерді бекіту, ойлауға дағдыландыру. Шарты: Допты жерге ұрған сайын бір сөз айтады.
Балалар білетін тағамдарын айтады.

3.Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды.
– Ертегі ұнады ма? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Балаларды мадақтау. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№46


Білім беру салалары: Қатынас, таным


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет