Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет112/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   171

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


  1. Ұлттық тағамдарды ата.

  2. Суреттен ұлттық тағамдарды тап. Оларды үстел үстіне сызып көрсет. Сен не жедің? Не іштің?

Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Балалар сөйлем құрайды.
Мен бауырсақ жедім. Мен қымыз іштім.
  1. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Бүгін ең қызық қандай тапсырма болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№ 45


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Нан қайдан келеді?
Мақсаты: ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін, сөздерін мәнерлеп жеткізе білуге үйрету.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрауды үйрету және диалогке қатысып, ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтыру. Тақпақты тыңдап, оның ішінен таныс сөздерді таба білу дағдыларын дамыту.
Дамытушылық міндеті: ойлау қабілеттерін, артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды (і дыбысы) дұрыс айтуға жаттықтыру. Тәрбиелік міндеті: нанды қадірлеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: ертегі кейіпкерлерін және олардың іс-әрекеттерің атайды, тақпақта таныс сөздерді табады, атайды, диалогке қатысады.
Түсінеді: нан дастарқанға келу үшін көп еңбек керек екенін түсінеді;
Қолданады: сөздерді байланыстырып сөйлейді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ертегі иллюстрациялары, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: егінші – хлебороб, наубайшы – пекарь, диірменші – мельник, ұн– мука, бидай – пшеница, сатушы – продавец.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет