Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Бөлімі: Қазақ тілі Тақырыбы



бет115/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   171
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Мақсаты: үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын қазақша айтқызып үйрету.
Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, үй жануарлары мен
төлдерін топтай алуға жаттықтыру, мәтінді мұқият тыңдап, оның ішінен таныс сөздерді таба білуге жаттықтыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: ойлау қабілеттерін дамыту, сөздегі қазақ тіліне тән «ұ» дыбысын дұрыс айтуға дағдыландыру. Артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту.
Тәрбиелік міндеті: үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: үй жануарлары мен төлдерін атайды, үй жануарлары мен төлдерін топтай алады,
«ұ» дыбысын дұрыс айтып жаттығады.
Түсінеді: жануарларды қалай шақыруға болатынын түсінеді.
Қолданады: зейін қойып тыңдайды, таныс сөздерді мәтіннен таба алады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, ойыншықтар, үнтаспа, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: қошақан – ягненок, лақ – козленок, құлын – жеребенок, бұзау – теленок, бота – верблюжонок.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Нан қайдан келеді?» тақырыпты қайталау.
Иллюстрациялар бойынша «Нан қайдан шығады?» (М. Етекбаев) ертегісін еске алу.
Наубайшы не істейді?
– Наубайшы нан пісіреді.
– Диірменші не істейді?
– Диірменші бидайдан ұн жасайды.
– Егінші не істейді?
– Егінші егін егеді.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет