Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет137/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   171

Сергіту сәті:


Қолымызды жаямыз, Құстай қанат қағамыз. Ұшып-ұшып аламыз, Орнымызды табамыз.
Балаларға ертегіні сахналауды ұсыну. Балалар санамақпен ертегіні сахналауға қатысатын балаларды таңдайды. Ертегі кейіпкерлері – Қарлығаш, Дәуіт, Қарға, Көкек, Жылан
бейнеленген қалпақтарды балаларға береді. Сахналау. Автордың сөздерін педагог айтады.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


1. Суреттерге қара. «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін ретімен айтып бер. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
  1. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№ 57


Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Қандай түстер?
Мақсаты: түстерді қазақша айтуға үйрету.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Балаларға сөйлем құратуда сын есімдерді пайдалануға үйрету: түсін сипаттай білуді меңгерту. Қандай? сұрағына жауап беруге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады, сын есімдерді пайдаланып сөйлем құрайды.
Түсінеді: сұрақтарды түсініп жауап береді.
Қолданады: түстердің қазақша аталуын қолданады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, суретті сөздіктер, слайд, қима материал, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: қандай? – какой?, қоңыр – коричневый, қара – черный, күлгін – фиолетовый, көгілдір – голубой, қызғылт – оранжевый.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет