Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет136/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   171

№ 56


Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ертегі әлемі
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, диалогке қатысуға үйрету. Білімділік міндеті: зейін қойып тыңдауға, қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: кейіпкер бейнесін көрсетуге ынталандыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: қайырымдылыққа, көмек беруге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: ертегі кейіпкерлерін атайды, диалогке қатысады.
Түсінеді: сөйлемдерді түсініп, суреттерін көрсетеді.
Қолданады: меңгерген сөздерін күнделікті өмірде қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ертегілер иллюстрациялары, қарлығаштың суреті, ертегі кейіпкерлері – қарлығаш, дәуіт, қарға, көкек, жылан бейнеленген қалпақтар, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: дәуіт – богомол, көмек – помощь, сұрады – просил, қарға – ворона, көкек – кукушка, жылан – змея.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай? Бүгін аптаның қай күні?
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіздер ме?! Қима материалмен жұмыс. Өткен «Армысың, әз Наурыз» тақырыпты суреттер бойынша қайталау. Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
  1. Негізгі кезең


Таныс ертегілер иллюстрациясыларымен жұмыс: «Бауырсақ», «Шалқан». Балалар, мына суретте нелер бейнеленген? Таныс ертегілерді айтыңдаршы.
Дидактикалық ойын: «Ата, көрсет». Педагог ертегі кейіпкерлерінің сөзін айтады, балалар сол кейіпкерлерді атап көрсетеді.
Суреттермен жұмыс. Педагог қарлығаштың суретін көрсетеді.

  • Мынау не?

    • Мынау – қарлығаш.

Қарлығаш туралы ертегі «Қарлығаш пен Дәуіт» ұсынады. Ертегісін тыңдату. Суреттер бойынша жұмыс.

      • Мынау – Қарға.

      • Мынау не?

      • Мынау – Қарға.

      • Мынау – Көкек.

      • Мынау не?

      • Мынау – Көкек.

      • Мынау – Дәуіт.

      • Мынау не?

      • Мынау – Дәуіт.

      • Мынау – Жылан.

      • Мынау не?

      • Мынау – Жылан

      • Қарлығаш көмек сұрады.

      • Қарлығаш не істеді?

      • Қарлығаш көмек сұрады.

      • Көмек, кө-мек.

      • Қарлығаш Көкек және Қарғадан көмек сұрады.

      • Қарлығаш нелерден көмек сұрады?

      • Қарлығаш Көкек және Қарғадан көмек сұрады.

      • Көкек: Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ – деді.

      • Көкек не деді?

      • «Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ», – деді. Қарға: «Үйленгелі жатқанымда, мазамды алма», – деді.

Қарға не деді?
–«Үйленгелі жатқанымда, мазамды алма», – деді.
– Осы істері дұрыс па?

  • Қарлығашқа дәуіт көмек берді.

  • Қарлығашқа не көмек берді?

  • Қарлығашқа дәуіт көмек берді.

  • Қарлығаш пен Дәуіт дос болды.

– Қарлығаштың досы ....
– Дәуіттің досы ...
Сөздерді, сөйлемдерді жеке-жеке, хормен дұрыс айтып жаттығады, естеріне сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет