Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады)



бет143/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   171

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


І-і-і-і – кітап, кітап.
Қ -қ-қ-қ – қалам, қалам. Ә-ә-ә-ә- дәптер, дәптер.
Сөздерді бекіту үшін, «Қайтала, көрсет» ойынын жүргізеді. Оқу құралдары жекеше, көпше айтылады. Сөздерді қайталап, үстелден алып көрсетеді.
кітап – кітаптар қалам – қаламдар
сызғыш – сызғыштар дәптер – дәптерлер
Педагог шағын мәтін құрайды.
Мен мектепке барамын. Мектепке кітаптар, дәптерлер, қалам апарамын. Мен жақсы оқушы боламын.
Балалар мәтінді қайталайды.

Сергіту сәті:


Бір, екі, үш

Аяққа түсті күш. Төрт, бес, алты Күшіміз артты. Жеті, сегіз
Білім, еңбек егіз. Тоғыз, он
Құстай ұш та қон.

Жаңылтпашты қайталау.


Сыныпта ақ бор бар, Көк бор бар,


Көп бор бар.

Балалар жаңылтпашты жай, жылдам, қатты және ақырын қайталайды.
Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта». Берілген сөздерге жалғастырып, сөйлем құрау. Оқушы дәптерде жазады.
Оқушы ... (дәптерде жазады). Кітапты оқиды. Кітапты ...
Қарындашпен сызады. Қарындашпен ...

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


1.Оқу құралдарын тап. Белгіле. Ата. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

3. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Қандай жаңа сөздер үйрендіңдер? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№ 60


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Оқушыға не керек?
Мақсаты: сөздік қорларын оқу құралдарының атаулармен толықтыру.
Білімділік міндеті: сөздерді саналы түрде есте сақтауға және дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет