Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет144/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   171
Дамытушылық міндеті: сөздерді байланыстырып сөйлеуді, 2-3 сөзден сөйлем құруға жаттықтыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: жаңа сөздерін айтады, 2-3 сөзден сөйлем құрастырады.
Түсінеді: сөйлемді түсініп сәйкес суретті көрсетеді.
Қолданады: сөздерді байланыстырып сөйлей алады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, оқушының рюкзагы, оқу құралдары, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: желім – клей, сурет дәптері – тетрадь для рисования, қылқалам – кисточка, қайшы – ножницы, сурет салады – рисуют, қағаз қияды – режут бумагу.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

    • Сәлеметсіздер ме?!

Қима материалмен жұмыс. Суреттер бойынша өткен тақырыпты қайталау. Ойын: «Алтын сақа сөз жинайды» (мектеп, оқу құралдары тақырыбы бойынша).
  1. Негізгі кезең


Арман: Мен бүгін бір оқушының сөмкесін әкелдім. Ішінде не бар?
Балалар кезекпен келіп сөмке ішіндегі таныс заттарды алып атап, топтайды. Ойын барысында жаңа сөздермен таныстыру.

    • Мынау – кітап. Кітап не?

    • Кітап – оқу құралы.

    • Оқушыға кітап керек пе?

    • Оқушыға кітап керек.

    • Мынау – мәшине. Мәшине – ойыншық.

    • Оқушыға мектепте ойыншық керек пе?

    • Оқушыға ойыншық керек емес.

    • Мынау – қайшы. Мынау – ... қайшы (жеке-жеке айтады)

    • Оқушыға қайшы керек.

    • Оқушыға қайшы керек пе?

Оқушыға қайшы керек.

    • Мынау – желім. Мынау не?

    • Мынау – желім.

    • Оқушыға желім керек.

    • Оқушыға желім керек пе?

    • Оқушыға желім керек.

    • Мынау – қылқалам. Мынау не?

    • Мынау – қылқалам.

    • Оқушыға қылқалам керек.

    • Оқушыға қылқалам керек пе?

    • Оқушыға қылқалам керек.

Мынау – сурет дәптері. Мынау не? Мынау – сурет дәптері.

    • Оқушыға сурет дәптері керек.

    • Оқушыға сурет дәптері керек пе?

    • Оқушыға сурет дәптері керек. Сөздік ойын: «Оқушы не істейді» Оқушы қаламмен жазады.

Оқушы қайшымен қағаз қияды. Оқушы қылқаламмен сурет салады. Оқушы сурет дәптерінде сурет салады.

    • Оқушыға оқу құралдары не үшін керек?

    • Оқушы қаламмен жазады. Қайшымен қағаз қияды.

    • Қылқаламмен сурет салады. Сурет дәптерінде сурет салады.

Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды.
Сөздерді бекітуге арналған «Сақ бол» ойыны. Педагог оқу құралдарын бірде дұрыс, бірде қате айтады. Зейін қойып тыңдап, балалар «қатесін» түзетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет