Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет166/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   171

2.Негізгі кезең


Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
«Кел, балалар, ойнайық» әнін тыңдату. Мазмұнын түсіндіру.
– Сендерге ән ұнады ма?
Арман балаларды «Ғажайып шеңбер» ойынын ойнауға шақырады.
– Мынау – ғажайып шеңбер. Мынау не?
– Ғажайып шеңбер. (Ғажайып шеңбер сөз тіркесін дұрыс айтып жаттығады). Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топ кезекпен шеңбердің тілін айналдыру арқылы ұяшықты анықтайды да, сол ұядағы хатқалта ішіндегі тапсырманы орындайды. Педагог әр жауапқа бір ұпай береді. Тақырыптарға байланысты қима не мазмұнды суреттер беріледі. Балалар
қиналса, педагог сұрақтардың көмегімен толық жауап алуға тырысады. Балалар сұраққа кезекпен жауап береді.

Тапсырмалар: № 1. Қыс

  • Бұл қай жыл мезгіл?

  • Қыс айлары қандай?

  • Қыста не болады?

  • Балалар не істейді?

№ 2. Мен және менің отбасым. Өзі және отбасы, мекенжайы туралы шағын мәтін құрайды.
№ 3. Балабақша
Топта нелер бар?
Заттарды жекеше, көпше түрде атау.
№ 4. Үй жануарлары мен жабайы жануарлар
Мынау не? Қайда тұрады? (Жануарларды атайды, қайда тұратынын айтады).
№ 5. Жемістер мен көгөністер. Педагогтің айтуы бойынша көгөніс пен жемістерді табады. Мысалы: Қызыл, дәмді көгөніс. Сары қышқыл жеміс. Жасыл көгөністерді ата, көрсет. т.с.с.
№ 6. «Кім жылдам?»
Берілген тақырыпқа сөз ойла. Сөздермен сөйлем құра.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


1.Суреттерге қара. Бір топқа жататын заттарды бір-бірімен біріктір. Бір сөзбен ата. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Ұпайларды санау. Жеңімпаздар анықталады.
  1. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет