Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық. Қуан шаттан (2) Қуанатын күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін



бет1/13
Дата11.06.2023
өлшемі0,77 Mb.
#100435
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
сабак 2


Міндеттері:
1. Мәтінді мәнерлі, сауатты оқуға жаттықтыру және өз ойларын ортаға салуға үйрету.
2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын. Танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап, талдау, жинақтау, топтастыру. СТО стратегиясы. мәтін құрастыру.
Көрнектілігі: әр түрлі суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық.
Қуан шаттан (2)
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.

II. Алған білімнің диагностикасы.


1. «Көмек» ойны. Балапандарынан айырылып қалған тауыққа көмектесу үшін, балапандар суретінің артқы бетіндегі сұрақтарға жауап береді.
– Балалар біріншіден әр тобымызға ат қояйық.
- Қане, аналардың сендерді қалай атап еркелетеді?
Айым, күнім, жаным, ботам, балапаным, қошақаным және т. б.
- Ендеше, аналарымыз бізді еркелетіп, аймалап, аялы алақанына салып отыр деп ойлаңдар.
І – топ: Қошақандар (қой туралы мәтін оқу)
ІІ – топ: Құлыншақ (жылқы туралы мәтін оқу)
ІІІ – топ: Ботақандар (түйе туралы мәтін оқу)
ІV – топ: Ақ лағым (ешкі туралы мәтін оқу)

III. Миға шабуыл жасау: «Бесік жыры» әнін қосу


Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды. Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді. Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан. Сенің барлық қылығыңды кешіреді, аяйды.

IV. Оқушылардың танымдық әрекеті.


1. Видео көрсету. Аналардың ақ ниеті.
- Ендеше, балалар осы айтылған мейрімді сөздерден «Ана» туралы мәтін құрастырайық.

Тірек сөздер: асыл ана, мәпелейді, еркелетеді, күтеді, ананың алақаны, сыйлау, ақылын айтады.


(Әр топ жетекшісі қорғайды)

V. Сергіту сәті


VI. «Ана» туралы қандай мақал – мәтел, тақпақ білесіңдер?
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!

Баланың да тірегі,


Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүргі.
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық
Берсе барлық адамға ана мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
VII. Дәптермен жұмыс
Дәптерлерді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
І – топ: Анаңды суреттеп айтып бер.
ІІ – топ: Анаңа қандай тілек айтасың.
ІІІ – топ: Үйіңде анаңа қалай көмектесесің?
ІV – топ: Аналарыңды қалай қуантар едің?
VIII. Олай болса, бәріміз аналарымызды жақсы көреміз.
Енді аналарымызға арнап қолымыздан гүл жасайық.
IX. Сөзжұмбақ шешу
1. Анаңның әкесі саған кім болады?
2. Өзіңді қайдан көре аласың?
3. Суда тіршілік ететін не?
X. Алған білімнің диагностикасы
Бес жол өлең
1. Кім? Ана
2. Қандай? Мейрімді, ардақты
3. Не істейді? Ойлайды, қорғайды, тілейді
4. Сезімді білдіретін сөз тіркесі: Анамды көргенде шаршағанымды ұмытамын.
5. Мәндес сөз: Шеше
XI. «Анаға» байланысты жақсы сөзді айта отырып, «Күннің шуағына» гүлді жапсыру. Төмендегідей сөздер айтады:
Менің анам – сұлу ------------- Менің анам – мейірімді
Менің анам – аяулы ------------ Менің анам – өмір нұрын себуші
Менің анам – ардақты ------------ Менің анам - ақ жол нұсқаушы
Менің анам – қамқоршы ------------ Менің анам – жанашыр
XII. Әнмен аяқтау. «Әр қашан күн сөнбесін»
Әр қашан күн сөнбесін,
Аспанға бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!
XIII. Мадақтау.
Оқу істері бойынша
мектеп директор орынбасары: ____________________

Сынып: 4

Қатысушылар саны: 12

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ана тілім-дана тілім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді;
Көптеген оқушылар: Өлеңнен қажетті ақпаратты түртіп алып оқиды; өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;
Кейбір оқушылар: Өлеңнен негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет