Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
«Кел, балалар, ойнайық» әнін тыңдату. Мазмұнын түсіндіру.
– Сендерге ән ұнады ма?
Арман балаларды «Ғажайып
шеңбер» ойынын ойнауға шақырады.
– Мынау – ғажайып шеңбер. Мынау не?
– Ғажайып шеңбер. (Ғажайып шеңбер сөз тіркесін дұрыс айтып жаттығады). Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топ кезекпен шеңбердің тілін айналдыру арқылы ұяшықты анықтайды да, сол ұядағы хатқалта ішіндегі тапсырманы орындайды. Педагог әр жауапқа бір ұпай береді. Тақырыптарға байланысты қима не мазмұнды суреттер беріледі.
Балалар
қиналса, педагог сұрақтардың көмегімен толық жауап алуға тырысады. Балалар сұраққа кезекпен жауап береді.