Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет32/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   171

ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері

Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын кең ашқан. Тілегіміз – тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеміз, Бәріміз де біргеміз.



Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Амандасады. Бәрін ойын ойнауға шақырады
Ойын: «Кім тапқыр?». Өткен «Балабақша бөлмелері» тақырыпты қайталау, педагогтің айтқан сөздеріне сәйкес қима суреттерді көрсету. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
  1. Негізгі кезең


Ойын: «Біз саяхат жасаймыз».
Тамаша ғой бақшамыз, Саяхатқа шығамыз.
Алға басып келеміз, Бәрін, бәрін білеміз.

Балалар топтарына саяхатқа шығады.

  • Бұл – сендердің топтарың. Мынау – топ бөлмесі. Топта не бар? (Балалар топтағы заттарды атайды).

  • Топта үстел бар.

  • Топта орындық бар.

Жаңа сөздермен таныстыру.


Мынау – ойын бұрышы. Мынау – ... («ойын бұрышы» сөзін жеке, хормен қайталайды) Ойын бұрышында не бар?

  • Мынау не?

  • Мынау – қуыршақ (өздері білетін ойыншықтарды атайды).

  • Қуыршақ не?

  • Қуыршақ – ойыншық.

  • Мынау не?

  • Мынау – піл.

  • Піл не?

  • Піл – ойыншық.

  • Ойыншық қайда тұр?

  • Ойыншық ойын бұрышында тұр.

  • Мынау – ұйықтайтын бөлме. Ұйық-тай-тын бөлме.

Мынау не?
Мынау – ұйықтайтын бөлме. Мынау – кереует.

  • Кереует қай бөлмеде?

  • Кереует ұйықтайтын бөлмеде.

  • Мынау – табиғат бұрышы.

  • Мынау не?

  • Мынау – табиғат бұрышы.

  • Мынау – гүл.

  • Гүл табиғат бұрышында тұр.

  • Гүл қай бөлмеде тұр?

  • Гүл табиғат бұрышында тұр.

Балалар педагогтің соңынан сөздер мен сөйлемдерді қайталайды.
Ойын: «Біреу – көп». Педагог заттарды жекеше, көпше түрде айтуға үйретеді. ойыншық – ойыншықтар
кереует – кереуеттер гүл – гүлдер
үстел – үстелдер
орындық – орындықтар



  • Ойын бұрышында нелер бар?

  • Ойын бұрышында ойыншықтар бар.

  • Кереуеттер қай бөлмеде?

  • Кереуеттер ұйықтайтын бөлмеде.

  • Гүлдер қай бөлмеде тұр?

  • Гүлдер табиғат бұрышында тұр.

  • Топта нелер бар?

  • Топта үстелдер, орындықтар бар.

Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Суреттерді көрсетеді, суретке байланысты заттың атын атайды, сол сөзге сөзді байланыстырып жалғап, сөйлем құрайды.
Балабақша (әдемі, жарық, таза)
Біздің (топ)
Біздің топта. (ойыншықтар көп)
Біздің топта. (үстелдер, орындықтар, кереуеттер) бар.
Табиғат бұрышында .. (гүлдер) бар.

Педагог шағын мәтін құрастырады. Мынау – біздің топ. Біздің топта ойын бұрышы, табиғат бұрышы және ұйықтайтын бөлме бар. Ойын бұрышында ойыншықтар бар. Табиғат


бұрышында гүлдер өседі. Ұйықтайтын бөлмеде кереуеттер түр. 3-4 бала мәтінді қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет