Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет29/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   171

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


  1. Суретке қарап, балабақша туралы әңгімеле. Өзіңнің балабақшаң қандай? Балабақшада саған не ұнайды?

  2. Балабақшаға баратын жолды тап. Қарындашпен сызып көрсет. Педагог тапсырмаларды түсіндіреді. Жеке жұмыс жүргізеді.
  3. Рефлексия


Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау. Қуыршақтармен қоштасу.

  • Сендерге қандай тапсырмалар ұнады? Әрбір сабақтың соңында жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.

Егер өздерінің белсенділігіне қанағаттансандар, берілген тапсырмаларды жақсы орындасандар, күліп тұрған смайлды қарындашпен қоршайсыңдар, ал егер тапсырмаларды орындай алмай қалсандар, өздерінің іс-әрекеттеріне қанағаттанбасаңдар, ренжіп тұрған смайлды қоршайсыңдар.


№2


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет.
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Балабақша бөлмелері.
Мақсаты: балабақша бөлмелерінің атын дұрыс айтуға үйрету .
Білімділік міндеті: балабақша туралы шағын мәтін құруға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру, сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру.
Тілдік және артикуляциялық аппаратты, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады, мәтінді қайталайды.
Түсінеді: қарапайым сұрақтарды, сөздерді.
Қолданады: балабақша бөлмелерін атайды, қарапайым сұраққа жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд: «Балабақша
бөлмелері», ойыншық күн, суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, қарындаштар, айна, фишкалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет