Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады)



бет39/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   171

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


Ү -ү –тү-түл-кі – түлкі І -і -пі –кір-пі – кірпі. Сергіту сәті
Добым, добым, домалақ, Қайда кеттің домалап?
Секіресің, зырлайсың, Бір орныңда тұрмайсың.
Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?». Педагогтің айтқан сөздеріне сәйкес суреттерді көрсету, сөйлем құрап, қима материалдармен жұмыс жүргізіледі.

    • Мынау қандай ойыншық?

  • Мынау – доп.

Доп неден жасалған?
– Резеңкеден жасалған ойыншық.

  • Мынау қандай ойыншық?

  • Мынау – кірпі.

  • Кірпі неден жасалған?

  • Пласмассадан жасалған ойыншық.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


  1. Ойыншықтарды ата. Өзіне ұнаған ойыншықты сипатта.

  2. Тыңда. Таныс сөздерді тап, ата.

Педагог М.Әлімбаевтың ойыншықтар туралы өлеңін оқиды. Балалар өлең ішінен өздеріне таныс сөздерді тауып айтады. Мысалы: аю, қасқыр, ойыншық, піл т.б.
Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп береді.
Өлеңде кездесетін ойыншықтардың аттарын жеке-жеке және хормен айтқызады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Сөздік ойын: «Аудармашы»
Педагог сөздерді қазақ тілінде айтады, балалар аударады. ойыншық – игрушка
менің ойыншықтарым – мои игрушки жұмсақ ойыншықтар – мягкие игрушки
железные игрушки – темір ойыншықтар резиновые игрушки – резеңке ойыншықтар.
  1. Рефлексия


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет