Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет37/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   171
Тақпақ оқу. Педагог тақпақ оқиды. Өздеріңе таныс сөздерді айтыңдар.
Мен бақшаға барамын, Ойнаймын, ән саламын. Тәрбиеші әпкелер, Досы барлық баланың.
Балалар таныс сөздерді атайды: балабақша, тәрбиеші.

Сергіту сәті


Бір-бірімен сыйласты, Тату жүрміз бәріміз. Бал достықтың ұясы – Біздің балабақшамыз.
Дидактикалық ойын: «Тыңда, көрсет, қайтала». Балаларға балабақша қызметкерлерінің суретін көрсету.

  • Бұл кім?

  • Бұл – тәрбиеші.

  • Аты кім?

  • Любовь Петровна.

  • Дұрыс, сендердің тәрбиешілерің – Тим Любовь Петровна.

Осылайша балабақшада жұмыс істейтін музыка жетекшісі, жаттықтырушы және аспаздың аты-жөндері айтады.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап бер.

  • Мынау кім? Ол не істейді?

  • Бұл – аспаз.

  • Ол не істейді? Аспаз балаларға дәмді ас пісіреді. т.б. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог балабақша қызметкерінің атауын орыс тілінде айтады, балалар аударады. Воспитатель – тәрбиеші
Заведующая – меңгеруші Повар – аспаз т.б.
  1. Рефлексия


Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау.

  • Сендерге қандай тапсырма ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№ 6


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің ойыншықтарым.
Мақсаты: тыңдау және тілді түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік міндеті: балалардың сөздік қорларын байыту, ойыншықтардың қазақша аталуын есте сақтауға жаттықтыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту.
Диалогке қатысуға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет