Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет36/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   171

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады.
Түсінеді: адамгершілікті, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді түсінеді.
Қолданады: балабақша қызметкерлерімен қазақша амандасады, қарапайым сұраққа жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд: «Балабақша қызметкерлері», суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, қарындаштар, айна.

Билингвалды компонент: тәрбиеші – воспитатель, меңгеруші – заведующий, аспаз – повар, дәрігер – врач, мейірбике – медсестра, музыка жетекшісі – музыкальный руководитель,
жаттықтырушы – тренер.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын кең ашқан. Тілегіміз – тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеміз, Бәріміз де біргеміз.
  1. Негізгі кезең


Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

    • Сәлеметсіздер ме?!

Өткен «Біз балабақшада не істейміз?» тақырыпты қайталау үшін «Балабақша» слайды көрсетіледі, сұрақтар қояды.

  • Мынау не?

  • Мынау – балабақша.

  • Біздің балабақша қандай?

  • Біздің балабақша әдемі, кең, жарық.

  • Біз балабақшада не істейміз?

Біз балабақшада денемізді шынықтырамыз. (Тамақ ішеміз, ұйықтаймыз, би билейміз, ән айтамыз, демаламыз, сурет саламыз).

  • Осы балабақшада, сендерге қызмет көрсететін балабақша қызметкерлерімен танысамыз. Слайд: «Балабақша қызметкерлері».

Ең алдымен бақшаға,
Тәрбиеші келеді.
Сені, мені күтеді.
Күлімдейді қарсы алып.
Педагог балаларға қолдарына айнаны алып, дыбыстық жаттығулар жасауды ұсынады және сөздері қайталап, естеріне сақтауды ескертеді.

  • Мынау – тәрбиеші, і-і-і-ші – тәр-бие-ші.

  • Мынау кім?

  • Мынау – тәрбиеші. Тәрбиеші кітап оқиды. Тәрбиеші не істейді?

  • Тәрбиеші кітап оқиды.

  • Балабақшада меңгеруші бар.

Мынау – меңгеруші, ң-ң-ң-ең- мең-ге-ру-ші

  • Мынау кім?

  • Мынау – меңгеруші.

  • Балабақшада дәрігер бар.

  • Мынау – дәрігер.

  • Мынау кім?

  • Мынау – дәрігер.

  • Дәрігер емдейді.

  • Дәрігер не істейді?

  • Дәрігер емдейді.

  • Мынау – мейірбике. І-і-і-ір – ме-йір-би-ке.

  • Мынау кім?

  • Мынау – мейірбике.

  • Мейірбике емдейді.

Мейірбеке не істейді?

  • Мейірбике емдейді.

Мынау – жаттықтырушы. Қ- қ -қ -ық – жат-тық-ты-ру-шы.

    • Мынау кім?

    • Мынау – жаттықтырушы.

    • Жаттықтырушы балалардың денесін шынықтырады.

    • Жаттықтырушы не істейді?

    • Жаттықтырушы балалардың денесін шынықтырады.

    • Мынау – музыка жетекшісі.

    • Мынау кім?

    • Мынау – музыка жетекшісі.

    • Музыка жетекшісі балаларды ән айтуға, билеуге үйретеді.

    • Музыка жетекшісі не істейді?

    • Музыка жетекшісі балаларды ән айтуға, билеуге үйретеді.

    • Мынау – аспаз.

    • Мынау кім?

    • Мынау – аспаз.

    • Аспаз дәмді ас пісіреді.

    • Аспаз не істейді?

    • Аспаз дәмді ас пісіреді.

Балалар сөйлемдерді қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет