Қазақ тілі (фонетика, лексика)


Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі



Pdf көрінісі
бет13/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
 
Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі. Тіл дыбыстары, әдетте жеке-дара 
күйінде айтылмай, сөз ішінде немесе сөздердің аралығында бір-бірімен тірксіп, 
сөз ара тізбектелген түрде қолданылады. Сөздердің құрамындағы немесе 
сөздердің аралығындағы дыбыстар біріне-бірі ықпал етіп, бірімен-бірі өзара 
үндесіп айтылады. Сөз құрамында дауысты дыбыстардың бір-бірімен өзара 
үндесіп айтылатыны сияқты, дауыссыз дыбыстар да бір-біріне әсер етіп өзара 
үндесіп айтылады. Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне 
артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтежесінде іске асады. 
Түркі тілдерінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы 
бар буыннан кейін, соған сәйкес жуан дауыстының келуі (тау-лар, тоғай-лар), 
жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін соған орай жіңішке дауыстының 
келуі (көл-дер, өзен-дер) түрінде болады. Ал түбір сөздің соңындағы қатаң 


17 
дауыссыздан кейін қосымшаның да қатаң дауыссыздан басталуы (қонақ-
қа,қонақ-тар) немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан 
басталуы (қаз-ға, қаз-дар) дауыссыздың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесуі 
болып саналады. 
Дауыстылардың бір-бірімен өзара үндесуі сингорманизм деп аталады да, 
дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады.
Сингорманизм. Дауыстылардың бір-бірімен үндесуі сингорманмзм деп 
аталады. Түркі тілдерінде байырғы сөздерде сингорманизм екі түрде 
ұшырасады. Дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағынан және ерінің қатысы 
жағынан бір-бірімен өзара үндесіп айтылады. 
1 Лингвальдық сингорманизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде 
дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар 
болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы 
буындағы дауыстының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың 
бұлайша үндесуі лингвальдық сингорманизм деп аталады. 
2 Ерін үндестігі немесе лобиальдық сингоранизм. Бастапқы буында ерін 
дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындарда да ерін дауыстылардың келуі 
де дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтежесінде болады. 
Дауысты дыбыстылардың үндеуінің бұл түрі ерін үндестігі немесе лабиальдық 
сингорманизм деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет