21
Айыпкер, ақсүйек, ақылгөй, бәлеқор, беташар, діндар, білімпаз, данагөй,
жалғызілік, жарыссөз, жиһанкез, саудагер, ілтипат, тарих, әжуа.
2. Рк, нк, кс, кт дауыссыздарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар қалай
жалғанады?
3. Сөздің соңғы буынының жуан не жіңішкелігінің ықпалы тимей, өзінің
қалпын сақтап жалғанатын қосымшаларға ауызша мысал келтіріңіздер: - мен/-
бен, -пен/, - паз, - қор, - кер, - кеш, - гөй, - хана, - нікі, / -дікі, -тікі.
4-жаттығу. 1.
Мына сөйлемдерді көшіріп, ондағы сөздердегі буын
үндестігін тауып көрсетіп, оларды дәлелдеңіздер.
Соған өзім де өкінемін. Бірақ амал не, уақыт өз дегенін істетеді. Ағамн ан
асып шыға алмадық, енді бәрібір кеш дегені еді. Наурызбай да солай ұғады. Ол
Досболды
өз ауылына бастап алып барып, жібермей қонақ еетіп, құрмет
көрсетеді. Одан әрі ағайын аралауға қосшы болып, қасына ереді. Олардың осы
сапарда алғашқы ат басын тіреген жері атақты Балқожа Досекеңді құшақ жая
қарсы алады. Көрісіп, сағынған
көңіл мауқы басылған соң, би ат шаптырып,
көлденең қыпшақтың даулы биі Мұғалды алдырады. Бұл Мұғал бидің сексенге
келген кезі екен. Үш даңғыл жүйрік бас қосып, шер тарқата кеңес құрады.
Көкірегі ояу, көңілі жүйрік Мұғал қарт Досболдың туыстығын, ой
ұшқырлығына, көпті білер зеректігіне риза болып батасын береді. Келелі сөздің
бірі ретінде ол:
«Келісің
жақсы бала екенсің, кетісің қандай болар», - деп қалады. Бұл
ақылды қарттың бауырымдар алыстан іздеп келген туғанның мерейінің өсіп
қайтуының ауылдастарына, оның ішінде Балқожа ескерткен құлаққағысы еді
(Досбол би).
2. Құрамында буын үндестігіне қайшы сөздері бар 6-8 мақал-мәтел немесе
шешендік сөз теріп жазыңыздар.
3. «Ағайын» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: