Жадынамалар жинағы
|
Бала тәрбиелеуде ата-аналарға көмек ретінде құрастырылған .
|
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ ИСКАКОВА ДАРИХА СЕИТОВНА
|
1 Жадынама
Есте сақтаңыз!
- Баланың жан дүниесі күндіз –түні жұмыс істеп тұрады.
Біз оған не нәрсені ұқтыра білсек, ол барлығын жүрегімен қабылдайды.
- Сіздің қойған талабыңызды барлық сезіммен, үмітімен орындауға тырысады.
- Балаңызды мүмкіндігінше тыңдай біліңіз.
- Одан қарым-қатынасты үзбеңіз.
- Өз балаңызға үлгі болатындай істермен айналысыңыз.
- Қандай жаста болмасын, өз балаңызды аймалаңыз, өзіңізге жақын ұстаңыз, сүйіңіз, аялаңыз.
- Балаңызға жаңа өмір, мейірім құшағын, жылылық, қуаныш сыйлай біліңіз.
1
- Мектепке кетіп бара жатқанда балаңызбен қоштасып, оны аймалаңыз.Сонда мектептен келгенде сізбен өз қуаныштары туралы бөліседі.
- Демалыс күндері өз балаларыңызбен келесі аптаның жоспарын құрыңыз.
- Шырақ жанында бала өз ата-анасымен отырса, оның өзі бір әсер қалдырады.
- Ұйықтар алдында балаңызға ертегілер айтып беріңіз.
- Өз туған күнінде күтпеген жағдайлар жасалса, бала үшін ол да бақыт болып саналады.
- Мерекеде өз мамаңмен бірге әдемі торт пісір.
- Анаңмен және әкеңмен бірге олардың қолын ұстап жегің келген тағамдарыңды сұра.
Міне, осы сөздерді естігенде бала бойында мынадай пікір қалыптасады:
Мен бақыттымын, мен бәріненде жақсымын!
2