Қазақ тілі және әлем тілдері институты



бет4/8
Дата25.10.2022
өлшемі391,86 Kb.
#45311
1   2   3   4   5   6   7   8

Зарина сұлу


Зарина (Сара) -сақ елінің басқарушысының қызы. Әскери басшы Мөрмөрдың әйелі болған. Роксанаки қаласының ең беделді қаншайымдары болған. Бұл қала-шық Сырдарияның жағасында орналасып, Сығанаққа қаласына жақын болған. За-ринаның өз әскері, жасағы болған. Жасақ негізінен «арулар жасағы» құрылған. Сақ заңы бойнша әрбір 13 жасқа толған қызды әскери тәлімгерлікке үйреткен, қыз ба-лаға садақ атуды, найза лақтыруды, қылыштасуға машықтандырған.
Сақ заңы бойынша егер қыз жауынгер өзін соғыста көрсете алмаса, онда ол қыз ешқашан тұрмысқа шыға алмайды деген қатаң тәртіп бар.
Көшпелі халықтың басынан неше түрлі жаугершілік соғыс өткен, сондықтан басты мақсат әрбір әйел адам, жаугершілік кезінде өзін-өзі қорғай білу керек, сондықтан ол әскери жан-жақты дайын болу керек деген саясатпен бәрін де үйреткен.
Соғыс кезінде әйелдер өз отбасын, жауынгер ер адамдарды аң аулап, азықпен қамтамасыз етіп отырған.

Шырақ батыр


Шырақтың ерлігі - парсы - сақ соғыстары кезіндегі батыл сақ малшысының парсы әскерін айлалығымен жеңуі.
Б.д.д 520 жылы парсы патшасы Дарий I жеті жүз мың әскер жинап, Скифияға жорыққа аттанады. Ол жүз жыл бұрын Мидияға басып кіргендері үшін скифтерден кек алмаққа бекінеді. Шын мәнінде, парсы патшасы Азияны ғана емес, Еуропаны да бағындыруды ойлады: ол скифтерді талқандап, Грекия бидай алатын Қара теңіз жазираларын қолға түсірмекші болды. Дарийдің бұл жерлерді басып алуды көксеген себебі - Грекияны скифтердің қолдауынан айыру еді. Бірақ бұл жорықта оның жолы болмады. Дарийдің сәтсіз жорығы мен соған қатысты Шырақтың ерлігі жайында бізге Геродот, Страбон мен Полиэн баян етеді. Геттердің шөл даласы - тұтастай сусыз жазық медиен. Осында Гистасптың ұлы Дарий Истрден өткен соң өзінің бүкіл әскерімен шөлден қырылу қаупіне ұшырап, арандап қалады. Алайда, патша кеш те болса қатерді аңғарып, кері бұрылады. Олар өз жасақтарының бірін скифтерше киіндіріп, Скунха (Скун хасақ) патша басқарған скиф әскеріне жақындап келеді де, мұндай зымияндықты күтпеген далалықтардың абыржуын пайдаланып, оларды тас-талқан етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет