Қазақ тілі және әлем тілдері институты



бет1/8
Дата25.10.2022
өлшемі391,86 Kb.
#45311
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақ ұлттық қыздар пеғдагогикалық университеті

Қазақ тілі және әлем тілдері институты

6В01701-Қазақ тілі және әдебиеті

202-топ

Сержан Аяжан Сержанқызы

Тақырыбы: Біздің заманымызға дейінгі жазу сызулар мен аңыз жырлар

Тексерген: Панзабек Б

Жоспары:


Есік жазуы
Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы
Тарғытай
Алып Ер Тұңға
Тұмар патшайым
Шырақ батыр
Зарина сұлу
Мөде батыр
Оғыз қаған жыры
Орхон ескерткіштері
Күлтегін жазуы
Таңбалы тас
Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар. ( Сақ,ғұн, үйсін дәуірі б.з.б VII ғ. – б.з. IV ғ.) Бұл дәуірлерден бізге келіп жеткен Есік жазуы , Тарғытай, Алып Ер Тұңға (Тоңа), Тұмар патшайым,Ширақ батыр , Зарина сұлу, Мөде батыр т.б. жайындағы аңыз- жырлар бар. Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Сактар көне туркі тілінде сөйлеген.
Ұлан - байтақ қазақ жері — ең кемінде 3 - 5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ата тегі — біздің жыл санауымызға дейін - ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғұн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай "түрік", "түркілер" атанған.
Сақтар біздің заманымыздан бұрын Монғолия мен Дунай арасын мекендеген. "Сақ" сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып - сақ (қыпшақ), т. б. Көшпелі сақтар жайын - дағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.

Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: "Аға, саған бүл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық - түлік мол болғай!" — деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VII — V ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманымыздағы VIII ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.
Сақ, ғұн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып - Ер Тұңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз - жырлар бар.
Біздің заманымызға дейінгі көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіш - терін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құрған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс - тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында білгеніміз жөн.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең - байтақ даласында сақ, ғұн, үйсін - дер өмір сүрген. Олар алғашқы қауымдық құрылыс тұсында аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан. Бұны сақтардың бұғы, арқар, арыстан, самұрық суреттерін салып және олардың бейнесін алтыннан құйып жасағандығынан байқаймыз. Заманымыздың Ү ғасырына дейін оларды түрік , түркілер деп атаған. Олар көне түркі тілінде сөйлеген.
Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, ұлан - ғайыр өлкедегі негізгі тілге айналды. Олардың таңбалары ру символдарына ұқсас болып келді. Кене түркі жазуы бертін келе тіл тарихында Рунә жазуы деп аталып кетті. Рунь деген сөз құпия , яғни сыры ашылмаған деген ұғымды білдіреді.
Міне, осы руна жазуындағы ескерткіштер тілі ҮІ - X ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ т. б. түркі тайпалардың бәріне бірдей ортақ жазбаша әдеби тілі болды.
Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен Алып - Ер Тұңға, Тұмар патшайым; Ширақ батыр, Мөде батыр жайында аңыз - әңгімелер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет